Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317.44 Кб
Скачать

52. Матиериалдарды есептеу кезінде қандай әдістер пайдалынады

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.

Арнайы идентификациялау әдісі бірін бірі алмастыра алмайтын және арнайы жобалар мен тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды

бағалау үшін қолданылады. Жол құрылысында мұндай материалдың түрлеріне жер асты құбырларын, рельстік темір жолдарды жатқызуға болады.

Орташа өлшем баға әдісі арқылы жаңадан келіп түскен материалдардың бағалары қоймадағы материалдардың қалдық құндарымен біріктіріліп орташа бағасы шығарылады. Қоймаға материалдар түскен сайын баға қайтадан есептеліп, өндіріске жіберілгені және қоймадағы материалдардың қалдығы соңғы орташа баға бойынша көрсетіледі.

Өндірісте пайдаланылатын материалдар әртүрлі болып және олар ең төменгі өзіндік құнға ие болған жағдайда, сонымен бірге бағаның жиі өзгеруінде орташа өлшем әдісін қолдану өте қолайлы болып саналады. Өйткені, бұл бағалау әдісі материалдарға деген шектен тыс жоғары немесе өте төмен баға әсерлерін төмендетеді.

ФИФО әдісі бойынша өндіріске материалдар бірінші сатып алынғандардың құндарымен жіберіледі, яғни материалдарды қоймадан өндіріске нақты өзіндік құнымен жіберуді білдіреді.

Өндіріске материадық шығындарды шығару келесі тәсілдердің біреуін қолдану арқылы жүзеге асады.

Бірінші - өндіріске жіберілген материалдар алғашқы құжаттардың негізінде тікелей 8110 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен шығарылады. Есепті мерзімнің соңында пайдаланылмаған материалдық қорлардың қалдығы түгенделіп, осы қалдық сомасы өндіріске жіберілген материалдық шығындардың сомасын азайтады.

Екінші әдісорталық қоймадан жіберілген өндіріске жіберілген материалдық құндылықтар мастердің есебіне беріліп, содан кейін тек өндіріске нақты жұмсалған материалдар есептен шығарылады.

53. Өндірістік мекемелерде шығындардың пайда болу орны туралы сипаттама берініз

Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.

Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:

- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;

- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

54. Экономикалық ақпарат түрлері мен оларға сипаттама берініз

Экономикалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік шаруашылық кызметін дәйекті және толық көрсетеді, мынадай түрлерге бөлінеді: жоспарлы, нормативті анықтамалық және есептік.

Жоспарлы ақпарат болашақта жасалуы мүмкін іс-әрекетті таңдау үшін мәліметтер ұстайды. Жоспарлы-экономикалык ақпараттық негізгі мазмұнын техникалык-экономикалык және оперативті өндірістік жоспарлау құрайды, кез келген құрылымдық бөлімшенің және тұтастай кәсіпорынның қызметін қамтиды.

Нормалы-анықтамалық ақпарат - экономикалық ақпараттың қалған түрлері арасындағы байланыстырушы буын. Оның құрамы өндіріс түрімен, шығарылатын бұйымдардың номенклатүрасымен және күрделігімен, өндірісішілік еңбекті болумен, ішкі шаруашылык байланыстарының даму деңгейімен белгіленеді. Бұл белгілер техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік жоспарлаудың, өндіріс есебінін, өндіріске және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға жұмсалған шығындар есебін тәсілдерін қолдануға негіз қалаушылар болып табылады.

Экономикалык ақпараттың басқа түрлері сиякты есептік ақпаратгың да жалпы белгілері, нормалы-ақпаратты және жоспарлы түрлердегі принциптері мен объектілері бар. Есептік ақпараттық жүйе мынадай сатылардан тұрады: алғашқы мәліметтерді жинау, өзгерту, тіркеу, есептеу орталықтарына немесе басқару аппаратына өңдеу үшін беру, оперативті басқару үшін мәліметтерді өндеу, мағлұматтарды талассыз түсуі мен белгілі бір принциптер бойынша жинақтау мен топтастыру, аналитикалық және синтетикалык есепте колданылатын жиынтық акпаратты және есептеу өндірісін қалыптастыру ішкі және сырткы есеп беруді жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]