Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 1 !!!!.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

  1. Унитарлы мемлекет дегеніміз не?

  2. Дүниежүзіндегі унитарлы мемлекет қатарына қандай мемлекеттер кіреді?

  3. Федерация дегеніміз не?

  1. Жаңа материалды бекіту:

Конфедерация дегеніміз не?

  1. Үйге тапсырма:§ 25. Мемлекеттің құрылым түрлері: унитарлы мемлекет, федерация және конфедерация.

  2. Бағалау:

Сыныбы__________

Мерзімі __________

Сабақтың тақырыбы:§ 26. Қоғамдық бірлестіктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға қоғамдық бірлестіктер, олардың түрлері, саяси партиялар мен олардың жіктелуін баяндау.

Тәрбиелік: оқушыларды өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып,патриоттыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Унитарлы мемлекет дегеніміз не?

  2. Дүниежүзіндегі унитарлы мемлекет қатарына қандай мемлекеттер кіреді?

  1. Федерация дегеніміз не?

  1. Білімдерін жан жақты тексеру

  1. Конфедерация дегеніміз не?

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Қоғамдық бірлестіктер.

  2. Саяси партиялар.

  3. Саяси партиялардың жіктелуі.

Басқарудың демократиялық әдістерінде қоғам өміріне халық бұқарасы араласып отырады. Бұқара түрлі ұйымдарға, топтарға, ассоцияларға, партияларға бірігеді.

Қоғамдық бірлестіктер саяси сипатына қарай

Саяси партиялар

Қоғамдық ұйымдар

Партия дегеніміз- белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді ұйымдасқан бөлігі. Саяси партиялар алдына айқын мақсат қояды, өздерінің идеологиялық ұстанымдарын ұстана отырып, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, қоғамның саяси өміріне және ұйымдастырылуына әсер етеді.

Саяси партияның өзге қоғамдық бірлестіктен ұстанымды айырмашылықтары болады.

Олар мыналар:

  • Саяси партияның негізгі мақсаты- билік үшін күрес жүргізу;

  • Саяси партия жұмысының негізгі ұстанымдары оның жарғысында көрсетіледі;

  • Саяси партияға мүшелік индивидуалды және есепті болады;

  • Саяси партияның мақсаты мен міндеттері бағдарламалық құжаттарында түйінделеді;

  • С

    Партия

    аяси партияның өзінің рәміздері мен атрибуттары болады.

Авангардтық

Парламенттік

Авангардтық партияларға централизм, қатаң субординация, төменгі органдардың жоғары органдарға сөзсіз бағынуы тән. Мұндай партия белгілі бір тарихи жағдайларда тоталитарлық партияға айналады.

Парламенттік партиялардың мақсаты- саяси билікті жеңіп алу. Алайда олар мемлекеттік құрылғылардағы көпшілік орынды сайлауда жеңіп алуға тырысады. Бұл партиялар қоғам мен мемлекеттік саясатын ашық талқылайды, кеңестер береді, өз шешімдерін ұсынады, жүргізіліп жатқан шараларға қарсылықтарын ашық білдіреді.

Саяси партиялар дегеніміз – уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын, қоғамдағы саяси белсенді адамдардың динамикалық ұйымы болып табылады.

Саяси партиялардың атқаратын негізгі иіндеттері:

-қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың арасында делдалдық қызмет атқарады;

-сайлау науқанын идеялық және ұйымдық жағынан қамтамасыз етеді;

-депутаттық кандидаттар ұсынады.

Түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің ортақ мүдделеріне қарай бірігуінің формалары мен түрлері қоғамдық ұйымдар деп аталады. Оларға – одақ, ұйым, қоғам, қозғалыс, ассоциация, комитет гильдия, т.б. жатады. Көпшілік жағдайда олардың қызыметтерінің сипаты «халықтық», «азаматтық», «бұқаралық» деген анықтаушы сөздермен айқындалады. Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық бірлестіктердің бұл түрін үкіметтен тыс ұйымдар (ҮТҰ) деп те атайды.