Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317.44 Кб
Скачать

10. Жоспарлау функциясы

Жоспарлау. Бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі каржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға катысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметгері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы ксрек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.

Бухгалтер-талдаушы смета жасағанда қысқа мерзімді жоспарларды жасағанда басты рөлдердің бірін атқарады және көрсеткіштерді болжау кезінде қажет болуы мүмкін мәліметтерді жете дайындауды үйлестіреді және олардың өзара ұштасуын қадағалайды. Сосын ол бұл жоспарларды барлық ұйымның жалпы қаржылық сметасына біріктіреді және жоғары басшылыкқа бекіту үшін ұсынады. Бухгалтер-талдаушы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын талқылауға, күрделі қаржы бойынша ұсыныстарды бағалауға қатысады, өнімнің ең тиімді түрлерін анықтайды, өткізудің әлеуетті нарықтары мен оңтайлы бағаларды үсынады. Қазіргі заманғы бухгалтер-талдаушы бухгалтерлік есептін оперативті; қаржылық талдау мен қаржылық жоспарлау тәсілдерін тең дәрежеде меңгеруі тиіс.

11. Мөлшерлеу сипаттамасын берініз

Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.

12. Талдау – функциясына сипаттама берініз

Талдау бухгалтерлік есеп беру мәліметтеріне негізделеді. Жоспарлы қызмет статистикалық есептерді; көрсеткіштердің нақты мәнін салыстыратын қорытындылар мен жоспарлы мәліметтер ұсынылады. Тексерушінің міндеті-талдау негізінде өндіріс пен өткізудің пайдалылығын (рентабельділігін) ұлғайту мен шығындарды қысқарту жөнінде басшыға ұсыныс жасау.

Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс-қызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді, Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорыннын, стратегиялык міндеттерінен бөліктенетіндікен, кәсіпорынның стратегиялык мақсаттарын бакылау болады.

Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.

13. Бақылау – функциясына сипаттама берініз

Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.

Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр.

Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, яғни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар екенін атап өту қажет. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет.

Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастырура негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары информацияны жинап өңдейді, бұл информация бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсаттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. информацияларды жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]