- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •Қазақстандағы халық саны
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақстанның соғыс кезінде қандай ұлы ақындары болды ?
Осы ақындарға сипаттама беріп, олардың Қазақстан мцдениетіне қосқан үлесін анықтау.
Оқушыларға Қазақстанның соғыстан кейінгі онжылдық кезеңінде мәдени өрлеу үрдісін қарастырып, Қазақстан мәдениетінің дамуына кішігерім сипаттама.
V. Бағалау:
1) Нұрғали Г. – ________;
2) Тюлеубай Ә. - _______.
VI. Үйге тапсырма: қосымша әдебиетті қарау, қайталау.
Сынып: 9 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991 ж.ж.).
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанның тоқырау мен қайта құру кезеңдеріндегі болып өткен ғылыми жаңалықтардың нәтижесінде экологиялық мәселелерді, және соған қоса әсітесе қайта құру жылдарында Қазақстанның аумағына қоныс аударған тың игерушілердің легінің кері жағының әсері туралы білім қалыптастыру;
Оқушыларды тақырыпқа байлаысты әр түрлі білім-білік қиыншылықтарын бірлесіп шешу керектігіне үйрету, олардың ұжым болып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушыларға Қазақстандағы пайда болған жағдайларға байланысты өз елін, жерін сүйетін азамат болып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсенділік арттыру сабақ.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Осы жылдары қалыптасқан мәдени жағдайдың он жақтарын атап өтіндер ?
Қазақстанның майдан кезіңдегі мәдениет қызметкерлеріне баға беріндер ?
Қазақ киносының дамуы баысында, қандай қазақ фильмдер түсірілген болатын ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Ядролық сынақтардың өткізілуі.
Арал мен Каспий теңіздердің мәселелерінің пайда бола басталуы.
Қазақстан қоғамының экологиялық ахуалға қатысты наразлықтың күшеюі. Экологиялық қозғалыстардың басталуы.
III. Жаңа сабақ.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдаршығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таң ата басталасымен жарылыс бұрқ ете түсті. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Арал теңізінің проблемасы.
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын ОлжасСүлейменовтыңбасшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды.
Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізугемораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.
