- •Хүіі ғасырда Осман империясының жүргізген соғыстары
- •2. Қару –жарақ жасау әдісі
- •1. Техникалық білімі
- •Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы
- •Ақш президенттері тұсындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар
- •Хіх ғасырдағы Жапония экономикасы
- •Жапониядағы Мэйдзи реформалары
- •Үнді қоғамындағы негізгі әлеуметтік топтардың жағдайы
- •Сипайлар көтерілісі
- •Аса ірі капиталистік елдердің иелігіндегі отарл.Рдың көлемі және халқының саны
Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы
Германия |
Италия |
|
|
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§19.
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §20. Ресей /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық дамуына сипаттама беріп, феодалдық басыбайлық жүйенің қоғамдық прогреске тосқауылб болғанын және капиталистік қатынастардың дами бастағанын ашып көрсету.
Өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер келтіріп, өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі туралы түсінік беру. 1861 жылғы реформаның мазмұнын әңгімелеп, оның буржуазиялық сипатын ашу. Ресейдегі қалыптасқан революциялық ахуал меноның белгілеріне оқушылардың назарын аударып, 1905-1907 жылдардағы революция империялизм дәуіріндегі алғашқы халық революциясы болғандығын атап көрсету.
Белсенділігі жоғары, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:ХІХ-ХХ ғғ. Ресейдің әлеуметтік экономикалық және саяси карталары, «Ресейдегі 1861 жылғы реформа».
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
1861 жылғы реформаның сипаты және негізгі принциптері
Халық еріктілері қозғалысы
Марксизмнің таралуы
Патша үкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
1905-1907 жылдардағы революция
Маңызды оқиғалар:
1861 ж., 19 ақпан-басыбайлылық құқықты жою
ХІХ ғ., 60-ж.- Халықшылдар қозғалысы
1874 ж.- «Халыққа» деген үндеудің таралуы.
1875 ж.- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» құрылды
1878 ж. – «Жұмысшылардың солтүстік одағы» құрылды
1883 ж. – «Халықты азат ету» тобы құрылды.
1861 жылғы реформа
Реформаның буржуазиялық сипаттары |
Реформадан кейін де сақталып қалған басыбайлылық сарқыншақтар |
Басты қағидалар:
Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
1905-1907 жылдардағы революцияның мақсаты.
Революцияның ерекшеліктері
Революцияняң қозғаушы күші
Батыстағы ХІХ ғ. буржуазиялық революциядан айырмашылығы
Революцияны іске асырудың түрі-қарулы көтеріліс
Революцияняң жеңілу себептері
Революцияның маңызды жақтары
ІҮ. Сабақтың бекіту:
«Ия-жоқ»
70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?
Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар
«Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§20.
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 21. Америка Құрама Штаттары /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық дамуына сипаттама береотырып, Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлдеқайда артта қалса да, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптерде болған өзгерістерге тоқталу. Жер кеңейту мәселесі мен екі партиялы жүйенің қалыптасу мәнін ашып көрсету. АҚШ-тағы құлдықты жою жөніндегі жалпыұлттық қозғалыстар туралы әңгімелеу. Ел ішіндегі саяси жағдайлардың шиеленісуі Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы наразылықтардың Азамат соғысына әкеліп соқтырғанын деректермен нақтылау.
Күресуші жақтардың ерекшеліктерін, ХХ ғасырдың басында қол жеткізген маңызды табыстарын ашып көрсету.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:»1876-1914 жылдарға дейінгі дүние жүзінің аумақтық саяси бөлінуі», «1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы» жөніндегі мәлімет беретін карталар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ресей»
«Ия-жоқ»
70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?
Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар
«Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы АҚШ-тың әлеуметтік –экономикалық даму ерекшеліктері
АҚШ аумағының кеңеюі және қос партиялы жүйенің қалыптасуы.
Қара құлдар қозғалысы
АҚШ Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінуінің себептері және олардың ерекшеліктері.
Азамат соғысының басты мақсаты.
Елді индустрияландырудың ерекшеліктері
АҚШ-тың сыртқы саясаты, жаңа аумақтарды басып алуға талпынысы.
