Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 1 !!!!.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

  1. Орташа статистикалық қамтамасыздандыру дегеніміз не?

  2. Тұрпаты жағынан әлеуметтік мобильділік нешеге бөлінеді?

  1. Жаңа материалды бекіту:

  1. Орта тапты қоғам дегеніміз не?

  2. Біздің елімізде орта тапты қоғам құруды алдына мақсат етіп қойды?

  3. Әлеуметтік мобильділік ұғымын қалай түсінесіңдер?

  1. Үйге тапсырма:§ 17. Орта тапты қоғам.

  2. Бағалау:

Сыныбы ­­­­­­­­­­­­_______________

Мерзімі _______________

Сабақтың тақырыбы:§ 18. Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға автохтонды ұлт, диаспоралар, этнос өкілдерінің тарихына сипаттама беру.

Тәрбиелік: оқушыларға азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: ұлтаралық қатынастардың арасындағы қарым –қатынасты түсіндіре отырып, оқушылардың жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Құрамының күрделілігі мен табыс мөлшерінің әртүрлі болуына байланысты таптар нешеге бөлінеді?

Жоғары орта тап

Орта тап

Ортаңғы орта тап

Төменгі орта тап

2.Әлеуметтік мобильділіктің қандай қозғалу бағыттары болады?

Тік (вертикаль)

Әлеуметтік мобильділік

Көлденең (горизонталь)

  1. Білімдерін жан жақты тексеру

1.Біздің еліміз неге орта тапты қоғам құруды алдына мақсат етіп қойды?

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Автохтонды ұлт және диаспоралар.

  2. Ұлтаралық қатынастар.

  3. Этносаралық қатынастар.

  4. Қазақстандық отаншылдық.

Автохтонды ұлт- елдің жергілікті тұрғындары. Қазақстан үшін қазақтар-автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.

Диаспора- адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде белен алған тұжырымдар бойынша, Қазақстан аумағындағы автохтонды ұлт- қазақтардан өзге ұлт өкілдерін ұлттық диаспоралар деп қарастыру қабылданған.

Қазақстанның ұлт мәселелеріне байланысты басқа елдермен қатынас жасауы (мемлекетаралвқ) ұларалық қатынастар деп аталады.

Қазақ халықымен - Қытай қазақ диаспоралары

Ресей халқымен – Қазақ орыс диаспоралары

Экономикалық

Әлеуметтік

Ұлтаралық қатынастар

Саяси

Мәдени

Этнос – ежелгі грек тілінде халық деген ұғымды білдіреді.

Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкілдерінің ел ішіндегі өзара байланыстары жатады

Қазақстан Республикасы-өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан мемлекетінің көздеп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті- қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» деп жариялаған болатын.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?

2. Этносаралық қатынастар дегеніміз не?