- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •Қазақстандағы халық саны
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударылған ұлттар.
Сабақтың мақсаты:
Компартия билеген тұста Қазақстанға күштеп қоныс аударылған ұлттадың қудалануы туралы баяндау.
Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: өзіндік іздену.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасы.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Екінші дүниежүзілік соғыстың Кеңіс Одағы мен фашисттік Германиямен соғыс кезеңі ?
Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлерін атандар ?
Ұлы Отан соғысының қазақ халқының каһармандарын атандар ?
Фашисттік Германияның Қазақстанға шығаратын жол ретінде қаланы атандар ?
Қазақстан аумағына Украина, Ресей өнеркәсіп орындарын аудару себебін түсіндіріндер ?
Рейхстаг басына Кеңес одағының туын орнатқан қазақтардың есімдерін атаныз ?
Оқушылардың туған өлкесінен Отан соғысына қатысқан азаматтардың есімдерін атауға тапсырма беріледі.
Жаңа сабақтың жоспары:
Соғыс кезеңіндегі ұлттардың жағдайы.
И. Сталиннің депортация үрдісінің басталуы.
Депортацияның барысы.
III. Жаңа сабақ.
Соғыс кезеңіндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай өте күрделі еді.
Халықтың көбі майдан үшін күні бойы жұмыс істеді. Кеңес ұлтын құру идеясының жүзеге асырылу мақсатында үкімет халықтардың діни ерекшеліктерін жоюға тырысты. Соғыс кезеңіндегі ұлттардың жағдайы да ауыр еді. Әсірісе қазақ халқының жағдайы бұрынғысынша өзгеріссіз болатын. Ұлы Отан соғысы басталған уақытта Қазақ жеріне алғаш болып күштеп қоныс аударылған халықтардың бірі ол кәріс халқы. Олардан ештене сұрамай-ақ темір жол вагондарына орнықтып жолға аттандырды. Содан сон Қазақстанға болгарлар, гректер, чечен-ингуштар, кабардин-балкарлар, қарашай-шеркес, месхетин-түріктерді, әзербайжандарды, ирандықтарды, немістерді және басқа да «қара тізімдегі» халықтарды күштеп қоныстандырды. Олардың барлығын түнде болсын, күндіз болсын ешқандай сұрақтар қоймай вагондарға салып жолға аттандырды. Олардың арасында қарт адамдар көп болды. Кейбіреулері жол жүргенде қайтыс болды. Қонысаударушылардың саны мыңдаған адамдар болды. Қазақ халқы өзінің ауыржағдайына қарамай қонысаударушыларға көмегін аямады.
Тапсырма кезеңі
Қазақстандағы халық саны
Депортациядан кейін
Депортацияға дейін
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақстан аумағы депортацияланудың орталығы ретінде не себепті болды ?
Қазақстандағы депортацияланған халықтарды атандар ?
Депортацияның адамдардың өз еркімен қоныс аударудың айырмашылығы неде ?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: оқушыларға үйге қосымша ақпаратты іздеу беріледі.
Сынып: 9 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы Ұлы Отан соғысының ауыр күндеріндегі мәдениет жағдайы;
Оқушыларға логикалық, яғни ойлау қабілетін дамитын тапсырма бере отыра логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
Оқушыларға қазақ халқының мәдени жағынан жауынгерлерге демеу бере отыра оқушылардың патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерді дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсенділік арттыру сабақ.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударылған халықтарды атап шығу ?
Оқушылардың елді-мекендерден тұратын депортацияланған халықтарды атап шығу ?
Жаңа сабақ жоспары:
Ғылым мен мәдениет майданға.
III. Жаңа сабақ.
Соғыс басталғаннан соң КСРО Ғылым академиясының Орал, Батыс Сібір және Қазақстан байлықтарын қорғаныс мұқтаждықтарына жұмылдыру жөніндегі коммисиясы құрылды. Республтка астанасында 20-дан астам ғылыми-зерттеу институты, соңын ішінде, КСРО Ғылым академиясының философия, география, физиология институттары, УКСР Ғылым академиясының физика-механика инсттитуты, КСРО Сәулет академиясы орналасты. Көшіріліп әкелінген жоғары оқу орындарында ғалымдардың үлкен тобы еңбек етті. Соғыс кезінде Алма-Атада көптеген институттар мен басқа да оқу орындары жұмыс істей бастады. Әдебиет мен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақындар соғыс майданында шайқасты. М. Әуезовтың көптомдық «Абай» эпопеясының 1-ші кітабы, С. Мұқановтың өмірбаяндық «Өмір мектебі» повесі, Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ», Ә. Әбішевтің «Жас түлектер» повесінің бүкілодақтық оқырмандарға қазақ кеңестік прозасының идеялық және көркемдік жағынан кемеліне келгенінің көрсетті. Қазақ әдебиеті С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Б. Бауыржанұлы, М. Ғабдуллин сияқты жаңа есімдерімен толықты. Ж. Жабаевтің «Ленинградтық өренім!» өленінің маңызы бүкілодақтық дәрежеге көтерілді. Киноөнері де көшірілген «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары мен Алматы киностудиясы негізінде өркендеді.
