Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фармакология кытап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

4.1. Адренорецепторларды ынталандыратын заттар (адреномиметиктер)

4.1.1. α- ЖӘНЕ β- АДРЕНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (α- ЖӘНЕ β- АДРЕНОМИМЕТИКТЕР)

Бұл топтың негізгі өкілі-адреналин (эпинефрин). Химиялық құрылымы бойынша ол фенилалкиламиндер тобына жатады. Адреналин биогенді катехоламин3. Хромаффинді жасу'шаларда, көбінесе бүйрек үсті безінің милы заттарында болады. Медициналық практикада L-адреналин тұзы қолданылады. Адреналинді синтетикалық жолмен немесе сойылған ірі қара малдың бүйрек үсті безінен алады.

Адреналин α- және β-адренорецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді.

' Жақшада әр түрлі рецепторларға негізгі әсерлері көрсетілген.

2 β3-адренорецепторларды да ынталандырады, бірақ адренорецепторлардың бұл түрі жайлы мәліметтер шектелген •

3 Катехол- бұл О-диоксибензол.

101

Адреналин көбінесе жүрек-тамыр жүйесіне, әсіресе артериялық қысымның денгейіне айқын әсер көрсетеді. Жүректің β-адренорецептор-ларына әсер етіп, адреналин жүрек жиырылуының күші мен жиілігін жоғарылатады, осыған байланысты жүректің соғу және минуттық көлемі ұлғаяды. Бұл кезде миокардтың оттегіне қажеттілігі күшейеді. Систолалық артериялық қысым жоғарылайды. Прессорлық реакция әдетте тамырлардың механорецепторларынан рефлекторлы брадикардия шақырады, бірақ ол қысқа уақытқа созылады. Адреналиннің мөлшеріне байланысты жалпы шеткі кедергінің төмендеуі, жоғарылауы немесе өзгермеуі мүмкін. Адреналинді орта мөлшерде енгізгенде, көбінесе жалпы шеткі кедергі төмендейді (диастолалық қысымның төмендеуімен жүреді), бұл бұлшық ет және басқа аймақтар тамырларының β2- адренорецепторларының қозуына және олардың кеңеюіне байланысты. Сондай-ақ, систолалық артериялық қысымның ұлғаюымен қоса орташа артериялық қысым да жоғарылайды. Адреналин көп мөлшерде жалпы шеткі кедергіні де жоғарылатады. Адреналиннің прессорлық әсері аздаған гипотензияға ауысады. Соңғысы тамырлардың β2- адренорецепторларының ұзақ уакыт қозуына байланысты.

Адреналин көз қарашығын кеңейтеді (α-адренорецепторлары бар көздің нұрлы қабатының радиалды бұлшық еттерінің - т. Dilatator pupillае тарылуына байланысты), көз іші қысымын төмендетеді (көз іші сұйығының өнімі төмендейді).

Адреналин ішкі мүшелердің тегіс бұлшық еттеріне айқын әсер көрсетеді. Бронхтың β2-адренорецепторларын ынталандыра отырып, оның тегіс бұлшық еттерінің тонусын төмендетіп, бронхоспазмды тоқтатады. Асқазан-ішек жолдарының тонусы мен моторикасы адреналиннің әсерінен төмендейді (α-және β-адренорецепторлардың қозуына байланысты), сфинктерлердің тонусы жоғарылайды (α-адренорецепторлардың ынталануына байланысты). Қуықтьң сфинктері тарылады, т. Detrusor uriпае босаңсиды.

Адреналинді енгізгенде көк бауырдың қапшығы тарылады.

Ол жүйке-бұлшық еттік берілуді жеңілдетеді, әсіресе бұлшық еттің шаршауында. Бұл пресинаптикалық ұштардан ацетилхолин бөлінуінің жоғарылауына, сондай-ақ адреналиннің бұлшық етке тікелей әсеріне байланысты.

Сілекей бездерінің секрециясын адреналин күшейтеді (қою, созылмалы сілекей бөлінеді).

Адреналинге зат алмасуға әсер ету тән. Ол гликогенолизді (гипергликемия байқалады, қанда сүт қышқылы мен калий иондарының мөлшері жоғарылайды) және липолизді (қанның сары суында май деполарынан шыққан бос май қышкылдарының мөлшері жоғарылайды) ынталандырады.

102

Адреналиннің гликогенолитикалық әсері бұлшық еттер мен бауыр жасушаларының β2-адренорецепторларының қозу әсеріне және мембрана ферментінің аденилатциклазасының белсенуіне байланысты. Бұл протеинкиназа мен фосфорилазаны белсендендіретін және гликогеннің глюкоза-1-фосфатқа айналдыруын катализдейтін циклды 3',5'-АМФ-тың жиналуына әкеледі. Липолиздің жоғарылауы β3-адренорецепторлардың ынталануына және триглицеридлипазаға жиналған циклды АМФ-тың белсендендіргіш әсеріне байланысты болуы мүмкін. Бұл кезде триглицеридтерден глицерин және май қышқылдары түзіледі. Жалпы адреналин оттегін мол жұмсай отырып, метаболизмді ынталандырады.

Адреналиннің ОЖЖ-не әсері оның қозуымен байқалады. Бұл аз дәрежеде жүреді. Сонымен, адреналинді қолданғанда мазасыздық, дірілдеу, жіберу аймағындағы құсу орталығының ынталануы және т.б. болуы мүмкін. ЭЭГ ояну байқалады (ЭЭГ дисинхронизациясы басталады).

Ауыз арқылы енгізгенде адреналин ыдырап кетеді (асқазан-ішек жолдарында және бауырда). Осыған байланысты оны парентералды (тері астына, бұлшық етке, кейде көк тамырға) және жергілікті қолданады. Адреналин қысқа уақыт әсер етеді (көк тамырға енгізгенде шамамен 5 мин тері астына 30 мин дейін), өйткені оның шапшаң нейроналды ұсталуы, сондай-ақ КОМТ және сирек МАО қатысында ферментативті ыдыраулары жүреді. Адреналиннің (және норадреналиннің) ыдыраудағы өнімдері З-метокси-4-оксиминдаль қышқылы (ванилилминдальды), З-метокси-4-оксифенилгликоль, сонымен қатар норметанефрин және метанефрин (сульфаттар және глюкуронидтер түрінде) болып табылады. Метаболиттер және өзгермеген адреналиннің аз мөлшері бүйрек арқылы шығады.

Адреналин анафилаксиялық шокта және басқа да жылдам жүретін аллергия түрлерінде қолданылады. Ол бронхолитик ретінде бронхиалды демікпенің ұстамаларында тиімді. Оны диабетке қарсы заттармен шақырылған гипогликемиялық комада (инсулин және т.б.) қолданады. Кейбір жағдайларда оны прессорлық зат ретінде тағайындайды (мұндай мақсатпен норадреналин мен мезатон жиі қолданылады). Адреналинді анестетиктер ерітіндісіне қосады (1; 1.1 тарауды қара). Адреналинді енгізген аймақтың тамырларының тарылуы жергілікті анестезияны күшейтіп, олардың резорбтивті және уытты әсерлерін төмендетеді. Адреналин атриовентрикулярлы тежелулерді жою үшін, сондай-ақ жүректің тоқтауында қолданылуы мүмкін (интракардиалды енгізеді). Оны офтальмологияда көз қарашығын кеңейту үшін және ашық бұрышты глаукомада қолданылады.

Адреналин жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін. Адреналинді миокардтың сенсибилизациясын шақыратын (мысалы, наркозға арналған

103

фторотанда) заттармен қосып енгізгенде ол айқын аритмия (көбіне қарыншалық экстрасистолиялар) шақырады.

α- және β- адренорецепторларды қоздыратын заттар өкілінің бірі L- норадреналин. Ол медиатор түрінде адренергиялық нейрондарда болады сонымен қатар бүйрек үсті безінің милы қабатында бөлінеді (15%-ға дейін).

Норадреналин (левартеренол, норэпинефрин) тікелей α-адренорецепторларды, сондай-ақ β1 адренорецепторларды (β2-адренорецепторларды аздап) ынталандырады.

Норадреналинің негізгі әсері айқын, бірақ (бірнеше минут) артериялық қысымды қысқа мезгілге жоғарылатуымен байқалады, ол тамырлардың α-адренорецепторларына әсер етуіне және соңғысының шеткі кедергісінің жоғарылауына байланысты. Адреналинмен салыстырғанда оның кейіннен байқалатын артериялық қысымның төмендеуі болмайды, өйткені норадреналин тамырлардың β2- адренорецепторларына өте аз әсер етеді. Норадреналиннің әсерінен тамырлар тарылады.

Норадреналиннің әсерінен жүректің жиырылу ырғағы сирейді. Синустық брадикардия жылдам басталатын гипертензияға жауап ретінде тамырлардың механорецепторларына әсеріне байланысты басталады. Эфферентті жолдар болып кезбе жүйкелер жүреді. Осыған байланысты норадреналинмен шақырылатын брадикардияның алдын атропинмен алуға болады. Рефлекторлы механизмдер жүректің β1-адренорецепторларына норадреналиннің айтарлықтай дәрежеде ынталандыратын әсерімен ескерілмейді. Қорыта келгенде жүректік шығару мүлде өзгермейді немесе төмендейді, ал соғу көлемі жоғарылайды.

Норадреналин ішкі мүшелердің бұлшық еттеріне, зат алмасуға және ОЖЖ-не адреналинге ұқсас әсер көрсетеді, бірақ айқындығы төмен.

Ішке енгізгенде норадреналин ыдырайды (асқазан-ішек жолдарында және бауырда). Тері астына енгізгенде инъекцияның орнында тамырлардың спазмын (түйілу) шақырады, сондықтан нашар сіңеді және тіндердің некрозын шақыруы мүмкін. Негізінен көк тамырға енгізеді. Норадреналинді бір рет енгізгенде қысқа уақыт әсер етеді, сондықтан оны көк тамырға тамызып енгізеді. Тамырішілік инфузияның жылдамдығы қажетті деңгейге дейінгі артериялық қысымның жоғарылауымен анықталады. Норадреналин ағзада айтылған механизмдер бойынша тез ыдырауға түседі (нейроналды ұсталу, энзиматикалық айналулар). Норадреналинің метаболиттері және аз өзгермеген түрі бүйрек арқылы шығады.

Норадреналин артериялық қысымның төмендеуімен жүретін көптеген жағдайларда қолданылады (жарақаттар, хирургиялық кірісулер).

Айқын гипотензиямен жүретін кардиогенді және геморрагиялық

104

шоктарда норадреналинді тағайындамайды, өйткені артериолдардың спазмы тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін одан әрі төмендетеді. Мұндай жағдайларда α -адреноблокаторларды және β-адреномиметиктерді тағайындаған жөн, артериялық қысымды жоғарылату үшін қан алмастырушылары қолданылады.

Норадреналинді қолданғанда жанама әсерлері сирек байқалады. Тыныстың бұзылуын, бастын ауыруын және миокардтың қозғыштығын жоғарылататын заттармен бірге тағайындағанда жүректің аритмиясын шақыруы мүмкін. Енгізген жерде норадреналин тіндердің некрозын шақыратынын ескеру керек. Бұл оның коршаған тіндерге түсуімен және артериолдардың спазмына байланысты. Норадреналинді көктамырға катетер арқылы енгізу, жылытқыштарды қолдану, енгізген орындарын ауыстыру және басқа да шаралар осындай асқынулардың дамуын төмендетеді.

4.1.2. α -АДРЕНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ АЙРЫҚША

ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (α -АДРЕНОМИМЕТИКТЕР)

α -адренорецеторларға таңдамалы м е з а т о н (фенилэфрин гидро-хлориді) әсер етеді. Ол сондай-ақ фенилалкиламиндерге жатады. Мезатонның адренорецепторларға тікелей әсерімен бірге бірқатар қосымша әсерлері де белгіленген (аз дәрежеде пресинаптикалық ұтардан норадреналиннің шығуына ықпал жасайды).

Норадреналин секілді мезатон көбінесе жүрек-тамыр жүйесіне әсер етеді. Артериялық кысымды жоғарылатады (көк тамырға енгізгенде шамамен 20 мин, тері астына - 40-50 мин), рефлекторлы брадикардия шақырады. Жүрекке тікелей мүлдем әсер етпейді. ОЖЖ-не аздап ынталандырғыш әсер көрсетеді. Норадреналинге қараганда мезатон тұрақты. Ішке қабылдауда тиімді.

Қолдану көрсеткіштері норадреналинге ұқсас. Мезатон прессорлык зат ретінде қолданылады. Сонымен қатар оны ринитте жергілікті тағайындайды. Анестетиктермен бірге тағайындауға болады. Мезатон ашық бұрышты глаукомада көрсетілген.

а -адреномиметик нафтизин (нафазолин нитраты, санорин) химиялық құрылымы бойынша норадреналин мен мезатоннан айтарлықтай айырмашылығы бар. Бұл имидазолин туындысы. Нафтизин норадреналинмен және мезатонмен салыстырғанда тамырларды ұзақ уақытқа тарылтады. ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді1. Оны ринитте жергілікті қолданады.

' Имидазолин туындысы топтарының а-адреномиметиктерінін бірі-тизанидин-н і н (сирдалуд) орталык миорелаксанпык қасиеті бар. Бұлшык ет тонусын төмендету кабілеті жұлындағы пресинаптикалык аг-адренорецепторларды ынталандыруына байланысты, бұл өз кезегімен жүйке ұштарындағы коздырғыш амин кышкылдарының босап шығуын төмендетеді. Бұл жұлындық нейрондардын тежелуіне және полисинаптикалык рефлекстердін басылуына әкеледі. Гипотензивті әсері жагынан клофелиннен 10-50 есе төмен (химиялық құрылымы және фармакологиялық спектрі бойынша ұқсас). Әр түрлі генездердің спастикалық жағдайларында қодданылады.

105

Нафтизинге ұқсас препараттың бірі галазолин (ксилометазолин). Ол да имидазолин туындысына жатады. Оны жедел ринитте жергілікті қолданады. Біраз тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

4.1.3. β-АДРЕНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ АЙРЫҚІІІА

ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (β -АДРЕНОМИМЕТИКТЕР)

Фенилалкиламиндер туындысының β-адреномиметигінің бірі болып и з а д р и н (изопреналин гидрохлориді, изупрел) табылады. β -адреноре-цепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Изадрин β1-, β2-, β 3-адренорецепторларды қоздырады. Оның негізгі қасиеттері жүрекке және тегіс бұлшық еттерге әсеріне байланысты. Изадрин жүректің β1-адренорецепторларын ынталандыра отырып, жүрек жиырылуының күші мен жиілігін жоғарылатады. Систолалық қысым бұл кезде жоғарылайды. Сонымен бірге препараттамырлардың β2-адренорецепторларын қоздырады (әсіресе қаңқа бұлшық еттерінің тамырлары). Мұнда диастолалық қысым төмендейді. Орташа артериялық қысым да төмендейді.

Изадрин атриовентрикулярлық өткізулерді жеңілдетеді, жүректің автоматизмін жоғарылатады.

Ол бронхтардың тонусын тиімді төмендетеді (ингаляция кезінде 1 сағатқа сақталатын бронхолитикалық әсерді жылдам шақырады), асқазан-ішек жолдары бұлшық еттерінің тонусын төмендетеді, сонымен қатар β-адренорецепторлары бар басқа да тегіс бұлшық еттерді босаңсытады.

Изадрин ОЖЖ-сін ынталандырады. Зат алмасуға адреналин секілді әсер етеді, бірақ гипергликемия мұнда аз байқалады.

Изадрин бронхоспазмдарда (аэрозоль түрінде ингаляциялық жолмен енгізеді), сондай-ақ атриовентрикулярлық тежелулерде (сублингвалды түрде) қолданылады.

Жағымсыз әсерлері: тахикардия, кейде жүректік аритмиялар, дірілдеу, бастың ауыруы.

Изадриннің β1-адреномиметикалық әсеріне байланысты бронхиалды демікпеде қолданғанда байқалатын бірқатар жанама әсерлерін (әсіресе тахиаритмия) ескере отырып, β2-адренорецепторларға таңдамалы әсер ететін препараттар синтезделген. Оларға сальбутамол, тербуталин (бриканил), фенотерол (беротек Н, партусистен) және т.б. жатады. Бұлардың изадриннен айырмашылығы жүректің β1-адренорецепторларына аз әсер етуінде. Сонымен қатар, бұлар изадринмен салыстырғанда ішке қолдануда тиімді және ұзақ әсер етеді (әсіресе тербуталин). Аталған препараттар бронхолитикалық зат ретінде (ингаляция түрінде, ішке,

106

парентералды), сондай-ақ миометрияның жиырылу белсенділігін төмендету үшін қолданылады.

β1-адренорецепторларды таңдамалы ынталандыратын заттар да бар. Оларға добутамин жатады. Негізгі қасиеті-айқын оң инотропты әсер. Кардиотоникалық зат ретінде қолданылады (14.1.2. тарауды қара).