- •4.12. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаттарына сұлба құрастыру.
- •18. Жерді пайдалану мен қорғау субъектілері үшін тексеру парағындағы талаптарға сипаттама.
- •19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптерді атап көрсету.
- •21. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіруге сипаттама.
- •41. Жерге орналастыруды жүргізу тәртібін талдау.
- •48. Жер учаскелерін іздестіру жұмыстары үшін пайдалаудағы талаптарға сипаттама.
- •53. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын тоқтату негіздерін атап көрсету.
- •54. Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту жағдайына сипаттама. 82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту
- •58. Қызметтік жер төлемі ұғымын талдау және оның жүзеге асырылу жолдарына сипаттама.
58. Қызметтік жер төлемі ұғымын талдау және оның жүзеге асырылу жолдарына сипаттама.
59 . Тұрақты жер пайдалану құқығына анықтама және оның жүзеге асырылу тәртібін айқындау. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбi
I. Жалпы ережелер
Осы Ереже тұрақты жер пайдалану құқығын және үйлер, ғимараттар және өзге де жылжымайтын объектiлерi жоқ жер учаскелерiн сатып алу-сатуға байланысты қатынастарды реттейдi. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатушылар жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттiк жер пайдаланушылар өздерiнiң тұрақты жер пайдалану құқығын бұл бөлiнетiн жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi өзгертуге байланысты болған жағдайларда ғана өзгертуге құқылы. Жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алушылар Қазақстан Республикасының аумағында оның заңдарына сәйкес жеке меншiк құқығындағы немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелене алатын жеке адамдар мен заңды ұйымдар болуы мүмкiн.
Тұрақты жер пайдалану тұрғысындағы сатып алу-сату жүргiзуге мынадай:
жалпы пайдаланудағы;
қорғаныс мақсаты үшiн берiлген;
ерекше қорғалатын табиғат аумақтары;
қызметтiк жер үлесiнiң жерлерiнде жол берiлмейдi.
Жер учаскесi иесiнiң (тұрақты жер пайдаланушының) жер учаскесiнде орналасқан үйлер мен ғимараттарды, сондай-ақ егер учаскесi бөлiнбейдi деп танылса, жер учаскесiнiң немесе тұрақты жер пайдалану құқығының бөлiгiн жер учаскесiнiң бөлiгiне тиiстi түрде өзгертпей;
жалпы бiрлескен меншiк иелерiнiң немесе жалпы бiрлесiп жер пайдаланушылардың барлық қатысушыларының жазбаша түрдегi келiсiмi болмауына байланысты (жазбаша келiсiмдi нотариалдық кеңсе куәландыруы керек);
жер даулары немесе мәмiле жасауға кедергi келтiретiн заңда белгiленген өзге де себептерi болғанда жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығын) сатуға құқығы жоқ.
Жер учаскелерi тиiсiнше шаруа (фермер) қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша шаруашылығын, құрылыс жүргiзу және тұрғын үйге қызмет көрсету, саяжай салу үшiн, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндiрiсi үшiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы күшiне енгенге дейiн берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес ұйымдарының жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелердi, жер учаскелерiнiң мөлшерiне қарамастан, оларды мемлекеттен сатып алмай-ақ жасауға құқығы бар.
Бұрын құрылыс салу үшiн немесе жермен тiкелей байланысты салынған өндiрiстiк және басқа объектiлерiнiң, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса және мемлекеттен сатып алынбаған, жер учаскелерi берiлген азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар жер учаскелерiн сатуды осы учаскелердi меншiкке сатып алу жағдайында жүзеге асыра алады.
Жер учаскесiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату кезiнде сатып алушыға жер учаскесi мәмiле жасау сәтiнде бар барлық қиындығымен берiледi.
9. Жалпы меншiктегi жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi сатып алу жағдайында, сатып алушы сонымен бiр мезгiлде жылжымайтын мүлiктiң иесiнде болғандай көлемде және сондай жағдайда жерге жалпы меншiктiк үлесiн алады.
Нормативтiк құқықтық құжаттардың негiзiнде белгiленген жердiң мақсатқа арналуы мен режимiн, жердiң сервитуты мен пайдаланудың өзге де шарттарын сатушы немесе сатып алушы өз бетiмен өзгерте алмайды.
Жер учаскесiнiң бөлiгiнен сатып алу-сату мәмiлесiн жасау үшiн бұл бөлiгi белгiленген тәртiппен, оған кадастрлық номер берiле отырып, дербес жер учаскесi болып алдын-ала бөлiнуi тиiс.
Тараптар арасындағы жер учаскесiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi белгiлеген талаптарды сақтай отырып жасалады.
Жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығы) бағалау құны "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 P960576_ қаулысына сәйкес жерге төлем ставкалары бойынша, осы ставкаларға "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы N 1203 қаулысымен белгiленген түзету (көбейтетiн немесе азайтатын) коэффициенттерiн қолдана отырып белгiленедi.
Мемлекеттiң жер учаскелерiн жеке-меншiкке немесе жер пайдалану құқығына сату кезiнде, аукцион ұйымдастыруға және өткiзуге кеткен шығындардан өзге, алынған қаржы мөлшерi жеке меншiкке сатылған немесе төлем ставкалары бойынша есептелген жер учаскесiн (тұрақты жер пайдалану құқығын) бағалау құнының деңгейiнен кем болмауы тиiс.
Сатып алу-сату шарты бойынша жер учаскесiне меншiк құқығы және тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алушыда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Жылжымайтын мүлiкке құқықты және олармен мәмiле жасауды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында көзделген тәртiппен тiркелген сәттен бастап туындайды.
Мемлекет меншiгiндегi және коммерциялық мүдделiк тудырған жер учаскелерi мен жер учаскелерiне тұрақты жер пайдалану құқығы жер аукционында сату объектiлерi болуы мүмкiн.
60. Уақытша өтеулі және өтеусіз жер пайдалану құқығын талдап, өзгешеліктерін айқындау. 35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі. Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi. Жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару жасалған жер учаскесін жалдау шартына немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартына сәйкес жүзеге асырылады.
36-бап. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы
Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:
шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер телiмі түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне;
тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат объектiлерi үшiн;
осы Кoдексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi, жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмдерi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн беру жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жер учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс. Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға бepугe жол берiлмейдi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
