- •Басқару есебінің мәнінің анықтамасы мен функциялары
- •Басқару және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы
- •Басқару есебінің ақпараттық пайдаланушылары
- •4. Басқару үрдісіндегі талдаушы-бухгалтердің рөлі
- •5. Есептік ақпараттар
- •6. Басқару есебі әдістерінің негізгі элементтері
- •7. Құжаттау
- •8. Түгендеу
- •9. Бақылау шоттары
- •10. Жоспарлау функциясы
- •11. Мөлшерлеу сипаттамасын берініз
- •12. Талдау – функциясына сипаттама берініз
- •13. Бақылау – функциясына сипаттама берініз
- •14. Негізгі шығындар
- •15. Үстеме шығындар
- •16. Тікелей шығындар
- •17. Жанама шығындар
- •18. Кірістік шығындар
- •43. Басқару есебі мен қаржылық есебінің айырмащылығы неде
- •44. Контроллинг дегеніміз нені білдіреді, оның түсінігі мен ролін келтірініз
- •45. Жабдықтау - дайындау қызметі нені білдіреді
- •46. Өндірістік кызметі нені білдіреді және оған сипаттамасын берініз
- •47. Қаржылық - өткізу қызметіне сипаттама берініз
- •48. Смета (бюджет) нені білдіреді, оның сипаттамасын берініз
- •49. Мәлімет түрлері, оның басқарушылық және қаржылық есепте айырмашылығына сипаттама берініз
- •50. Өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына қарай қалай топтастырылады
- •51. «Бірінші түсім – бірінші жөнелтілім» әдісі
- •52. Матиериалдарды есептеу кезінде қандай әдістер пайдалынады
- •53. Өндірістік мекемелерде шығындардың пайда болу орны туралы сипаттама берініз
- •54. Экономикалық ақпарат түрлері мен оларға сипаттама берініз
- •55. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне сипаттама
- •56. Өндірістік шығындар есебінің тапсырыстық әдісі
- •57. Шығындарды топтастыруға сипаттама берініз
- •58. Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді, оларға мысал ретінде сипаттама берініз
- •59. Ағымдағылар шығындар, оларға жатқызатын шығындарға сипаттама берініз
- •60. Бір жолғылар (бір мәрте) шығындарға не жатқызылады
- •66. Массалық өндіріске сипаттама берініз және қай өндіріс салаларында пайдаланады
- •67. Сериялық өндіріске сипаттама берініз және қай өндіріс салаларында оны пайдаланады
- •68. Калькуляция, оның түсінігі мен объектілері
- •69. Үстеме шығындар, оны есептеу жүйесі
- •70. Өнімнің (қызметтің, жұмыстардың) өзіндік қүнын әзерлеу процессі
- •71. Өндірістің әр фазасы, кезеңі бойынша шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнын анықтау қандай әдіспен жүргізіледі, оған сипаттама берініз
- •72. Басқару есебін жүргізу тәртібі
- •82. Стадиялық Әдіс
- •85. Басқарушылық есептің түрлері, олардың сипаттамасы
- •86. Стратегиялық есеп, оның сипаттамасы мен ерекшілігі
- •87. Нормативтік әдістің міндеті мен негізгі мақсаты
- •88. Барлық стандарттарды үш деңгейің атап көрсетініз және оларға сипаттама берініз
- •89. «Стандарт-кост» жүйесі
- •1. Баға деңгейін есепке алумен байланысты:
- •2. Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:
- •90. «Директ-кост» жүйесі
58. Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді, оларға мысал ретінде сипаттама берініз
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
- Ағымдағы есепті кезең;
- Кейінге калдырылған
Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнін шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
- осы есепті кезенде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шғыстары);
- Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы ссепте және ағымдағы есепті кезенде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезенде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.
Ұйымның болашақтағы ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:
• инвестициялар (күрделі қаржы);
• болашақ кезең шығыстары.
59. Ағымдағылар шығындар, оларға жатқызатын шығындарға сипаттама берініз
60. Бір жолғылар (бір мәрте) шығындарға не жатқызылады
Бір жолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік кұнына кіреді.
61. Өнімнің өзіндік құн есебі көпшілік жағдайда өндіріс технологиясы мен оның ұйымдастырылуына, өндірілетін өнімнің әртүрлігі мен өндіру жиелігіне байланысты болады.
Өндірісті ұйымдастыру – белгіленген мерзімде, бекітілген ккөлемде және сапамен ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін өндіріс процесінің құраушы элементтерінің өзара байланысы және жалғасы деп түсінуге болады. Өндірісті ұйымдастыру өзіне мыналарды енгізеді:
- еңбекті ұйымдастыру, яғни жұмыс күшін орналастыру;
- материалдарды ен жартылай фабрикаттардың қозғалысы, олардың көлемін анықтау;
- жедел жоспарлау;
- техникалық бақылау;
- қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- өндіріс барысын жедел реттеу.
Жалпы өндірісті ұйымдастыру алғашқы құжаттармен рәсімделеді.
Өндіріс шығындарының есебініе сонымен қатар, өндіріс технологиясы әсер етеді. Өндіріс технолгиясы дегеніміз - өнімді өндірудің нақты тәсілдерін айтамыз. Өнім өндіру тәсілдерін, олардың әртүрлігіне өнеркәсіп өндірісінде қарамастан екі үлкен топқа бөледі: өндіруші және өңдеуші. Өндірушіге: кен, көмір, мұнай, газ, балық, орман дайындау және т.б. Бұларды шикізат пен негізгі материалдар шығыны болмайды. Яғни, өндірілген бір өлшем өнімнің өзіндік құнын жұмсалған шығындар мөлшерін алынған дайын өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Тек көмір өндірісінде жердің бетіне шығыарылған көмірдің өзіндік құны анықталады.
Өңдеуші салаға ауылшаруашылығы шикізаттары мен өңдеуді қажет ететін өнеркәсіп саласын жатқызуға болады. Оларға метеллургия, машина құрылысы, химия, текстиль, тамақ және т.б. кәсіпорындарын жатқызуға болады.
Өңдеуші өнеркәсіптерде өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру күрделі процесс болып саналады. Себебі, мұнда өнім брнеше технологиялық сатылар арқылы өтіп, жартылай фабрикатттар ретінде бір сатыдан екінші сатыға беріледі. Мніе осы кезде әрбір сатыдан өткен жартылай фабрикаттардың немесе дайын өнімнің өзіндік құнны анықтау қажет болады. Міне, мұның өзін шығындардың бухгалтерлік есебін әрбір сатыда жартылай өндірілетін өнімдер бойынша жүргізуді қажет етеді.
Технологиялық процестердің күрделігіне байланысты өндірісті күрделі және жәй деп екіге бөлінеді.
Күрделі өндіріске өндірілетін өнім бірнеше күрделі технологиялық сатылардан немесе фазалардан өтетін металлургия, текстиль, аяқ киім, машина құрылысы, балық өңдеу, ет өңдеу өнеркісіптері жатады. Күрделі өндірісте, міндетті түрде аяқталмаған өндіріс қалады.
Жәй өндіріс бір ғана технологиялық сатыдан тұратын өнім өндіріс жатады, мысалы: көмір, энергия, жылу өндіру, яғни бұл өнімдер қысқа мерзімнің ішінде өндірілгендіктен мұнда аяқталмаған өндіріс болмайды.
Шығындардың аналитикалық есебін ұйымдастыруға сонымен қатар, ұйымның мамандануы, яғни қызмет бағыты,өндірілетін өнімнің жиелігі мен көлемі, оның жие қайталануы сияқты факторлар әсер етеді. Сондықтан осыған байланысты өндірісті массалық, сериялық және жеке деп бөледі.
62. Мекеменің жалпы және әкімшілік шығындар өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарынан жеке есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгісі жоспарында 7210 «Әкімшілік шығыстар» деген шот қарастырылған. Есептің бұлай қойылуының жалпы және әкімшілік басқару шығындардың нақты мөлшеріне жүйелі түрде бақылау жасау, олардың бекітілген сметамен салыстыру және олардың барынша азайтуға ұтымды басшылық шешімдер қабылдау үшін үлкен маңызы зор.
Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындардан ерекшелігі, жалпы және әкімшілік шығындары өндіріс көлемінің өзгерісіне тәуелді емес. Бұл шығындар шартты тұрақты болып саналады, әрі кезең шығындары ретінде қаралады. Бұл шығындардың көпшілігі есепті кезеңде өнім өндірілмесе де, пайда бола береді.
63.
64. Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:
- реттелетін және реттелмейтін;
- тиімді және тиімді емес;
- мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;
- бақыланатын және бақыланбайтын.
65. Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Өндіріс үш элементтің – адам еңбегі, еңбек заты және еңбек құралдарының өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
