Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сын. Д. т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 3 тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.88 Кб
Скачать

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Орта ғасырлардағы білімнің дамуына мысал келтіріңдер.

  2. Шіркеуден басқа қандай мектептер болды?

  3. Орта ғасырларда ғылымның дамуына үлес қосқан қандай ғалымдармен таныстық?

  4. Роджер Бэкон кім?

  5. «Игорь жорығы туралы жырда» қандай оқиға баяндалады?

  6. Қала кедейлері кімдерден құралды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Мүсін өнері.

  2. Сәулет өнері.

  3. Бейнелеу өнері.

Оқушыларды жаңа сабаққа қызықтыру үшін, алдын ала екі-үш сұрақ беріп, олардың барлық ынтасын сабаққа аудару қажет.

  1. Балалар, өнер дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өнерді дамытуда адамның атқаратын рөлі қандай?

  3. Өнер шеберлері еңбегі мен қарапайым еңбектің арасында айырмашылық бар ма?

Сәулет өнері бойынша Роман храмы туралы үзіндіні оқуды ұсынады.

Екінші бір оқушыдан сол кезде соборлардың қандай қызмет атқарғаны туралы оқып, түсінгенін айтып беруді сұрайды.

Кестені толтырыңдар.

Архитектурадағы бағыт (стиль)

Жалпы сипаттамасы

Ерекшеліктері

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Оқулықтан Роман храмын сипаттайтын үзіндіні тауып оқыңдар.

  2. Орта ғасырлардағы суретшілер адамның ойын, сезімін қалай берген?

  3. Орта ғасырлардағы бейнелеу өнерінің зор жетістігі неде?

  4. Орта ғасырларда салынған суреттер қандай топтан шыққан адамдарды бейнелейді?

  5. Храмдар мен соборларды негізінен кімдер салды.

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 21 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру. Дәптерелеріңе бір храм туралы әңгіме жазып келіңдер.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Шіркеу және дін қызметкерлері.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – Христиан дінінің орта ғасырлық Еуропа қоғамындағы орны мен қызметі туралы оқушылардың ой-пікірін, көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – жалпы сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын дамыту, білімін толықтыру.

Тәрбиелік мақсаты – мүсін, сәулет, бейнелеу өнері туындыларындағы шеберлікке тоқталып, оқушылардың өнерге дегенқызығушылығын арттыру, көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Киев қаласы туралы әңгімелеп беріңдер.

  2. Владимир Мономах кімдерег қарсы соғысты?

  3. «Русская правда» заңында не туралы айтылады?

  4. Киев қаласында күні бүгінге дейін сақталып келген сәулет өнерінің ескерткішін атаңдар.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Христиан шіркеуінің бөлінуі.

  2. Христиан қоғамындағы папалардың рөлі.

  3. Епископтар мен архиепископтар.

Оқушыларды жаңа сабаққа қызықтыру үшін, алдын ала екі-үш сұрақ беріп, олардың барлық ынтасын сабаққа аудару қажет.

  1. Дінбасылар мен шіркеу қызметкерлері үш қауымдық топтың қасысынан шығып отырды?

  2. Олар қалай аталды?

  1. 867 жылы Рим папасы мен Константинополь патриархы арасындағы қатынас үзілді. Х ғасырдың басында екеуі қайта татуласты. Бірақ татулық көпке созылмады. 1054 жылы екі шіркеу біржолата бөлініп кетті.

  2. ІХ ғасырдың ортасынан папа билігі әлсірей бастады. ол әлсіреу екі ғасырға жуық уақытқа созылды. Әлсіреу себебі папаны қолдап отыратын Франк империясының ыдырауы еді.

  3. Бірнеше приходты епископтар, бірнеше епископтарды архиепископтар басқарды. Барлық архиепископтардың басшысы Рим папасы болды. Оның ерекше тігілген бас киімі «тиара» деп аталды.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Христиан шіркеуі қашан екіге бөлініп кетті?

  2. Қай папаның тұсында папаның рөлі күшейді?

  3. Күпірлер деген кімдер?

  4. Инквизиция деген не?

  5. Шіркеуге қарсы шыққан оқымыстылар кімдер?

Шығармашылық тапсырма. Христиан шіркеуінің бөлінуі.

Христиан дінінің екі тармағы

Бөліну себебі

айырмашылықтары

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды. Берліген кестені толтырады.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 23 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру. Дәптерелеріңе бір храм туралы әңгіме жазып келіңдер.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Орта ғасырлардағы Түркия.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – түріктердің Кіші Азияда қуатты мемлекет құруы туралы баяндап, осман империясының ішкі және сыртқы саясаты туралы түсінік беру.