Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317.44 Кб
Скачать

87. Нормативтік әдістің міндеті мен негізгі мақсаты

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;

• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердін санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Әрбір тармаққа жеке тоқталайық.

Нормативтік әдіс бойынша жұмысты ұйымдастыру табыс табумен байланысты материал, еңбекақы және басқа "шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады. Нормативтік картаның негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады. Ол қолданыстағы өндіріс технологиясынан, уақыт нормасынан, еңбекақыны бағалаудан, жөнелтпе құжат шығындарының тоқсандық сметасында бекітілген материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнімнің қолданыстағы бағасына ықпал ететін бастаулық жиынды (черновой массы), таза жиыны (чистый массы) мен қалдықтарын қоса көрсететін материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнім шығындарының нормасынан жасалады.

Үдемелі нормалар мен нормативтер - шығынға қарсы механизмнің маңызды элементі, өндіріс тиімділігін арттырудың өнімнің өзіндік құнын жоспарлауды, есебі және калькуляциялауды жетілдірудің бірден-бір шарты.

Норма - бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестін, әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.

Нормативтер, мысалы, металды пайдалану коэффициентін, жабдық жұмысының тәртіптемесін сипаттайтын салыстырмалы шама.

Техникалық-экономикалық норманы және нормативті әзірлеу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Нормативтік шығын дегеніміз, әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс табатын алдын ала мұқиат анықталған нақты іс жүзіндегі шығынды білдіреді. Оған өндірістік шығынның барлық үш элементі кіреді - тікелей материалдық шығын, тікелей еңбек шығыны және жалпы өндірістік шығын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]