Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 3.docx-803722259.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.78 Кб
Скачать

Тақырып 3. Муниципалды басқарудың даму тарихы

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Муниципалды басқарудың даму тарихы.

2.Аймақтық басқарудың теориялық негізі.

3. Жергілікті басқарудың негізгі модельдері.

4. Аймақтық басқарудың қазіргі заманғы тенденциясы мен дамуы

Әдебиеттер: 5, 7-10, 11-18, 20-22, 27, 28, 37, 40

Аталған тақырыпты зерделеудің мақсаты – муниципалды басқарудың даму тарихын зерттеп, аймақтық басқарудың теориялық негізі мен жергілікті басқарудың негізгі модельдерін қарастыру.

Кілтті сөздер: муниципалды басқару, аймақтық басқару, жергілікті басқару.

1. Муниципалды басқарудың даму тарихы.

Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың ауылдық (селолық) және қалалық қауымдастықтарында құралады. Қалалар, аудандар, селолар мен ауылдар және т.б. муниципалды құрылымдар аумақтары болып саналады. Осы бірліктер өз аумағында жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру үшін конституциялық құқықпен бөлінген.

Таксоникалық бірліктер – қалалардың, аудандардың, селолық елді мекендердің жерлері, сондай-ақ елді мекендерді дамытуға қажетті онымен шектесіп жатқан жерлер жергілікті (муниципалды) құрылым аумағын құрайды.

ҚР Конституциясына сәйкес, олардың аумақтарының шекараларын құру, біріктіру, қайта құру немесе тарату, өзгерту, жергілікті өзін-өзі басқару өкілді органы тиісті аумағы халқының немесе өзге елді мекеннің пікірін ескере отырып, дербес шешіледі. Бұл ретте муниципалды құрылым шекарасын белгілеу немесе өзгерту тарихи және өзге дәстүрлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Муниципалды құрылымдардың бүкіл обьектілері, олардың экономикалық өсуін, халық демографиясын, олардың экономикалық және басқару функцияларындағы өзгерістерді ескере отырып, әртүрлі тарихи кезеңдерде пайда болды, дамыды, таратылды немесе өзгелердің қатарына өтті.

Революцияға дейін, ХVІІІ ғасырда түпкілікті қалыптасып болған губерния, Ресейдегі әкімшілік бөлініс пен жергілікті басқарудың жоғары таксономикалық бірлігі болды (оған Қазақстан да кірді). Губерния окургтерге немесе уездерге бөлінеді.

ХІХ ғасырда Ресейдің әкімшілік-аумақтық құрылысы жүйесінде генерал-губернатор мен облыс бөлінді. Уезден кейінгі әкімшілік-аумақтық (губерниялық) бөліністегі ең төменгі бірлік болыс болып саналады.

Мысалы, Далалық генерал-губернаторына Ақмола мен Семей облысы; Түркістанға – Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқанд, Каспий бойы облыстары кірді. Сондай-ақ генерал-губернатор құрамына кірмеген облыстар болды, олар – Торғай және Орал облыстары болатын.

Революцияға дейінгі жылдары губерниялар, облыстар, округтер, уездер, болыстар муниципалды құрылымдар болып есептелді және онда өзін-өзі басқару жүйесі өмір сүрді.

Губерниялар 1929-1930 жылдары таратылды және КСРО-дағы жаңа аудандастыруларға сәйкес олар облыстарға, өлкелерге, республикаларға айналады.

2.Аймақтық басқарудың теориялық негізі.

Жергілікті өзін-өзі басқару теориясы- жергілікті өзін-өзі басқару қағидаларының ғылыми баяндалуы. Олардың мәні:

  • қоғам өміріндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні;

  • мемлекеттегі жергілікті билік органдарының ролі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]