Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сын. Д. т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 3 тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.88 Кб
Скачать

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Қайталау сұрақтары:

  1. ХІҮ-ХҮ ғасырларда феодалдық жер иеліктер қалай аталды?

  2. Шіркеу жер иеліктерінің күшею себебтері неде?

  3. Орыс жерінің саяси басқару жүйесі қандай болды?

  4. Мәскеу жерлерінің күшею себептері неде?

  5. Иван Калита орыс жерін біріктіруде қандай саясат ұстанды?

  6. Вожа өзені бойындағы шайқастың маңызы неде?

  7. Куликова даласындағы шайқас туралы айтып беріңдер.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Мұғалім тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояды да, оқушыларды сабақтың мақсаттарымен таныстырады.

Жаңа сабақты төмендегі жоспар бойынша баяндайды:

  1. Бір орталыққа бағынған Орыс мемлекетінің басқару жүйесі.

  2. ІҮ Иван Грозный және опричнина басқару саясаты.

ІҮ Иван Грозный патшаға жақын адамдар қатысатын кеңес – Боярлар думасының орнына Зем соборын құрды. Боярлар бидіктен ығысты-рылып, дворяндар билігі күшейтілді. Әскери реформа жүргізіліп, тұрақты армия құрылды. Шаруаның өз қожайынына кіріптарлығы арта түсті.

Бір орталыққа бағынған Орыс мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы:

  1. Ресейдегі бытыраңқылық аяқталды.

  2. Біртұтас Орыс мемлекеті көпұлтты мемлекет болып құрылды.

  3. Ресей патшалығында шаруашылықтың, сауданың дамуына жол ашылды.

  4. Орыс мемлекетінің халықаралық беделі өсті.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Орыс мемлекеті неге көпұлтты мемлекет деп аталды?

  2. ІҮ Иванның ішкі саясатының мәнін қалай түсінесің?

  3. Опричнина саясаты ІҮ Иванға неге қажет болды?

  4. ХҮІ ғасырда Ресейде шаруашылықтың күйзеліске ұшырауының себебі неде?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды. Берліген кестені толтырады.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 44 оқу. Келесі сұрақтарға жауап жазып келу:

  1. ІҮ Иван қандай шаралар жүргізді?

  2. Опричнина саясатының мәнін қалай түсінесіңдер?

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы. Сурет өнеріндегі

гуманизмі.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – ХІҮ ғ екінші жартысында ортағасырлық Батыс Еуропаның мәдени өмірінде жаңа – ертебуржуазиялық мәдениеттің тууына байланысты болған маңызды бетбұрысқа тоқталады. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдермен бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» атты ертебуржуазиялық мәдениеттің де алғаш осы елде қалыптаса бастағанын түсіндіреді.

Дамытушылық мақсаты – мәдениетке байланысты сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, балаға алдын-ала тапсырма беру арқылы шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты – қайта өрлеу мәдениетінің ірі өкілдеріне тоқтала отырып, олардың өнеріне, шеберлігіне оқушыларды тәнті ету. Оқушыларды өнерге қызықтыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.