Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РГР 1 Мамандыққа кіріспе (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297.33 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

«Электр станциялары, тораптары және

жүйелері» кафедрасы

Мамандыққа кіріспе: электрэнергиясын өндіру, жеткізу және тарату

Есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

(5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының студенттері үшін)

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Е.Г. Михалкова, Н.А. Генбач, Ө.М. Матаев. Мамандыққа кіріспе: электрэнергиясын өндіру, жеткізу және тарату

Есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының студенттері үшін). - Алматы: АЭжБУ КЕАҚ, 2014.- 20 б.

Ұсынылып отырған жұмыста «Мамандыққа кіріспе: электрэнергиясын өндіру, жеткізу және тарату» пәні бойынша есептік-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен нұсқалар бар.

Көрнекі құрал 9, кесте 7, библиогр.- 11 атау.

Сарапшы: доцент Башкиров М.В.

Алматы энергетика және байланыс университеті КЕАҚ 2013 ж. шығару жоспары бойынша басылды

© Алматы энергетика және байланыс университеті КЕАҚ, 2014 ж.

Кіріспе

«Мамандыққа кіріспе: электрэнергиясын өндіру, жеткізу және тарату» пәні 5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының студенттері оқитын базалық пәндердің бірі болып табылады.

Бұл курс екі бөлімнен тұрады: «Электрэнергияны өндіру» және «Электрэнергияны жеткізу және тарату».

Әдістемелік нұсқаулар екі есептік – графикалық жұмыстардан тұрады: № 1 ЕГЖ «Электрэнергияны өндіру» бөлімі бойынша және № 2 ЕГЖ «Электрэнергияны жеткізу және тарату» пәннің екінші бөлімі бойынша.

1 № 1 Есептік – графикалық жұмыс

1 Жұмыстың мақсаты және мәселелері

Есептік – графикалық жұмыстың мақсаты абсолюттік бірліктерде электр жүктемесінің тәуліктік және жылдық графиктерін тұрғызу есептерінде, олардың параметрлерін анықтауда және техникалық әдебиетпен жұмыс жасау машықтығын өрбітуде дербестікті дамыту.

Есептік – графикалық жұмыс жүктеме графиктерін тұрғызу және негізгі параметрлерді анықтау негізгі міндеттері болып есептелетін типтік есеп. Есептік – графикалық жұмыс төменде келтірілген нұсқалар бойынша орындалады.

2 Есептік – графикалық жұмыстың көлемі және мазмұны

2.1 Алғашқы мәліметтер

Жұмысты орындау үшін алғашқы мәліметтер нұсқаларға сәйкес қабылданады, мұнда беріледі:

- жүктеменің типтік графигі;

- тұтынушылардың максималды жүктемесі ;

- жүктемелердің ұзақтығы, қыс - жаз.

Есептік – графикалық жұмысты орындау үшін алғашқы мәліметтер қатаң жеке берілген. Әр студент өз тапсырмасының нұсқасын үш нышан - фамилиясының бірінші әрпі, есепке алу кітапшасы шифрының соңғы және оның алдындағы сандары бойынша осы пәнді оқитын оқу жылынан тәуелді анықтайды. Алғашқы мәліметтер 1, а - е суреттері, 1.1 және 1.2 кестелері бойынша таңдалады.

1.1 кестесі - Тұтынушылардың максималды жүктемесі , МВт

Оқу жылы

Есеп алу кітапшасының соңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2013/2014

10

20

30

40

50

60

70

80

90

100

2014/2015

30

40

50

60

70

80

90

100

10

20

2015/2016

100

90

80

70

60

50

40

30

20

10

1.2 кестесі – Жүктемелер маусымының ұзақтығы, қыс – жаз және қарастырылатын кезеңнің ұзақтығы (күндер)

Оқу жылы

Маусым

Есеп алу кітапшасының соңғысының алдындағы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2013/2014

қыс

235

225

215

205

195

185

175

165

155

145

жаз

130

140

150

160

170

180

190

200

210

220

Т

221

229

250

258

275

292

298

321

333

344

2014/2015

қыс

215

205

195

185

165

200

155

145

235

210

жаз

150

160

170

180

200

165

210

220

130

155

Т

280

290

298

321

333

344

275

260

245

230

2015/2016

қыс

210

200

190

180

170

160

150

140

230

220

жаз

155

165

175

185

195

205

215

225

135

145

Т

220

235

248

255

260

275

295

300

310

330

Есептік – түсіндіру жазбасы 10 көлемінде түсінікті және қысқа формада ЭЕМ – нің көмегімен А - 4 (210х297) форматының стандарттық парақтарында жасалынады. Жазбада барлық есептер келтіріліп, жұмыста қабылданған шешімдерді түсіндіретін негізгі қағидалы баптар қысқа жазылу керек.