Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. діст. нсау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393.94 Кб
Скачать
  1. Абусеитова м.Х. И др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

  2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Іі том. А., 1998.

22-тақырып. XVII ғасырдағы Қазақ хандығы.

Жоспар: 1. XVII ғ. басындағы саяси жағдайы. Есім хан.

2. XVII ғ. 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы.

3. Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы.  XVII ғ. басындағы саяси жағдайы. Есім хан. XVII ғ. басы – Қазақ мемлекеттігінің, көрші елдермен әскери-саяси, сауда және мәдени қатынастардың нығаю кезеңі. Қазақтардың билігі Ташкент, Түркістан, Сауран, Әндіжан қалаларына дейін таралды, осы аймақтар үшін қазақ билеушілері мен аштарханилік хандар арасында соғыстар жүргізілді. Тәуекел ханнан кейін билік басына келген Есім хан (1598-1628) Түркістанды Қазақ хандығының орталығына айналдырды. 1611-1613 жылдары аштарханилік Имамкули хан қазақтарға қарсы жорықтар ұйымдастырып, Ташкентті қайтарып алуға күш салды. Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл-Асрар» атты еңбегінде Ташкентте отырған қазақ ханы Тұрсын Мұхаммедтің (1613-1627) бұхарлықтардың жорықтарына тойтарыс бергені туралы баяндалады. Қазақ сұлтандарының өзара қырқыстары асқына түсіп, билеушілер Есім мен Тұрсын Мұхаммед арасында араздық соғысқа ұласты. Деректерге қарағанда қазақ хандарының Ташкент төңірегінде болған шайқасының нәтижесінде Тұрсын Мұхаммед қаза тапқан. Ш. Уәлиханов Есім ханның Тұрсын Мұхаммед ханды қолдаған қатаған және шанышқылы руларын жеңіп шығуына қырғыздардың көмектескені туралы мәліметтер келтіреді.  XVII ғ. 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы. XVII ғ. 2-ші ширегінде Қазақ хандығының саяси жағдайы әлсірей бастады. 1635-жылы Батыр қонтайшының басшылығымен бір орталыққа бағынған Жоңғар хандығы Оңтүстік Сібір мен Шығыс Түркістанды толық бағындырып, Қазақ хандығының ең басты жауына айналды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақтағы қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәңгір хан Бұхар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. 1643-жылы Орбұлақ шайқасында Жәңгір хан Самарқанд әмірі алшын Жалаңтөс батырдың көмегімен жоңғарларға күйрете соққы берді.  Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы. Қазақ хандығының билігі 1680-жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Тәуке хан орталық билікті күшейтуге және үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шараларды жүргізді. Жеті жарғы деген атпен белгілі әдеттегі құқық нормаларының жинағы құрастырып, мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Жеті жарғының негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алудың орнына құн төлеу жазасы белгіленді. Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының Орта Азия елдерімен, Ресей мемлекетімен саяси-экономикалық байланыстарын нығайту бағыты жалғастырылды. 1686-1693 жылдары Ресейге жіберілген елшіліктердің нәтижесінде екі ел арасындағы сауда байланыстары жолға қойылды.

ОБСӨЖ тапсырмалары.  1-тапсырма. Мына тарихи қайраткерлердің кім екенін анықтаңыз және олардың қызметіне баға беріңіз.

Есім хан, Тәуке хан, Тұрсын Мұхаммед хан, Имамкули хан, Төле би, Жәңгір хан, Қазыбек би, Батыр қонтайшы, Әйтеке би, Жалаңтөс батыр.

2-тапсырма. Мына даталарға байланысты тарихи оқиғаларды анықтаңыз.

1598-1628 жж. – 1628-1652 жж. –

1611, 1613 жж. – 1643 жыл –

1621 жыл – 1680-1715 жж. –

1635 жыл –  3-тапсырма. Кестемен жұмыс. 

Қазақ хандығының XVІI ғасырдағы сыртқы саяси жағдайы 

р/с 

Бұхар хандығымен қарым-қатынастар 

Жоңғар хандығымен қарым-қатынастар 

Ресей патшалығы-мен қарым-қатынастар 

1.

Есім ханның билігі тұсында 

2.

Жәңгір ханның билігі тұсында 

3.

Тәуке ханның билігі тұсында 

4-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. XVII ғ. басында Қазақ хандығында қандай келеңсіз көріністер орын алды?

2. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы соғыстардың тууына қандай себептер болды ?

3. Тұрсын ханның ел ішінде бүлік шығаруының себебі неде ? Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды ?

4. «Есім ханның ескі жолы» дегеніміз не ?

5. Жоңғар мемлекеті билеушілерінің Қазақ жеріне шапқыншылық жасаудағы көздеген мақсаты қандай болды ?

6. XVII ғ. 2-ші жартысында Қазақ хандығының әлсіреу себебі неде ?

7. Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістерді енгізді ?

8. «Жеті жарғы» дегеніміз не ? «Жеті жарғы» бойынша қазақ ханының қандай құқықтары мен міндеттері болды ?  5-тапсырма. Картамен жұмыс.

1. Атлас картаны пайдаланып, XVIІ ғасырдағы Қазақ хандығының жер аумағын және онымен көршілес елдерді көрсетіңіз.

Әдебиеттер: