Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317.44 Кб
Скачать

55. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне сипаттама

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикапық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Бухгалтерлік мамандық сапалы жаңа деңгейге шығып, бухгалтер өз қызметінде шаруашылық фактілерін есептік тіркеуден өндірісті басқаруға көшіп, жаңа сатыға көтерілді.

Басқару іс-қызметі тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқталайық. Басқарма іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеуден (ақпарат алмасу) және ынталандырудан тұратыны бәрімізге белгілі.

Жоспарлау. Бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі каржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға катысады. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.

Бухгалтер-талдаушы смета жасағанда қысқа мерзімді жоспарларды жасағанда басты рөлдердің бірін атқарады және көрсеткіштерді болжау кезінде қажет болуы мүмкін мәліметтерді жете дайындауды үйлестіреді және олардың өзара ұштасуын қадағалайды.

Бақылау мен реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуынсыз бұл процестің де болуы мүмкін емес.

Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады.

Бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады.

Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріишіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді. Сондықтан ол өзінің тәуелсіздігі мен әділеттілігін (объективтілігін) менеджерге кәсіпорынды басқаруда шынайы ықласпен көмектесу ниетімен үйлестіруі тиіс.

56. Өндірістік шығындар есебінің тапсырыстық әдісі

Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтау үшін екі калькуляциялық шот қолданылады: негізгі өндіріс шоты 8010 және көмекші өндіріс шоты 8030.

Негізгі өндіріс шотының Дебеті тиісті шоттардың кредиті өндіріске жұмсалған тікелей шығындардың мөлшерін көрсетеді, материалдар, еңбек ақы, еңбек ақыдан аударымдар.

Дт 8110 Кт 1310, 3350.

Жанама шығындар алдын ала үстеме шығындар құрамында есептеліп, содан соң белгіленген бөлу базалары арқылы негізгі өндістегі өндірілген өнім және аяқталмаған өндіріс арасында таратылады. Үстеме шығындарға: машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, жылу, энергия, жарық, аренда, қызмет көрсетуші персонадардың еңбек ақылары және т.б шығындар жатады.

Көмекші өндіріс шығындары есепті мерзім ішінде көмекші 8030 штында жинақталып, есепті мерзімнің аяғында негізгі өндіріске апарылады.

Есепті мерзімнің соңында өндірілген өнімнің өзіндік құнны анықтау үшін алдыменен түгендеу және жедел есеп арқылы есепті мерзімнің аяқталмаған өндіріс көлемін анықтап, бағалайды, содан соң аяқталмаған өндіріс құнына шығындарды қосып, одан ақау болған өнімнің сомасын азайта отырып, есепті мерзімнің аяғында аяқталмаған өндірістің көлемін есептеп шығарады.

Дт 8110 Кт 1310 – 950,0 тг жұмсалған материалдар

Дт 8110 Кт 3350 – 500,0 тг есептелген еңбек ақы

Дт 8110 Кт 3350 – 120,0 тг еңбек ақыдана аударымдар

Дт 8110 Кт 8310 – 1035,0 тг үстеме шығындар

Барлық шығын 2605,0 тг

Дт 1320 – Кт 8110 – 2190,0 тг алынған дайын өнім

Дт 1340 – Кт 8110 – 4150, тг аяқталмаған өндіріс көлемі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]