Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сын. Д. т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 3 тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.88 Кб
Скачать

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Индуиз діні ккасталық бөліністі неге қолдады?

  2. Үнділер қандай нәрселерді киелі деп санаған?

  3. Будда діні нені уағыздады?

  4. Үндістанға ислам діні қай уақытта енгізілді?

  5. Тәж-Махал кесенесі қай қалада?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Осман империясының құрылуы.

  2. Түріктердің Балқан түбегін жаулап алуы.

  3. Осман империсының құрылымы.

  4. Түрік мәдениеті.

Оқушыларды жаңа сабаққа қызықтыру үшін, алдын ала екі-үш сұрақ беріп, олардың барлық ынтасын сабаққа аудару қажет.

ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік-Осман империясы құрыла бастады. оқушыларға картадан алғашқы түрік қонысын, Осман империясыныің жаулап алған жерлерін көрсету керек.

ХІҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап Осман империсының сұлтандары көрші елдерге жорық бастайды. Дарданелла жерін жаулап алған түріктер Балқан түбегіне шабуыл жасап, Болгар патшалығы мен Серб мемлекетін бағындырады.

Осман империясы құрылымы жағынан әскери –феодалдық мемлекет болғаны жарияланады. Осман империясындағы сот жүйесі жайлы мағлұмат бергеннен кейін, Осман империясының 4 әлеуметтік топтан тұратындығына тоқталған кезде тақтаны пайдалана отырып, әр топтың қоғамдағы орнын жеке –жеке түсіндірген дұрыс. Жер мемлекеттің меншігі болды. Феодалдарға уақытша берілген жер лен деп аталған. Жер иесі сипахилер болды.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Түрік мемлекетінің Осман империясы деп аталу себебі неде?

  2. Балқан түбегіндегі болгар және серб халықтарының ұлт-азаттық күресі туралы не білесің?

  3. Қандай түрік эпостық дастандарыгн біленсің?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды. Берліген кестені толтырады.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 30 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру. Кескін картамен жұмыс.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Орта ғасырлардағы Африка.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – Орта ғасырларда Африка сеслекеттеррінің жағдайы, шаруашылығы мен даму ерекшеліктері, мемлекеттік құрылысытары туралы оқушыларға білім беру.

Дамытушылық мақсаты – жалпы сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын дамыту, білімін толықтыру.

Тәрбиелік мақсаты – мүсін, сәулет, бейнелеу өнері туындыларындағы шеберлікке тоқталып, оқушылардың өнерге дегенқызығушылығын арттыру, көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Орта Азия ғылымы мен әдебиеті және сәулет өнері қалай дамыды?

  2. Қандай қалалар Орта Азия мәдениетінің орталығы болды?

  3. Орта ғасырлардағы әдеби шығармаларды атаңдар?

  4. Түрік халықтарының эпостары.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Египет.

  2. Аксум.

  3. Гана.

  4. Мали.

  5. Сонгай.

  6. Африка елдерінің мәдениеті.

Оқушыларды жаңа сабаққа қызықтыру үшін, алдын ала екі-үш сұрақ беріп, олардың барлық ынтасын сабаққа аудару қажет.

Кейін мұғалім сыныпты бес топқа бөледі. Әр топқа Африканың бір елін бөліп береді:

I-топ. Египет.

II-топ. Аксум.

III-топ. Гана.

IV-топ. Мали.

V-топ. сонгай

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Египетті арабтар қай жылдары басып алды?

  2. Мәмлүктер деген кімдер? Олар үкімет билігіне қай ие болды?

  3. Аксум мемлекетінің қоғамдық құрылысы қандай болды?

  4. Орта ғасырда Африка елдері мәдениетінің дамып жетілуіне қай ел игілікті ықпал тигізді?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды. Берліген кестені толтырады.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 30 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру. Кескін картамен жұмыс.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Францияның саяси-экономикалық жағдайы.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – орта ғасырлар тарихының жаңа кезеңі кейінгі орта ғасырларға өткендігіне, оның ерекшеліктеріне назар аударуға көңіл бөлген жөн. Кейінгі орта ғасырларға өндіргіш күштер дами бастады.

Дамытушылық мақсаты – жалпы сабақтың мазмұнын ашатын өткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы оқушының ойын дамыту, білімін толықтыру.

Тәрбиелік мақсаты – ХҮІ ғасырдың басындағы Франция қоғамдық дамуындағы жаңа кезеңінің ерекшеліктерін айқындап, ұлттық тілдің қалыптасуы иарқылы ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.