Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер пайд окетай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.87 Кб
Скачать

  1. Жерді мемлекеттік тұрғыда пайдалану және қорғау ұғымына жалпы сипаттама.

  2. Жерді пайдалану және қорғау объектісі және ондағы санаттарға сипаттама.

  3. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылау субъектісі.

  4. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаттарына сұлба құрастыру.

  5. Жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылаудың мәнін талдау.

  6. Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қорының нысаналы мақсаттағы санаттарын талдау.

  7. Жер заңдарының қағидаларын атап көрсету.

  8. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізетін органдарға байланысты бақылау түрлерін атап көрсету.

  9. Мазмұнына, қойылған міндеттеріне байланысты бақылауды үш тобына кесте құрастыру.

  10. Мемлекеттік бақылау жерді қорғау және қолдануына байланысты жалпы және арнайы элементтерге сипаттама.

  11. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жұзеге асыратын органдардың жүйесіне сипаттама

  12. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаттарына сұлба құрастыру.

  13. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізетін органдарға байланысты бақылау түрлерін атап көрсету.

  14. Мазмұнына, қойылған міндеттеріне байланысты бақылауды үш тобына кесте құрастыру.

  15. Мемлекеттік бақылау жерді қорғау және қолдануына байланысты жалпы және арнайы элементтерге сипаттама.

  16. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жұзеге асыратын органдардың жүйесіне сипаттама.

  17. Жер пайдалану құқығының құрылымына сипаттама.

  18. Жерді пайдалану мен қорғау субъектілері үшін тексеру парағындағы талаптарға сипаттама.

  19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптерді атап көрсету.

  20. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғауға сипаттама

  21. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіруге сипаттама.

  22. Қазақстан Республикасының Жер заңдары қағидаларын атап көрсету.

  23. Жер құқықтық қатынастарының объектілерін талдау.

  24. Жер туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, заңды фактілер түрлерін атап көрсету.

  25. Жерге орналастыру қызметінің жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы алатын орны мен қызметін талдау.

  26. Жерге мемлекеттік меншік құқығының және учаскесіне жеке меншік құқығының пайда болу негіздерін талдау.

  27. Жер учаскесіне меншік құқығының туындау жолдарына сызба құрастыру

  28. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқықты табыстаудың мәні.

  29. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру тәртібінің мазмұнын тлдау.

  30. Жерді қорғау мақсаттарын талдау.

  31. Жерді қорғау мақсаттарына сұлба құрастыру.

  32. Қазақстан Республикасының Жер заңдары қағидаларын атап көрсету.

  33. Жер құқықтық қатынастарының объектілерін талдау.

  34. Жер құқықтық қатынастарының субъектілер атап көрсету.

  35. Жер туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, заңды фактілер түрлерін атап көрсету.

  36. Жерге орналастыру қызметінің жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жұзеге асырудағы алатын орны мен қызметін талдау.

  37. Жерге мемлекеттік меншік құқығының және учаскесіне жеке меншік құқығының пайда болу негіздерін талдау.

  38. Жер учаскесіне меншік құқығының туындау жолдары.

  39. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқықты табыстаудың мәні.

  40. Жерді қорғау мақсаттарын талдау.

  41. Жерге орналастыруды жүргізу тәртібін талдау.

  42. Сервитут ұғымына жалпы сипаттама.

  43. Сервитут түрлерін талдау.

  44. Сервитут ұғымын жалпы талдау.

  45. Сервиут туындауынң негіздерін атап көрсету.

  46. Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын талдау.

  47. Қауымдық сервитутқа сұлба құрастыру.

  1. Жер уческелерін іздестіру жұмыстары үшін пайдалаудағы талаптарға сипаттама.

  2. Сервитуттың тоқтатылуын айқындау.

  3. Сервитутты тіркеудің мәнін талдау.

  4. Жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салудың шектеуге сипаттама.

  5. Жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын кепілге салу тертібін айқындау.

  6. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын тоқтату негіздерін атап көрсету.

  7. Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту жағдайына сипаттама.

  8. Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығын өндіруге сипаттама.

  9. Елді мекен жерін пайдалануға сипаттама

  10. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына сипаттама.

  11. Қызметтік жер төлемі ұғымын талдау және оның жүзеге асырылу жолдарына сипаттама.

  12. Тұрақты жер пайдалану құқығына анықтама және оның жүзеге асырылу тәртібін айқындау.

  13. Уақытша өтеулі және өтеусіз жер пайдалану құқығын талдап, өзгешеліктерін айқындау.

1. Жерді мемлекеттік тұрғыда пайдалану және қорғау ұғымына жалпы сипаттама. Жерді мемлекеттік тұрғыда пайдалану және қорғау дегеніміз - жерлерді нысаналы мақсатта пайдалану және қорғау заңдылықтарын сақталуына бағытталған шаралар жүйесі болып табылады..

Жерді нысаналы мақсатта пайдалану жүйесіне табиғи ресурстарды сақталуын, өсімдіктер және жануарлар қамтамасыздандыру, геологиялық жұмыстардың және басқа да қоршаған ортаның компоненттерін заңға сәйке және заңда көрсетілген тәртіптерде жүзеге асрылуы арқылы жүргізіледі.Сонымен қатар белгілі уәкілетті тұлғалар осындай жер заңдарын бұзғандығы үшін және азаматтар мен жерді пайдаланушылардың міндеттерін бұзғандығы үшін жауапкершілікке тарту арқылы, тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүргізеді.

Жерді пайдаланушылар мен жердің меншік иесі жер заңдары арқылы жүктелінген міндеттерді орындау ға міндетті болады. Заңңдарда көрсетілген мұндай міндеттерге мынадай жатады:

1.жер құнарлықтарын жөндеу және өркендету пайдалы жер байлықтарын айтады;

2. жел және су эрохзияларынан сақтау, селден, үсіктен, батпақтанудан, құрғақтылықтан, нығыздалудан, өндірістерден қалған қалдықтарымен былғау, және химиялық заттармен басқада жағымсыз процестерден сақтау.

3.жердің құнарлығын және де басқа пайдалы қасиеттерін қайта қалпына келтіру.

4. көрші жерлерді карантинмен залалдырудан, әр түрлі өсімдіктер ауруларымен, арамшөптер, бұтақтар және де басқа жерді бұзатын қалдық тардан сақтау.

5. жерден шығару, сақтандыру және де дұрыс жұмыс істемегендіктен.

Осындай жерге кері әсер тиетін процесстердің алдн алу үшін мемлекет жердің құнарлығын арттыруға байланысты жер пайдаланушыларға және жеке меншік иелеріне арнайы заңдарда бекітілген алдын алу шараларын жүргізіп отыруларын міндеттейді.

Ауыл шаруашылығына кері әсері тиетін процесстерден, радиоактивті немесе химиялық заттармен былғау, аз мөлшерінен асып кеткен қалдықтар, карантиндік былғаулардан және өсімдіктер ауруларымен қайта қалпына елтірілмейтін жерлерді жер консервациясымен реттеп жүргізеді.

Жерді қорғаудың басты мақсаты.

1.жерді бұзылудан қорғау, әр түрлі өсімдіктер ауруларымен, арамшөптер, бұтақтар және де басқа жерді бұзатын қалдықтардан сақтау.

2. жерді және жақсарту мен қайта қалпына кетіруді қамтамасыздандыру,

3. жерді өңдеуде экологиялық оптималды нормативті қолдану.

2. 6. Жерді пайдалану және қорғау объектісі және ондағы санаттарға сипаттама. Жерді пайдалану және қорғау объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық жер қорлары болып табылады. Жер қоры — мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Жер дегеніміз бар байлықтың басы, бүкіл тіршіліктің көзі деп білеміз. Жер мәселесіне келгенде жүрек сезімі оянбайтын адам жоқ. Елбасы айтқандай «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады» Сондықтан да оны жоспарлы түрде тиімді және ысырапсыз пайдалану әр қоғамның басты міндеті болып табылады. Соған байланысты Мемлекет басшысының елімізді дамыту жөнінде алға қойған стратегиялық мақсатына, жер байлығымызды ел байлығына ай­налдырудың маңызды мәселелерін шешкен Жер кодексі қабылданып, жүзеге асырыла бастаған болатын

Барлық жерлер мынадай санаттарға бөлінеді.

1.ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

2. елді мекен жерлері (қалалар, ауылдар мен селоларға берілген);

3. өнеркәсіп, көлік , байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге жер;

4. ерекше қорғалатын аймақтарға берілген жер;

5. орман қорына берілген жер;

6. су қорына берілген жер;

7. босалқы жерлер.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер категорияларын анықтау. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның ішінде А/ш мақсатындағы жерлері Ауданы, көлемі, 93077,1мың га. 34,4%.

Ауыл шаруашылығы қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуы тиіс. Бұл жерді ауыл шаруашылығы емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

Егiстiк - жүйелі түрде өңделетін, ауыл шаруашылығы дақылдарын және көпжылдық шөп егуге пайдаланылатын жер учаскелері және пар.

Тыңайған жер - бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмай және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі. Көп жылдық екпелер - жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері. Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар табиғи жер отын жаңадан шөп егу арқылы жақсартылған шабындық және жайылым учаскелері. Суландырылған жайылымдар - тиісті мал басын сапалы сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар. Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін. Жайылма суару (лиманды) жері қар суын және көктемгі тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшін суару және суландыру каналдарынан берілетін суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін су бөгейтін белдеулері, суды реттейтін бөгеттері мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер

Елді мекен жерлерін қарастыру. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның ішінде Елді мекендер жерлері 20201,7 мың га, 7,5%

Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық (селолық) елді мекеннің шегі арқылы шектеледі. Елді мекен жерлерінің құрамына оның аумағында орналасқан:

1) тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері және тұрғын үйлер салуға арналған жер;

2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, білім беру, мекемелері, әкімшілік, өзге де іскерлік құрылыстар мен ғимараттар салынған және олардың жұмыс істеуіне арналған жер;

3) өнеркәсіп, коммуналдық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, осы объектілердің санитарлық-қорғау аймақтары, өндірістік құрылыс салатын жер;

4) көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер;

7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, жолдар, жағалаулар, парктер, қаладағы ормандар және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер орналасқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;

9) қала құрылысы қызметіне тартылмаған, елді мекенді аумақтық тұрғыдан дамытуға арналған резервтегі және өзге де жерлер жатады.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге арналған жерлерді сараптау. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның Өнеркәсіп жерлер 11131,4 мың га, 4,1%. Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады. Көлік жері. Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып танылады. Көлік жеріне құбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған су құбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер беті мен жер асты құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін қажетті объектілерді орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Байланыс және энергетика жері. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады. Энергетика жеріне: - су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын орналастыру; - электр таратудың әуе және кабель желілерінің жер бетіндегі құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерін, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергетика мен байланыс объектілерін пайдалануға жағдай жасау үшін бөлініп берілген жер учаскелері жатады.

Қорғаныс қажеттеріне арналған жер:

- қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын басқа да әскерлердің объектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін қорғаныс қажеттеріне арналған жер деп танылады.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгілерін, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерін жайғастыру мен күтiп-ұстау үшін берілген жер учаскелері.

Орман қорының жерлерін талдау. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның Орман қоры жерлері 22222,8 мың га, 8,3 %. Жер кодексының 1 бабы бойынша Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері деп танылады. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады. Орман қоры – мемлекет аумағындағы барлық ормандар мен орман шаруашылық қажетіне арналған жерлер. Орман қоры меншік түрі мен пайдаланушысына орай мемлекеттік және жекеше болып бөлінеді. Мемлекеттік орман қорына ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар, орман шаруашылық қажетіне берілген ормансыз жерлер, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолы, автомобиль жолы, канал, магистралдық және басқа да желілік құрылыстардың белдеуіндегі ені 10 м-ден кем емес, алаңы 0,05 га-дан үлкен қорғаныш екпелері жатады. Жекеше орман қорына орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік заңдытұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жерлердегі, солардың қаражатына жасалынған, ені 10 м және одан кеңірек, алаңы 0,05 га-дан астам қолдан өсірілген ормандар, агромелиорация және арнаулы плантация екпелер жатады.Жер қорының құрамында жер қорының үлесі бұрынғыдай үстем - 108,1 млн. га (40,9%), бірақ азаю тенденциясы байқалады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің үлесі - 36,8%, ал елді мекен жерлері мен орман қоры жерлерінің үлестері 8,8% және 8,7% сәйкесті.

Су қорының жерлерін талдау. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның ce қоры жерлері 3568,3 мың га, 1,3 %.Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер, су қорының жері деп танылады.  Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым Судың біздер біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі.  Босалқы жерлерді талдау. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның Босалқы жерлер 118696,4 мың га, 43,9%. Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады. Босалқы жерлер басқа санаттарға ауыстырылғаннан кейiн белгiленген тәртiппен және жағдайларда ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң қажеттерi үшiн және өзге де мақсаттар үшiн меншiкке немесе жер пайдалануға берiледi.Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жеке меншікке жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елді мекендердің жерінен және босалқы жерден беріледі. Босалқы жерлер — Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, ауыл шаруашылығының, кәсіпкерліктің қажеттілігі мен өзге де мақсаттар үшін меншікке немесе жер пайдалануға ұсынылады. Босалқы жерлер басқа жер санаттарына ауыстырылған кезде, меншікке немесе жер пайдалануға ұсынумен қатар ауыстырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді талдау. Жер жиынының жалпы ауданы 270144,8 мың га соның Ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері 1247,1 мың га, 0,5%. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады.Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелері жатады.Рекреациялық мақсаттағы жер. Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады. Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктері, туристік соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерлері, осы сияқты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлері де жатады. Тарихи-мәдени мақсаттағы жер. Тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендерi, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары т.б

3.Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылау субъектісі. Жерді қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылау субъектісі болып табылады:

1.мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар;

2. заңды тұлғалар

3. тұлғалар (азаматтар );

Жер заңдылықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды – жергілікті атқарушы органдар мен жер ресурстарын басқару органдары, қоршаған ортаны қорғауға уәкілетті өзге де тұлғалар жүргізеді..

Негізінен мемлекеттік бақылауды жерге орналастыру органдары, яғни жерді қорғау мен пайдалануға өкілетті мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.Ауыл шаруашылығының маманы немесе ауыл шаруашылығын аса жақсы меңгерген мекеме мен ұйымдар жерлерді есептеуді, жүйелерін жүргізеді.. Мемлекеттік бақылаудың басты мақсаты нысаналы мақсатта пайдалану және қорғауға құқылы. Бізге белгілі, өндірістің басты құралы – аул шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тек құнарлы, пайда беретін, сапасы жоғары жерлер ғана қолданылады. Ауыл шаруашылығына қажетті жерлер қажетті жер кадастрына байланысты бөлінеді. Жерді бағалау жұмыстары өткеннен кейін, топырақтық геоботаникалық материалдар, гидромелиоративтік, аэроэкономикалық және басқа да тексерулерде байқалады. Заң ауыл шаруашылығына мақсатындағы жерлер басқа санаттарға қарағанда ерекше бақылауға алынады. Басты ескеретін мән жағдайы – бұл ауал шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тікелей нысаналы мақсатта пайдалнуын қадағалауын айтамыз. Құрылысқа және өндіріске, жәй көлік және темір жолдар, магистралдық құбырлар және тағы басқалар ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттағы жерлерге ауыл шаруашылығы үшін тиімсіз , немесе жері қолайсыз , жағдайы нашар ортада орналасқан жерлдерден бөлінеді.

4.12. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаттарына сұлба құрастыру.

139-бап. Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi

Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаттары:

1. Әрекет етуші жер заңдарының негіздері сақталуына министірліктерде , ведомстваларда, заңды тұлғалар мен азаматтарда қол жеткізу Бұд жердегі заңды тұлғаларға - мемлекеттік, қоғамдық және коперативті мекемелер, ал жеке тұлғаға - барлық Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай- ақ шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады:

2. Жерлерді жеке меншікке беру және уақытша, тұрақты жер пайдалану құқығын ұсынуда тәртіптердің сақталуын қамтамасыз ету,

3. жер иониторингі мен кадастрдың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау;

4. жерге орналастыруды жүргізіліуінің дұрыстығын қамтамасыз ету.

5. Жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылаудың мәнін талдау. Мемлекеттік бақылаудың мақсаттарын жүзеге асыру барысында жерге және су басқан жерлер, ормандар тығыз байланысты табиғи кендерінің пайдалуына арнайы қабылданған заңдардың тәртіптері мен негіздерін міндетті түрде басшылыққа ала отырып жүргізілуін қадағалайды. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың мақсаты жер, кендер, сулар мен ормандарды заңда көрсетілген тәртіптер мен негіздерде мемлекеттік, қоғамдық, коперативті мекемелермен, азаматтар пайдалану барысында жер кадасрын бұзбау, жер, кендер, сулар мен ормандарды қорғау міндеттерін жүктей отырып жүргізіледі..Су Кодексінде бекітілген тәртіптер мен негіздерлі басшылыққа ала отырып суды пайдалануға бақылау және судың әсерінен болатын қауіпті жағдайларды хабарлау, судың басты объектісі табиғи апатты процесстерінен пайда болатын: қоршаған табиғи ортаның бұзылуынан, адам өміріне өте қауіпті жағдайлардан сақтандырылуына бақылау жүргізіледі.. Бұндай апаттарға мыналар жатады: топансу, бұғаздарды бұзу басқа да жасалған заттарды, эрозияларды, батпақты су басуы, сай пайда болудан, селдік жамандықтар және т.б.Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің заңдылығына сай орманды дамыту және қолдануды бақыланады. Ормандарды ағаштарды заңсыз шабуын, ағаштан жасалатын материалдардың көп мөлшерде алынбауын бақылайды. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды заңдарда бекітілген тәртіптерде уақытылы, көрсетілген мерзімдерді тиісті шараларын пайдалануы т

7. 22. 33. Жер заңдарының қағидаларын атап көрсету. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 5 – бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері болып жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамассыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады».

Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Жер заңдары төмендегі қағидаларға негізделеді:

- Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтінділігі;

- жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жерді нысаналы пайдалану;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы;

- жердің жай – күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс – шараларды мемлекеттік қолдау;

- жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

- жерді ақылы пайдалану принциптеріне негізделеді.

Қағидалар жүйесі тұрақты түрде дамып отырады, құқықтық жүйенің даму бағытына қарай кейбір норма – қағидалар жойылып, кейбір жаңа қағидалар пайда болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі қағидасы жер заңдарына 2001 жылғы «Жер туралы» заңмен енгізілді, ал қазіргі кезде бұл қағида Қазақстан Республикасының Жер кодексінде орын алған.

8.13. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізетін органдарға байланысты бақылау түрлерін атап көрсету. бақылауды екі түрлі топқа бөлінеді: 1.мемлекеттік 2. қоғамдық

Мемлекеттік бақылау – заңдардың орындалуына қадағалау жүргізуге өкілетті арнайы, ведомствалық қызметкерлер және мемлекеттік атқарушы органдардың және басқарушы органдардың өз өкілеттілігі шеңберінде бақылау жүргізуін айтамыз. Қоғамық бақылау - өзіндік негізгі еңбек міндеттемелеріне байланысты нақты тұлғалардың қосымша жүктемелік нысанда қоғамдық бастамалар негізінде бақылау жүргізуін айтамыз.. Бұл жерде құқықтық салдар екі жағдайда да бірдей және орындалуы міндетті болып табылады.Жерді пайдалануға өткізілетін бақылау бойынша келесі кезеңдерге бөлуімізге болады: камерада жасалған жұмыс, егістікті зерттеу және бақылау нәтижесін рәсімдеу, қортындылау. Бақылаудың басы камерада жасалған дайындыққа: жердің барлық құқықтық, шаруашылық жағдайларын айқындайтын мәліметтер мен құжаттарды жинаудан және олардың нысаналы мақсатта пайдалануы мен сапасы бойынша мәліметтерді жианудан басталады. Бұдан жер иеленушінің және жер пайдаланушының заң бойынша тіркелген анықтамасын , әр түрлі зерттеулерді, картографиялы план материалдарын жинау тиіс. Камералы дайындықта небір жаңа, дәлелденген және зерттелген мәліметтер табылады.

9.14. Мазмұнына, қойылған міндеттеріне байланысты бақылауды үш тобына кесте құрастыру. Мазмұнына, қойылған міндеттеріне байланысты бақылауды үш топқа бөлуге болады:

1.алдын ала ;

2. ағымдық ;

3.кезектілік ;

Алдын ала бақылауда – негізсіз шешімге жол бермес үшін негізді, заң нормаларына сәйкес жобалау шешімдерінің заңдылығын тексеру мақсатында, жобаларға сараптама жүргізу арқылы бақылау жүргізілуін айтамыз.

Ағымдық бақылаудың бір негізгі әрекеті жобалауды жүргізуге бақылау және авторлық қадағалау болып табылады.

Кезектілік бақылау туралы айтатын болсақ оған жердің пайдалануын талдау. Осындай бақылау нәтижелері арқылы келешекте жерді нысаналы пайдалануына, жобалау шешімдерінің заңдылығы айқындалады.

Аймақтық жерді бақылаулардың жұмыс мөлшеріне байланысты мынадай бақылау түрлерін бөлуге болады:

1.жалпы мемлекеттік;

2. ведомствалық;

3. ішкі шаруашылық.

Жалпы мемлекеттік бақылау - бақылауға өкілетті органдардың құжаттарының мзмұны мен нысандарының және міндеттері, тәртіптерін айқындайтын мемлекеттік шаралары жиынтығы болып табылады.Бұл тәртіптер барлық мемлекет аумағына міндетті болып табылады.

Ведомствалық бақылау - халық шаруашылығының нақты бағытын айқындайтын мәліметтерді ұсынады.. Мысалы: орман шаруашылығында орманшылардыңнысаналы мақсатта орман қолданушының қоршаған ортаны қолданылу және халін білу керек.

Ішкі шаруашылық бақылауында- жер иеленуші мен жерді пайдаланушының нақты жер учаскесінің шектерін айқындап, жерді шаруашылыққа босалқы жерді айқындайды. Өндірістің негізгі құралы ретінде болғандықтан жерді тиімді әрі нысаналы мақсатта пайдалануы бақыланады. Мемлекеттік бақылау оның нышаны бойынша бөлінеді. Сойтіп мазмұнына байланысты жалпы және арнайы мемлекеттік бақылауға бөлуге болады. Мысалы ішкі шаруашылық қоныстандырушылықтың тексеруге жатса онда жалпы бақылауда дұрыстығын тексеру жатады, ал арнайы бақылау бір бөлікпен немесе қоныстандырушылықтың процесінің стадиясы қаралады. Жалпы бақылауға бір немесе одан көп топтар қатысады және де арнайы (мысалы, ауыспалы егістік толық меңгеру) бір немесе оданда көп шаруашылықты, бүкіл ауданды, облысты қамтиды.

10.15. Мемлекеттік бақылау жерді қорғау және қолдануына байланысты жалпы және арнайы элементтерге сипаттама. Жалпы элементтер барлық жер санаттарының қорларын қамтиды, ал арнайы бақылау әр түрлі жер санаттарының ерекшеліктерін сипаттайды. Барлығына бір элементтердің арасында жерді қорғау және қолданудағы мемлекеттік бақылауларда, жер учаскелері заңдылықтығын тексеруде бағытталған және тиімді бақылау қолданылады.Жер иеленушілер және жеке меншікті жерлер қолданусыз қалмау керек. Осыған байланысты кейбір жер иеленушілер жер ауданы көп болғандықтан жерді қолданбайды, ал ауыл шаруашылығына қатысты жер иеленушілерге керекті заттар жетіспегендіктен және т.б. байланысты жер қолданылмайды. Бұл жағдайда заң бойынша жер босалқы жерлер , қолданылмай қалса онда, жерлер арнайы есепке алынады және біраз уақыт өткеннен кейін сол жерді мемлекеттік қорға беруі мүмкін. Ол барлық жер иеленушілеріне қатысты, уақытша және әр қашан тұратын жер иеленушілерге де қатысты. Бағытталған жер қолдануда бақылау салыстыру арқылы өтеді. Жерді заңсыз қолдану табылса оны арнайы берілген жердің өзгергені жайлы немесе субъекттің заңды түрде өзгергенін шешу керек. Жерді мемлекеттік бақылауда арнайы элементтерді қолдану және қорғауда диференцияландырылған тексерулер және зерттелген тиімді қолдануда әр түрлі санаттарда және әр түрлі бағытта қолданылады. Жерді нысаналы мақсатта пайдалану принципі заңды негіздер мен тәртіптерді басшылыққа ала отырып жүргізілуіне бағытталаған .Мемлекеттік бақылау дұрыс әрі негізді жүргізілуі тиіс.

11.16. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жұзеге асыратын органдардың жүйесіне сипаттама. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жұзеге асыратын органдардың жүйесі .

1.Әкімшілік,

2. Соттық,

3. Прокурорлық

4. Арнайы және ведомствалық.

1. Әкімшілік бақылауды – арнайы уәкілетттіліг бар лауазымды тұлғалардың өз өкілеттілігі шеңберінде жүзеге асыруын айтамыз . Бұл органдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде бектілген тәртіптер мен негіздерді басшылыққа ала отырып әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.

2. Соттық бақылауды – ҚР соты жүргізе алады. ҚР Жалпы соттар жүйесі – ҚР Жоғарғы Сот, жергілікті соттар – облыстық, аудандық, қалалық соттар мен мамандандырылған соттар - әскери соттар мен әкімшілік соттар.ҚР Конституциясының бабына сәйкес Жоғарғы және жергілікті соттар сот биігін жүзеге асыра алады. ҚР. Жер кодексінде көрсетілген негіздер мен жер заңдары бұзылған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартуда судья арнайы шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.

3. Прокурорлық бақылауды ҚР Прокуратурасы жүзеге асырады. Прокуратура – ҚР аумағында заңдардың, нормативтік құқықтық актілер мен өзге заңдардың біркелкі әрі дәлме дәл орындалуына қадағалауды жүзеге асырушы орган болып табылады.ҚР Прокуратурасының жалпы жүйесі – ҚР Бас Пркуратурасы, Облыстық, қалалық және аудандық прокуратурасы және мамандандырылған - Әскери, Көлік және Қоршаған ортаны қорғау прокуратурасы .

4. Арнайы бақылуды өкілеттілігі бекітілген жер су ресурстарын басқару Комитеті, Жер комитеті , жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Арнайы заңдарда бекітілген өкілеттіліктер шеңберінде ғана бақылау жүргізіледі.

17. Жер пайдалану құқығының құрылымына сипаттама. Жер пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;

2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;

3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;

4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;

5) жеке және заңды тұлғалар.

Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]