Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аллергоздар-zh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.4 Кб
Скачать

Дәрістің тақырыбы:Есекжем.Квинке ісігі.Анафилактикалық шок. Дәрістің жоспары:

1.Аурудың анықтамасы,этиологиясы,жіктемесі.

2.Клиникалық белгілері.

3.Диагностикасы.

4.Емі.

5.Алдын-алу шаралары.

Жедел аллергоздар

Аллергиялық аурулар тобына кіретін сырқаттардың негізнде аллергия npoцeci жатыр. Аллергия немее аллергиялық реакция дегеніміз - қайта еккен дәрінің немесе жат белоктың әсернен организм сезімінің кенеттен күшейіп кетуі немесе аллергия — бұл кейбір организмің қайта енгізшген аллергенге беретін жауабы. Соңғы жылдарда аллергиялық аурулардың көбейгендігі байқалып отыр. Орта есеппен алғанда аллергиялық аурулар халықтың 10%-де кездеседе.

Аллергиялық аурулардың пайда болуына әсер ететін факторлар: сыртқы ортаның ластануы, химиялық өнімдердің көбеюі, әр түрле дәрілерді қолданудың өcyi, профилактикалық егулерді жүргізу.

АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ:

Аллергиялық реакциялар екі топқа бөлнеді:

1.Тез дамитын аллергиялық реакциялар.

2.Баяу дамитын аллергиялық реакциялар.

Тез дамитын аллергиялық реакциялар 15-20 минут ішінде, ал баяу дамитын аллергиялық реакциялар 1-2 тәуліктен соі байқалады.

АЛЛЕРГЕНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Аллергендер екіге бөлінеді а) экзогенді; б) эндогенді

Экзогенді аллергендер - организмге сырттан енеді және бұлар өз алдына екі топқа бөлінеді а) инфекциялық; б) инфекцияға байланысты емес болып.

Инфекциялық аллергендер: бактериалды жәнесаңырауқұлақты.

Инфекцияға байланысты емес аллергендер: тұрмыстық, тамақтық, өндірістік, шаң-тозаңдық, эпидермальды болады.

Эндогенді аллергендер — бұлар организмнің өзінде пайда болады, сол себептен аутоаллергендер деп аталады.

Аллергиялық аурудың ceбeпшici – аллергенді аныктау, аллергологиялык кабинетте жургізіледі.

Аллергологиялык, кабинетте арнайы институттың көмегімен шыгарылатын аллергендер наборы болады. Булаллергендер белгілі тәртіппен иык тұсындагы Tepiгe енгізіліп, белгілібip уакыттан соң әpбip аллергенге қарсы болатын тepi реакциясы анықталады. Науқасты тексеруге ауруының ремиссия кезеңінде жібереді, ceбeбi аурудьң рецидив кезеңінде организмнің аллергенмен қайта жанасуы, науқас жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Аллергиялық ауруы бар науқастарды аллергологиялық кабинетте тексеру:

Аллергологиялық кабинетте тексеруден өтетін науқастар: поллинозы, асқынбаған бронх демікпесі, тамаққа, дәріге аллергиясы, аллергиялық риниті бар және есекжем, Квинке iciгiмeн ауыратын наукастар.

Аллергологиялык кабинетте жургізілетін арнайы диагностика тәсілдері: терілік аллергологиялык тесттер (байқаулар). Tepi байқауларының бірнеше түрлері болады, олар: сапалы, санды, тікелей, пассивті.

Осы аталған Tepi байқауларыныңбірнешетәсілі бар: а) апликационды; б) инъекция түрінде (скарификационды); в) Tepi ішінежіберу.

Сапалы байқаулар комегімен — организмнің аллергенге бар жоқтығы анықталады.

Санды байқаулар комегімен — организм сезімталдығының дәрежесі анықталады. Адам oргaнизмінің химиялық заттарға., дәpiлepгe сезімталдығы күшейгенде апликационды байқаулар жүргізіледі

Скарификационды тepi байқауы — поллинозда, бронх демікпесінде, аллергиялық ринитте, Квинке ісігінде жүpгiзiлeдi.

Бактериалды, саңырауқұлақты аллергенді анықтау үшін — тepi ішіне жіберу тесті анықталады. Тест дене терісінің зақымданбаған жеріне, яғни білектің ішкі жағына, арқаға, қарынға қойылады. Teріні 70%-тi спиртпен тазалап, үстіне көлемі 1 см 2 марлыньң бөлігін қойып, оны қозғалмайтындай етіп, лейкопластырмен бекітеді Марлы тексеретін ерітіндіге малынған болады. Осымен қатар салыстырып бақылау үшін, екінші қолға марлыны изотоникалык, ерітіндіге малып қояды.

Осы апликационды тepi байқауыньщ нәтижесін 20 минут немесе 5-6 сағат, 1-2 тәуліктен соң бақылайды. Науқаста, егер қышыну немесе күйгендей сезім болса, онда марлыны алып тастап, орнын спиртпен сүртіп тастау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]