Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. .т. саб. ж. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.39 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Оқушыларға осы кезеңге сипаттама беру ұсынылады. Яғни олардың салыстыру дағдыларын нығайту мақсатымен.

V. Бағалау:

1) Нұрғали Г. – ________;

2) Тюлеубай Ә. - _______.

VI. Үйге тапсырма: параграф 23, оқу, мәтін астында,ы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 9 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Республиканың 1954-1965 ж.ж. қоғамдық-саяси өмірі.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанның соғыстан кейінгі кезеңде қоғамдық-саяси өмірі туралы білім қалыптастыру;

  • Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.

  • Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсенділік арттыру сабақ.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Е. Бекмахановтың айыпталуы не себпті болды ?

  2. Оған қатысты қандай жаза қолданды ? Қандай айыппен ?

  3. Сталиндік кезеңнің аяқталуы неден көрініс тапты ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жалпы жағдайды қорытындылау.

III. Жаңа сабақ.

Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954—1964 жыл­дары біршама басшылықтың үжымдық принциптері енгізіліп, әмірпііл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық үйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бүл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қай- раткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегін- дегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ре- сейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік үлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтүрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси эділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта қүрулар соңына дейін жеткізілмеді. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия үйымдарына “Партия үйымдарының бүқара арасын- дағы саяси жүмысын күшейту жэне жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демокра­тия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан түрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тэртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер үйымдары, мүғалімдер жас үрпақтың санасы мен мінез-қүлқын қатаң бақылаудаүстады. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқүрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950—1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді.