Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 1 !!!!.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

    1. Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін және ауырлататын қандай жағдайлар бар?

    2. Жауапкершіліктен босататын жағдайлар?

  2. Жаңа материалды бекіту:

  1. Қылмыс дегеніміз не?

  2. Қажетті қорғану дегеніміз не?

  3. Жаза қандай мақсаттармен тағайындалады?

  1. Үйге тапсырма:§ 49. Қылмыс және қылмыстық жауаптылық.

  2. Бағалау:

Сыныбы --------------------

Мерзімі --------------------

Сабақтың тақырыбы:§ 50. Мораль және құқық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мораль және құқық олардың әрекет аяларын түсіндіру.

Тәрбиелік: заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қазақстан Республикасының қылмысқа ққатысты заңдарының және қылмыс жасағандарды жазалаудың негізгі қағидалары.

  2. Жазаның қандай түрлері бар және қандай мақсатпен тағайындалады?

  3. Қажетті қорғаныс дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Білімдерін жан- жақты тексеру

1. ҚР өлім жазасы ерек пе пікір алмасу?

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

    1. Мораль

    2. Моральдың қоғамдағы функциясы

Мораль (лат. moralis- әдет-ғұрып) – адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдық сананың формасы.

Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Ол талаптар әрқашан мораль нормаларынан көрінеді.

Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді.

Қоғамдық өмірде және тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормалар арқылы реттеліп келеді. Моралдық нормалар адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынасын білдіруімен бірге олардың адамгершілік сезімін, арын, намысын, ұжданын айқындайды, адамның әрекетін ретке салады. Адамгершілік - әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.

Моралдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу.

Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі

реттеушілік

танымдық

тәрбиелік

Моральдың құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль –жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Құқық мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.

Құқық мемлекеттің шығуымен бірге қалыптасты, онда қоғам мүшелерінің өздерін ұстау ережелері қарастырылып, қоғамдық өмір тәртібі орнатылды, оны бұзғандарға жаза тағайындалды. Қоғам мүшелері мемлекетті нығайту үшін, құқықтық құжаттарда бекітілген міндеттері бар (салық төлеу, Отан қорғау, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және т.б.)

Құқықтың міндеті – тәртіпті бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету, ал мемлекеттің міндеті – осы құқықтар мен бостандықтарды қорғау.

Құқық моральдан кейін қлыптасқан. Құқық – нақты тұжырымдалады және оны қолданудың реттіліктері айқын көрсетіледі. Сонымен қоса, құқық және мораль нормалары өзара тығыз байланысты. Көптеген адамгершілік нормалары құқықтық актілерге негіз болған. Мысалы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге қатысты адамгершілік борышы, құқық бойынша конституциялық міндет болып көрсетіледі.