- •Басқару есебінің мәнінің анықтамасы мен функциялары
- •Басқару және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы
- •Басқару есебінің ақпараттық пайдаланушылары
- •4. Басқару үрдісіндегі талдаушы-бухгалтердің рөлі
- •5. Есептік ақпараттар
- •6. Басқару есебі әдістерінің негізгі элементтері
- •7. Құжаттау
- •8. Түгендеу
- •9. Бақылау шоттары
- •10. Жоспарлау функциясы
- •11. Мөлшерлеу сипаттамасын берініз
- •12. Талдау – функциясына сипаттама берініз
- •13. Бақылау – функциясына сипаттама берініз
- •14. Негізгі шығындар
- •15. Үстеме шығындар
- •16. Тікелей шығындар
- •17. Жанама шығындар
- •18. Кірістік шығындар
- •43. Басқару есебі мен қаржылық есебінің айырмащылығы неде
- •44. Контроллинг дегеніміз нені білдіреді, оның түсінігі мен ролін келтірініз
- •45. Жабдықтау - дайындау қызметі нені білдіреді
- •46. Өндірістік кызметі нені білдіреді және оған сипаттамасын берініз
- •47. Қаржылық - өткізу қызметіне сипаттама берініз
- •48. Смета (бюджет) нені білдіреді, оның сипаттамасын берініз
- •49. Мәлімет түрлері, оның басқарушылық және қаржылық есепте айырмашылығына сипаттама берініз
- •50. Өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына қарай қалай топтастырылады
- •51. «Бірінші түсім – бірінші жөнелтілім» әдісі
- •52. Матиериалдарды есептеу кезінде қандай әдістер пайдалынады
- •53. Өндірістік мекемелерде шығындардың пайда болу орны туралы сипаттама берініз
- •54. Экономикалық ақпарат түрлері мен оларға сипаттама берініз
- •55. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне сипаттама
- •56. Өндірістік шығындар есебінің тапсырыстық әдісі
- •57. Шығындарды топтастыруға сипаттама берініз
- •58. Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді, оларға мысал ретінде сипаттама берініз
- •59. Ағымдағылар шығындар, оларға жатқызатын шығындарға сипаттама берініз
- •60. Бір жолғылар (бір мәрте) шығындарға не жатқызылады
- •66. Массалық өндіріске сипаттама берініз және қай өндіріс салаларында пайдаланады
- •67. Сериялық өндіріске сипаттама берініз және қай өндіріс салаларында оны пайдаланады
- •68. Калькуляция, оның түсінігі мен объектілері
- •69. Үстеме шығындар, оны есептеу жүйесі
- •70. Өнімнің (қызметтің, жұмыстардың) өзіндік қүнын әзерлеу процессі
- •71. Өндірістің әр фазасы, кезеңі бойынша шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнын анықтау қандай әдіспен жүргізіледі, оған сипаттама берініз
- •72. Басқару есебін жүргізу тәртібі
- •82. Стадиялық Әдіс
- •85. Басқарушылық есептің түрлері, олардың сипаттамасы
- •86. Стратегиялық есеп, оның сипаттамасы мен ерекшілігі
- •87. Нормативтік әдістің міндеті мен негізгі мақсаты
- •88. Барлық стандарттарды үш деңгейің атап көрсетініз және оларға сипаттама берініз
- •89. «Стандарт-кост» жүйесі
- •1. Баға деңгейін есепке алумен байланысты:
- •2. Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:
- •90. «Директ-кост» жүйесі
71. Өндірістің әр фазасы, кезеңі бойынша шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнын анықтау қандай әдіспен жүргізіледі, оған сипаттама берініз
Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін шығындар шығын элементтеріне және шығындардың калькуляциялық статьяларына бөлінеді.
Шығын элементтері - өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына байланысты экономикалық біртекті шығындар. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтау өндіріске қанша шығындалғанын көрсетеді.
Өнімнің (қызметтін, жұмыстың) өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық элементтері бойынша топталады:
материалдық шығындар;
еңбек ақы шығындары;
еңбек ақыдан аударымдар;
негізгі құралдырдың тозуы;
басқа да шығындар;
Өнім өндірісіне кететін шығындарды осылайша ғылыми жіктеу өзіндік құнды анықтауға тиімді есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, өндірісті ұйымдастыру және өндіріс шығындарының алғашқы және талдамалы есебін құрауда осы жіктеудің маңызы зор. Өнімнін өзіндік құнын анықтауда шығындар өнімнің өзіндік құнына кіретін үлесі есепті кезеңге сәйкес келетіндей боып таратылады. Өнімнің қандай түрі болмасын оның негізін құрайтын, яғни оны шығаруға кеткен шығындарды белгілі жіктелген, ғылыми негізделген шығын баптары арқылы есептеудің оның өзіндік құнын дәл анықтауына мүмкіндік береді. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік құнына кіретін шығындардың дұрыс есептелуі әрбір өнімнің, өнім топтарынын нақты өндірістік өзіндік құнын анықтайды.
72. Басқару есебін жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының жүзеге асырылып жатқан бухгалтелік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикалық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Басқару іс-әрекеті тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады. Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі-бухгалтерлік есептің жеке жүйешесі ретінде қадрмен қамтамасыз ету болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтер-талдаушы талап етіледі. Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып- білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көрсететін кез келген. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін. Желілік қатынастар бағынышты адамдарға нұсқау беруді көздейді. Бас бухгалтер-талдаушы барлық бухгалтерлік қызмет, демек желілік қатынастар жұмысы үшін де жауап береді. Желілік емес өндірістік қатынастар бір бөлім екінші бір бөлімдерге (мысалы кадр, жабдықтау, жобалау, қаржымен қамтамасыз ету бөлімдеріне) қызмет көрсеткен кезде пайда болады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметі бұл орайда да штабтық сипатқа ие болады, өйткені оған бағынышты қызмет кәсіпорының басқа бөлімшелеріне кеңес береді, қызмет етеді және үйлестіреді. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқталайық. Басқарма іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеуден және ынталандырудан тұратыны бәрімізге белгілі.
Жоспарлау. бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі қаржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға қатысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметтері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы керек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.
Бақылау мен реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуынсыз бұл процестің де болуы мүмкін емес. Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады. Бухгалтер-талдаушы жоспарлы көрсеткіштерден болатын кейбір өндіріс нәтижелерінің ауытқу жағдайлары туралы менеджерді хабардар еткенде, бақылау мен реттеу процесінде үлкен рөл атқарады. Басқаша айтсақ бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады. Бухгалтер-талдаушы дайындаған есептер, бір жағынан, жауапкершілік орталықтары басшыларының қызметін әділетін бағалауға мүмкіндік береді; екінші жағынан, менеджерлер мен басшыны қай учаскелерде жоспарлық көрсеткіштерге жету мүмкін болмағаны туралы хабардар етеді.
Іскерлік байланыстар (ақпарат алмасу). Басқару есебі ақпарат пен есеп алмасудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мысалы. Жоспарлар жүзеге асыруға жауапты менеджерлерге жеткізіледі, оның үстіне, бұл ақпарат әр түрлі бөлімшелердегі менеджерлерге өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдалы болуы мүмкін. Сметаны орындау жөніндегі бухгалтерлік есептер менеджерге маңызды ақпарат ұсынады, ол басшылықты қаншалықты табысты атқарып отырғаны және ауытқушылықтар жөнінде басқару тәсілдері көмегімен қандай сұрақтарды қарастыру қажет екендігі жайлы тұжырымдар жасайды.
Ынталандыру. Бухгалтер-талдаушы жасайтын бюджет менеджерлерге жоспарлы көрсеткіштер туралы анық түсінік-таныстыру беріп, олардыұйым жұмысты алдына қойылған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыра алуға жетелеуге, ынталандыруға тиіс. Бюджетті атқару туралы есептер еңбек өнімділігінің орындалған көрсеткіштеріне түзету енгізуді дәлелдеуге және нақты нәтижелерді жоспарланғандармен салыстыру арқылы қандай көрсеткіштерге жетуге тиісті екендігі жайлы ақпарат беруге ынталы. Бұнда басқа, бухгалтер-талдаушы ұйым қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға мүмкіндік жасайды және болуы ықтимал басқару проблемалары және жан-жақты қарастыруды талап ететін мәселелер аумағын анықтауға үлкен көмек көрсетеді. Кәсіпорындағы бухгалтер-талдаушының кәсіби іс-әрекеті арқасында жеке қызметтері арасындағы ақпарат пен есеп беруді алмасу мен менеджерлердің бақылау мен реттеу процестерін атқаруы үшін негіз жасалады. Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріншіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді.
79. Жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарына майлау, сүртетін және жабдықтардың күнделікті күтімі мен жөндеуі үшін материалардың басқа да түрлері; жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы (зауыт ішіндегі көліктер); жұмысшылардың жалақысы, сонымен қоса әлеуметтік қажеттілікке аударымдар; энергияның, будың, сығылған ауаның, судың барлық шығындары; дайын өнімдер; құндылығы шамалы және тез тозатын құралдар мн бұймдар, жабдықтармен жұмыс істеуге байланысты өзге де шығындар жатады.
Жабдықтау кезеңі - материалды өндіруге немесе сатып алуға кажетті уақыт аралығы. Материалға тапсырыс беруді шешу және оны қоймаға жеткізудің арасындагы уақыт аралығын қамтиды.
Жабдықтау мерзімінің ауытқуы - жұмыс уақытында жабдықтау нақты жүзеге асырылған күн мен жоспарланған күннің арасындағы айырмашылық
80. Өндірісті басқару шығындары жалақыны және өндірістік- диспетчерлік аппарат пен цехтардың әкімшілік – басқару аппаратын, өндірістік бөлімшелердің әлеуметтік қажеттілігіне аударымдарды; өндірісті дайындау және ұйымастыру шығындарын; өндіріс қажеті үшін пайдаланаын үйлерді, ғимараттарды, мүліктерді күтіп ұстау мен жөндеу, амортизация; қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, кадрларды кәсіби бейімдеу және даярлау шығындары; өндірістік бөлімшелерді басқарудың басқа да шығындары жатқызылады.
Өндіріс шығыны - ақшалай түрде көрінетін кәсіпорынның өнім (жұмыс жэне қызмет) өндіру мен оны өткізу шығынының жиынтығы.
81. Нормативтік әдіс түсінігі, оның ерекшілігі мен қолдану салалары Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:
• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;
• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.
Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.
Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.
Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:
1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.
Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердін санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.
2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.
3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.
4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.
5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.
