Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317 Кб
Скачать

2. Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:

• теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе ойдағыдай орындауымен қол жеткізеді, кәсіпорынның мақсаты болып табылады, демалыс уақытының нормаланған шамасына, куаттылықты толық пайдалануға негізделген әрі ақауға, іркіліске (простои), бүлінуге кететін уақыт шығынын қарастырмайды;

• өткен шақтың орташа орындалуы - статистикалық мәліметтер бойынша есептеледі және әр ақауға, іркіліске бүлінуге кеткен уақыт шығындарын, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктерді қамтиды;

• қалыпты орындау - алдағы кезеңдердегі норма кернеулігінің болжалды орташа деңгейін қарастырады.

3. Өнім шығарылымының мөлшеріне байланысты: Өнім шығарылымының көлемі стандарттарды әзірлеу тәсілдемесіне бірінші деңгейдегі әсері болады:

• теориялық - кәсіпорынның қуаттылығы теориялық тұрғыдан алдын ала анықталады. Оған бір жолғы тәртіппен қол жеткізуге болады немесе қол жетпеуі де мүмкін;

• тәжірибелік - шығарылымның нақты қол жететін деңгейіне негізделген, болмай қоймайтын шығындарды жібереді және теориялық стандарттың деңгейіне жуық жақсы орындаумен кәсіпорын қол жеткізеді;

• қалыпты - кезең ішіндегі өндіріс көлемінің жоғары және төменгі шамаларының орташасынан өнімді шығарудың қол жететін деңгейінде есептеледі;

• болжалды - өнім шығарылымының болжалды мөлшеріндегі нақты өндіріс жағдайының негізінде есептеледі.

Қабылданған стандарттардың кез келген тәсілдемесі өндіріс процесінің басталуына дейін бухгалтерияда стандартты өзіндік құндардың картасында қорытындыланады. Карта бұйымды, тапсырысты қабылдап алған өндірістік бөлімшелер бойынша бұйым және тапсырыс бойынша жасалады.

"Стандарт-кост" жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестірудегі кәсіпорынның көлеміне қарай стандарттар мен әдістемелерді есептен шығаруды бақылаушы немесе "стандарт-кост" жүйесімен байланысты барлық бөлімшелердің өкілдері кіретін комитет анықтайды.

Стандарт-кост - бұл өндіріс процесінің барысын және нормативінен нақты көрсеткіштердің ауытқу мәнін ұдайы бақылауға, бұл ауытқулардың пайда болу себептерін талдауға, оны бір уақыттарда өзгерту тенденциясына, ауытқушылықты азайтуға басқарушылық ықпалды пайдалануға немесе нормаларды түзетуге негізделген өндірістік шығын деңгейін ұтымды басқару.

"Стандарт-кост" жүйесінің артықшылықтары мынада:

• кәсіпорын пайдасын кемітетін шығынды анықтау мүмкіндігі;

• келешекте болуы мүмкін шығындарды болжау мүмкіндігі;

• калькуляциялаумен байланыстырылған есептік жұмыстың ең аз шамасы;

• бұйымды өндіруге және өткізуге жұмсалатын болжалды шығындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

• өнім бірлігінің алдын ала есептелген өзіндік құндары негізінде бағаны қалыптастыру;

• нормативтен ауытқу мен оның пайда болу себебін бөлу арқылы кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді жасау;

• өткізу бөлімі арқылы сату көлемін жоспарлауы және оңтайлы бағаны белгілеуі мүмкін өндірістің өзіндік құны туралы нақты деректерді менеджерге ұсыну.

Барлық осы міндеттерді шешуде "Стандарт-кост" жүйесі өткен шығын жүйесіне қарағанда сәттірек болады.

Бүгінгі күні «стандарттық шығындар» түсінігі әлемдегі, барлық іскерлік салада, жалпы қабылданған түсінік болып саналады. Бірақ та, олар бірінші рет өндіріс сферасында пайда болғанымен, бүгінде стандарттық шығындар кәсіпкерліктің барлық аясына толығымен енді деуге болмайды. Стандарттық шығындар деп қандай да бір қызметтің немесе өндірістің барысында алдын ала белгіленіп немесе жоспарланып қойған шығындардың деңгейін айтады.

Дәл осы бағыттар бойынша стандарттар – нормалары дайындалды, содан соң жүйеленген есептеулер «стандарт - кост» жүйесі болып аталуына ие болды. «Стандарт» - бұл бір өнім бірлігін өндіру үшін қажетті материалдық және еңбек шығындарының саны немесе алдын ала есептелген өнім бірлігінің өндірісіне қажет материалдық және еңбек шығындары; «кост» - бұл өнім бірлігін дайындауға кеткен өндірістік шығындардың ақшалай көрінісі.

Батыстық экономикалық әдебиеттерде «стандарт - кост» жүйесіне әр түрлі мағынадағы анықтамалар беріледі, сондықтан осы түсінікке әр түрлі мазмұндар кіреді. Бірақ та, барлық жағдайларда бұл жүйе тікелей өндіріс шығындарын реттеуге бағытталған бақылаудың құралы ретінде түсіндіріледі.

«Стандарт - кост» жүйесінің артықшылығына мыналарды жатқызады: бұйымды сату және өндіруге жұмсалуы тиіс, яғни күтілетін шығындар жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз ету, алдын ала есептелетін өнім бірлігінің өзіндік құны негізінде бағаларды белгілеу, нормативтерден ауытқуларды және олардың пайда болу себептерін көрсете отырып табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерді жасау.

«Стандарт - кост» жүйесі, басқа да қолданылып жүрген шығындар жүйесі сияқты, оның да артықшылықтары мен ерекшеліктері бар: біріншіден, қаражаттарды жұмсау процесінде стандарттардан ауытқуларды анықтаудың негізі болып оларды құжаттау емес, арнайы шоттардағы бухгалтерлік жазулардан көруге болады; екіншіден, стандарттардан ауытқыған бөлігін көрсетумен ерекшеленеді және осы ауытқуларды есептеу үшін арнайы бөлек синтетикалық шоттарын ашады, сосын – калькуляциялау баптары бойынша олардың факторларын жіктейді.

«Стандарт - кост» жүйесіндегі осы ерекшеліктері мынаны білдіреді: шығындарды басқару мақсатында әрқашан оларды қарастырғанда осы ауытқулардың қаншалықты ескеруге тұратындығы, қандай проблемаларды шешуде қолдануына болатындығы және нені көрсететіндігі, өндіріс шығындарын талдауда анықталған ауытқулардың маңыздылығы қарастырылады.

«Стандарт - кост» жүйесінің басқа да көрнекті жайын толығымен тануға 1919 жылы АҚШ – да құрылған өндіріс - бухгалтерінің ұлттық ассоцияциясы үлкен септігін тигізді. Бұл аталған ұйым бухгалтерлік мамандарын дайындау мен қайта дайындауда үлкен үлес қосқан.

«Стандарт - кост» түсінігі, басқа көптеген түсініктер сияқты, бастапқы уақытта әр түрлі атауларға ие болды. Әсіресе мынадай терминдерімен тығыз байланысады, атап айтсақ: «нормативтік өзіндік құн», «сметалық өзіндік құн», яғни алдын ала калькуляцияланған және т.б. түрінде қолданылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, тарихи «стандарт - кост» отандық нормативтік есеп жүйесінің келешектегі көрінісі болып табылады.

1931 жылы басқарудың техникасы жөніндегі институты «стандарт - кост» жүйесінің тәжірбиеде қолданылуы мен жүзеге асырылуының мүмкіндіктерін зерттеді. Осы мәселені шешуге қомақты үлесті профессор Жебрак М. Х. жүйені шығындар есебінің нормативтік әдісі ретінде ұсынды.

«Стандарт - кост» жүйесінің мәні мынада: есепте тек болғанды ғана көрсету емес, сондай – ақ болатынды да, нағыз емес лайықты мәселелерін ескереді және пайда болған немесе орын алған ауытқуларды көрсетуді көздейді. Осы жүйенің алдына қойған негізгі міндеті – ұйымның табыстарындағы ауытқулар мен шығындардың есебі. Оның негізінде қандайда бір өнім немесе жартылай фабрикатты дайындаумен байланысты материаодар, энергия, жұмыс уақыты, еңбек, жалақы және т.б. шығыстарының нормасын анықтау мәселелері кіреді. Бұл белгіленген нормаларды асыра орындауға міндеттеу емес. Олардың 80%-ке жуығы орындалса, онда ол стандарт – кості жүйесінің мақсаты орындалған болып саналады.

Стандарттық жүйеде, өзіндікқұнды есептеудің алгоритмі бар. Мәселен, бұйымды дайындаумен байланысты барлық опрациялар нөмерленеді. Осы өнімге тиесілі кесімді және мерзімді жұмыстарының тізбесі анықталады. Мерзімді төленетін жұмыстарға кететін шығыстар операцияны орындау үшін қажет болатын стандарттық уақыты, стандартты сағатық мөлшерлемесіне көбейту арқылы анықталады. Материалдардың стандарттық құны стандарттық бағаның стандарттық шығысқа көбейтумен есептелінеді.

Стандарттық бағалар ретінде нарық жағдайында қалыптасқан бағалар қолданады. Олар франко – станция белгілеген шартымен есептелінеді.

«Стандарт - кост» жүйесі жағдайында стандарттар тек өндірістік өзіндік құн үшін ғанғ емес, сондай – ақ табыстылыққа әсер ететін басқа да факторлар үшін есептелінеді. Мысалы, сату көлемі үшін, коммерциялық және әкімшілік шығыстср үшін және т.б.

«Стандарт – кост» жүйесінің жалпы қағидаларын қарастыра келе ауытқуларды талдау мен есептеу әдістемесін көрсететін шығынға келетін болсақ, ол үшін ең алдымен материалдық шығындарына жасалатын стандартты есептеулер болып табыады. Мұнда ең бастысы - материалдардың бағасын анықтау қажет.

Енді нақты еңбек шығындарының стандарттықтан ауытқуларын анықтау мен олардың пайда болу себептерін белгілекіміз керек. Сағат бойынша төленетін еңбек ақының нысаны кезінде есептелген жалақыныңсомасы, жұмыстың нақты атқарылған уақыттың санына және еңбек ақының мөлшерлемесіне тәуелді. Демек, негізгі жұмысшылардың нақты есептелген еңбек ақысының ауытқу деңгейі оның стандарттық деңгейімен, яғни екі фактордың көмегімен анықталады, еңбек ақының мөлшерлемесі мен атқарылған сағаттардың саны бойынша ауытқулар, яғни еңбек өнімділігі бойынша.

Еңбек ақының мөлшерлемесі бойынша ауытқуларды нақты және стандартты еңбек ақысының мөлшерлемелерінің арасындағы айырмасына нақты атқао\рылған сағастқа көбейтіп барып анықталады.

«Стандарт -косттан» дәстүрлі нормативтік есеп жүйесінің айырмашылығы ол сату процесіне бағдарланбаған, сондықтан бағаларды негіздеуге мүмкіндік бермейді.

Демек, «стандарт - кост» жүйесі бойынша калькуляциялау мен шығындар есебінің мәні мынадай:

  1. келіп түскен материалдарға стандарттық бағалардан ауытқуларын жазу;

  2. ақаудың құнын анықтау;

  3. үстеме шығыстардың шын мәніндегі деңгейін стандарттықпен салыстыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]