Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сын. Д. т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 3 тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.88 Кб
Скачать

Тест.

  1. Рим империясының құлауының басты себебі не?

А) варварлық тайпалардың шабуылы

Ә) құлдар еңбегінің тиімсіздігі

Б) салық мөлшерінің өсуі

В) күпірлер қозғалысы

  1. Франк мемлекеті қашан құрылды?

А) 418ж Б) 476ж

Ә) 429ж В) 486ж

  1. Корль Хлодвиг қай жылы қайтыс болды?

А) 511ж Б) 751ж

Ә) 741ж В) 756ж

  1. Франктер империясы қай жылы ыдырады?

А) 511ж Б) 751ж

Ә) 843ж В) 756ж

  1. Рим империясы қашан құлады?

А) 337ж Б) 395ж

Ә) 324ж В) 330ж

  1. Византия империясы кімдермен кескілескен соғыс жүргізді?

А) дактармен

Ә) арабтармен

Б) еврейлермен

В) гректермен

  1. Қағба бұл қасиетті ...

А) мешіт

Ә) зәмзәм суы

Б) қала

В) мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орын

  1. Адал қызмет атқарған үшін берілетін үлес жер

А) үшір Б) феод

Ә) икта В) поместье

  1. Ислам дінінің негізін салушы

А) Әбу Бәкір

Ә) Мұхаммед Пайғамбар

Б) Омар

В) Әли

  1. Мұхаммед пайғамбар қай қаланың тұрғыны?

А) Медине Б) Бағдад

Ә) Мекке В) Дамаск

  1. Астрономиялық обсерватория қай қалада болды?

А) Мекке Б) Мерв

Ә) Медине В) Дамаск

  1. Эфталиттер қай жылы сасанилік иранды бағындырды?

А) 484ж Б) 474ж

Ә) 460ж В) 480ж

  1. Эфталит мемлекетінің ресми астанасы қай қала?

А) Бадиян

Ә) Ташкент

Б) Гандхар

В) Сейстан

  1. Польша мемлекетінің алғашқы астанасы?

А) Киев

Ә) Прага

Б) Гнезно

В) Краков

  1. Әскери іспен айналысатын феодалдар қалай аталды?

А) герцог Б) барон

Ә) граф В) рыцарь

  1. Францияда басыбайлы шаруалар қалай аталды?

А) феодалдар Б) виконттар

Ә) сервтер В) вилландар

  1. Сословийлік-өкілдік монархия алғаш қай елде пайда болды?

А) Чехия

Ә) Франция

Б) Кастилия

В) Англия

  1. Бас штаттар қай корольдың тұсында шақырылды?

А) ІІ Филип Август

Ә) ІҮ Көркем Филип

Б) ІІІ Генрих

В) ХІ Людовик

  1. Жакерия көтерілісі қай жылы болды?

А) 1346ж

Ә) 1358ж

Б) 1360ж

В) 1429ж

  1. Қай ағылшын корольі жер, халық және мүлік санағын жүргізді?

А) Вильгельм

Ә) ІІ Генрих

Б) ІІІ Эдуард

В) ІІІ Генрих

  1. Ағылышн парламенті қашан шақырылды?

А) 1455ж

Ә) 1381ж

Б) 1215ж

В) 1265ж

  1. І Оттон Римді қай жылы басып алды?

А) 962ж

Ә) 1356ж

Б) 1237ж

В) 1265ж

  1. Реконкиста қай жылы аяқталды?

А) 929ж

Ә) 1030ж

Б) 1492ж

В) 1212ж

  1. Еврейлер Испаниядан қай жылы қуылды?

А) 1479ж

Ә) 1492ж

Б) 1237ж

В) 1212ж

  1. Испанияда корольдік билікті шектеген әлеуметтік топтар өкілдерінің жиналысы қалай аталды?

А) бас штаттар

Ә) кортес

Б) парламент

В) сенат

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: ХІ-ХҮ ғасырлардағы Италия.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – Италияның саяси, әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктерінің себептері мен салдарын ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Италияның даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оқушылардың мемлекет билігіне және ерекшеліктеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды басқа шет елдің елдерінің даму саясаттарымен таныстыра отырып, оларды патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Реконкиста деген не?

  2. Испанияны кімдер, қашан және қалай біріктірді?

  3. Католик шіркеуі реконкистаға не үшін қатысты?

  4. Инквизиция деген не?

  5. Испаниядағы корольдік билікті шектеген жиналыс қалай аталды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері.

  2. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Италияның экономикалық жағдайы.

  3. Венецияның күшеюі.

  4. Флоренция.

  5. Медичидің банктік қызметі.

  6. Савонарола.

  7. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Византия.

    1. ХІ-ХҮ ғасырларда Италия экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болды. Әсіресе оның қалалары жоғары дәрежеде дамыды, олар өз тәуелсіздігін жеңіп алды.

    1. Италиялық қалаларда капиталистік қатынастар дамуының ең бір ерекше үлгісін Флоренция көрсетті. ХІҮ ғасырдың 30-жылдарында-ақ Флоренцияда 200-дей шұға тоқитын ірі шеберханалар жұмыс істеді.

5) Италияның саяси және экономикалық өмірінде Медичилер әулеті өшпес із қалдырды. Әулет мүшелері ХҮ ғасырда Еуропадағы ең ірі сауда-банктік компания құрды.

  1. Флоренцияда медичилердің билігінен наразы топтар болды. Ол топтың мүддесін білдіруші діни-саяси қайраткер Джироламо Савонарола болды.

  2. 1071 жылы Византия селжук түріктерінен жеңілді. Сөйтіп ол бүкіл Кіші Азия мен Армениядан айрылды. 1088 жылы Византия печенегтерден жеңілді. Печенегтер Фракияға басып кірді.

Кейін оқушыларға оқулықта берілген тақырыпты оқу тапсырылады.

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауп беру арқылы бекітеміз.

Сұрақтар:

  1. Қала-коммуналардың үкімеиі қалай аталды? Олар немен айналысты?

  2. Венецияның күшею себептері қандай?

  3. Медичилер қандай саясат жүргізді?

  4. Чомпилер деген кімдер? Олардың көтерілісі қашан болды?

  5. Кресшілер Константинопольді қашан басып алды?

  6. Кресшілерді Византиядан қуып шығуға кімдер көмектесті?

  7. Византия империясының өмір сүруін кім тоқтатты?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 18 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: ХІ-ХҮ ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік

өмірдегі өзгерістер.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – ХІ ғасырда Батыс және Орталық Еуропа елдерінде шаруашылықтың дами бастағанын, қос танапты егістіктің үш танапты егістікпен алмасқанын, ауыл шаруашылығы техникасының баяу болса да жақсара түскендігін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты – ойландыратын сұрақтар беру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту. Ол үшін: «Шаруашылықта табысқа жетудің қандай себептері болды? Әлеуметтік өмірдің өзгеруі неге байланысты?» деген сияқты т.б. сұрақтар берген жөн.

Тәрбиелік мақсаты – ХІ – ХҮ ғасырларда Батыс және Орталық Еуропадағы шаруашылық табыстар мен әлеуметтік өзгерістерге тоқтала отырып, оқушыларды еңбекті бағалауға, қоғам өзгеруінің адам еңбегіне де әсер ететіндігін түсінуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.

ІІ

Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді:

  1. Қала-коммуналардың үкіметі қалай аталды? Олар немен айналысты?

  2. Венецияның күшею себептері қандай?

  3. Медичилер қандай саясат жүргізді?

  4. Чомпилер деген кімдер? Олардың көтерілісі қашан болды?

  5. Кресшілер Константинопольді қашан басып алды?

  6. Кресшілерді Византиядан қуып шығуға кімдер көмектесті?

  7. Византия империясының өмір сүруін кім тоқтатты?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір – екі оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты меңгеру жоспары:

  1. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар.

  2. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі.

  3. Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болуы.

  4. Жәрмеңкелер.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға сұрақтар беру арқылы ойландыра отырып әңгімелескен дұрыс.

  1. Шаруашылыққа не жатады?

  2. Шаруашылықты дамыту үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

  3. Қолөнер дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Қалалар қандай жағдайда пайда болуы мүмкін?

  5. Жәрмеңке дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.

IV

Жаңа тақырыпты төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеміз.

Сұрақтар:

  1. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктер бір-бірімен қандай байланыста болды?

  2. Қалалардың қалай пайда болғандығын түсіндіріп беріңдер:

А) қолөнердің адамдардың үлкен бір тобының кәсібіне айналуы неге байланысты болады?

Ә) қолөнершілер поместьелерден неге кетті, олар қайда қоныстанды, себебі неде?

  1. Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты еңбектің қандай маңызды түрі дүниеге келді?

  2. Қалалардың өсуі сауданың дамуына әкеліп соқтыру себебі неде?

  3. Жәрмеңке деген не?

  4. Шығыспен сауданың қандай түрі жүргізілді?

Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген сұрақтарға жауап бере бастайды.

V

Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VI

§ 18 оқу, параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру.

Дәптеріңе мына кестені толтыр.

Шаруашылықтағы табыстар

Шығыспен сауда

Жәрмеңкелер

Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Сынып: 7

Күні:

Пән: Дүние тарихы.

Тақырыбы: Еуропадағы қала өмірі. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Еуропадағы

ағарту ісі.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – дамыған орта ғасырдағы қала өмірі, мырзалар туралы түсінік беру. Қала халқының тұрмысы, жікке бөліну жайында түсіндіру. ХІ-ХҮ ғ.ғ. Еуропада ағарту ісі мен ғылым мен білімнің дамуына ықпал еткен жағдайларды түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты – жалпы сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын дамыту, білімін толықтыру.

Тәрбиелік мақсаты – қала өмірі, ондағы тіршілік, адамдардың тұрмыс жағдайы туралыәңгімелец отырып, оқушыларды мәдениетке, адамгершілікке, әділетті болуға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, Дүние жүзінің саяси картасы, әр түрлі суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.