- •«Астана медицина университеті» ақ
- •Әрекет алгоритмі
- •Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына
- •«Астана медицина университеті» ақ
- •Әрекет алгоритмі
- •Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу
- •«Астана медицина университеті» ақ
- •Әрекет алгоритмі
- •«Астана медицина университеті» ақ
- •Әрекет алгоритмі
- •«Астана медицина университеті» ақ
- •Әрекет алгоритмі
«Астана медицина университеті» ақ
№1 акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_4_ОҚКЕ станциясы Қынаптың тазалық дәрежесіне қынаптан жағынды алу
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі
|
1 |
Залалсыздандырылған қолғап кию. Екі жақты ашылмалы айнаны қынапқа енгізу. |
Екі қолыңызға да жаңа бір қолданыстық қолғап киіңіз. Екі жақты ашылмалы айнаны оң қолыңызға алып, сол қолмен (1-2 саусағымен) үлкен жыныс ернеулерін ашып, кіші жамбастың тік өлшеміне сәйкес қынаптың артқы қабырғасынан артқы күмбезге дейін енгізіп, көлденең өлшемге бұрыңыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз. |
2 |
Фолькман қасығымен артқы күмбезінен жағындыны алу және заттық шыныға жағу. |
жинау үшін Фолькман қасығымен немесе пинцет браншасымен қынаптың артқы күмбезін ақырын баса отырып зерттеу материалын алып, шыны затқа жұқа қабықша секілді жағыңыз. |
3 |
Фолькман қасығын қолданылған инструменттер лотогына қойыңыз. |
Фолькман қасығын қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз.
|
4 |
Қынаптан екі жақты ашылмалы айнаны шығарамыз. |
Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,. |
5 |
Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу. |
Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз.
|
6 |
Қолғапты шешіп және арнайы контейнерге салыңыз. |
Бір қолданыстық қолғапты шешіп, пайдаланылған заттарға арналған сыйымдылыққа салыңыз. |
7 |
Лабораторияға жіберу үшін бағыттау бланкті толтыру. |
Зертханаға жіберу үшін жолдама қағазын толтырыңыз. Науқастың аты – жөнін, жасын, жағынды алынған күнді, дәрігердің фамилиясын және шынының белгісін көрсетіңіз.
|
Станции ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» ақ
№1 акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_5_ОҚКЕ станциясы Босанудан кейінгі контрацепция әдісі жөнінде кеңес берудің коммуникативті
дағдылары
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі
|
1 |
Науқаспен сәлемдесу
|
Науқаспен сыпайы жылы жүзбен сәлемдесу. Отыруды ұсыну. Науқасқа өзіңді таныстыру. Аты-жөнін, жасын, жүктілік санын және тірі балалар санын сұраңыз. |
2 |
Науқастан оның репродуктивті мақсатын анықтау. |
Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған. |
3 |
Лактациялық аменорея әдісі туралы мәлімдеу. |
Лактациялық аменорея әдісі туралы мәлімдеу: босанудан кейін бірден және 6 ай қолдануға болады, әдіс жыныстық қатынаспен байланысты емес, жанама әсерлері жоқ, бақылауда болу қажет емес, тегін, қолданылуы оңай. Әдістің тиімділігі 98%, әсер ету механизмі овуляцияны төмендету – нәрестенің ана сүтімен емуі жыныс жасушаларының жетілуіне қажетті гормондардың түзілуін тежейді. |
4 |
Бұл әдісті дұрыс пайдалануды науқасты үйрету. |
Бұл әдісті дұрыс пайдалануды науқасты үйрету: баланы емізу күніне 6-10 рет болу керек және түнде 1 реттен кем болмауы керек. Емізу аралығы 6 сағаттан артық болмауы керек. Балаға ана сүтінен басқа тағам берілмеуі керек. |
5 |
Әдістің кемшілігін мәлімдеу. |
Әдістің кемшілігін мәлімдеу. Бұл әдіс босанудан кейін алғашқы 6 айда ғана тиімді. ЖЖБА, ЖИТС(СПИД) қорғамайды. Балаға жасанды сүт беру немесе емізу аралығын ұлғайту әдістің тиімділігін төмендетеді. Етеккірдің келуі болса гинекологтың кеңесін алу керек, ол лактациялық аменорея әдісін жалғастыру мүмкіндігін көрсетеді. |
6 |
Науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау. |
Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау. |
7 |
Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру. |
Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру. |
8 |
Мейірімді (сыпайы) қоштасу. |
Мейірімді (сыпайы) қоштасып және кез келген уақытта Сізге келе алатынын айту. |
9 |
Кеңес беру дағдысын бағалау: а) студент кеңес беру барысында өзіне сенімді болды |
Кеңес беру дағдысын жеке бағалау: а) студент кеңес беру барысында өзіне сенімді болды. Науқасқа ақпаратты өзі берді.
|
|
б) студент сұрақтарын нақты тұжырымдады
|
б) студент сұрақтарын нақты тұжырымдау. Нақты емес сұрақтарға: 1) көп сұрақ қою; 2) спецификалық жауапқа алып келетін жетекші (наводящие) сұрақтар; 3) уақыты жағынан түсініксіз сұрақтар (қазір немесе 3 ай бұрын); 4) тұлға жағынан түсініксіз (мен немесе менің отбасым жайлы); 5) науқасқа түсінікті тілмен жеткізілуі қажет сұрақтар
|
|
в) студент әрқашан науқас түсінетін термин мен сөйлем қолдану керек.
|
в) студент арнайы (профессиональный) лексиканы науқасқа түсіндірмей қолданбау керек
|
|
г) студент кеңес беру барысында жағымды атмосфера құра алды
|
г студент кеңес беру барысында жағымды атмосфера жасай алу. Ауызша және ауызша емес сигналдарға студенттің мұқият болуы. Мүмкіндігінше науқасты мақтау. Шектелген уақытқа қарамастан, қамқорлық қарым-қатынасын құруға ынтасы барын көрсете алу.
|
Станция ұзақтығы – 5 - минут.
