Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 ОМ каз ОСКЭ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.97 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» ақ

1 акушерлік және гинекология кафедрасы

Әрекет алгоритмі

_1_ОҚКЕ станциясы

Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына

аускультация жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілері

Әрекет алгоритмі

1

Іш айналымын өлшеу.

Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз.

2

Жатыр түбі деңгейін өлшеу.

Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз.

3

Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.

Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз:

егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң (ІІ позиция) немесе сол (І позиция) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң (II позиция) немесе сол (I позиция) жағынан тыңдаймыз.

4

Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы

Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігі = минутына 110-160 соққы.

Станция ұзақтығы5 минут.

«Астана медицина университеті» ақ

1 акушерлік және гинекология кафедрасы

Әрекет алгоритмі

_2_ОҚКЕ станциясы

Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілері

Әрекет алгоритмі

1

1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу.

1-ші тәсілді жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрықтың бөлігін анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз.

2

2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу.

2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз.

3

3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу.

3-ші тәсіл ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізіңіз. Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз.

4

4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу.

4-ші тәсіл ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргіңіз. Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтары кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз.

Станция ұзақтығы5 минут.