- •Басқару есебінің мәнінің анықтамасы мен функциялары
- •Басқару және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы
- •Басқару есебінің ақпараттық пайдаланушылары
- •4. Басқару үрдісіндегі талдаушы-бухгалтердің рөлі
- •5. Есептік ақпараттар
- •6. Басқару есебі әдістерінің негізгі элементтері
- •7. Құжаттау
- •8. Түгендеу
- •9. Бақылау шоттары
- •10. Жоспарлау функциясы
- •11. Мөлшерлеу сипаттамасын берініз
- •12. Талдау – функциясына сипаттама берініз
- •13. Бақылау – функциясына сипаттама берініз
- •14. Негізгі шығындар
- •15. Үстеме шығындар
- •16. Тікелей шығындар
- •17. Жанама шығындар
- •18. Кірістік шығындар
- •43. Басқару есебі мен қаржылық есебінің айырмащылығы неде
- •44. Контроллинг дегеніміз нені білдіреді, оның түсінігі мен ролін келтірініз
- •45. Жабдықтау - дайындау қызметі нені білдіреді
- •46. Өндірістік кызметі нені білдіреді және оған сипаттамасын берініз
- •47. Қаржылық - өткізу қызметіне сипаттама берініз
- •48. Смета (бюджет) нені білдіреді, оның сипаттамасын берініз
- •49. Мәлімет түрлері, оның басқарушылық және қаржылық есепте айырмашылығына сипаттама берініз
- •50. Өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына қарай қалай топтастырылады
- •51. «Бірінші түсім – бірінші жөнелтілім» әдісі
- •52. Матиериалдарды есептеу кезінде қандай әдістер пайдалынады
- •53. Өндірістік мекемелерде шығындардың пайда болу орны туралы сипаттама берініз
- •54. Экономикалық ақпарат түрлері мен оларға сипаттама берініз
- •55. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне сипаттама
- •56. Өндірістік шығындар есебінің тапсырыстық әдісі
- •57. Шығындарды топтастыруға сипаттама берініз
- •58. Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді, оларға мысал ретінде сипаттама берініз
- •59. Ағымдағылар шығындар, оларға жатқызатын шығындарға сипаттама берініз
- •60. Бір жолғылар (бір мәрте) шығындарға не жатқызылады
- •66. Массалық өндіріске сипаттама берініз және қай өндіріс салаларында пайдаланады
- •67. Сериялық өндіріске сипаттама берініз және қай өндіріс салаларында оны пайдаланады
- •68. Калькуляция, оның түсінігі мен объектілері
- •69. Үстеме шығындар, оны есептеу жүйесі
- •70. Өнімнің (қызметтің, жұмыстардың) өзіндік қүнын әзерлеу процессі
- •71. Өндірістің әр фазасы, кезеңі бойынша шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнын анықтау қандай әдіспен жүргізіледі, оған сипаттама берініз
- •72. Басқару есебін жүргізу тәртібі
- •82. Стадиялық Әдіс
- •85. Басқарушылық есептің түрлері, олардың сипаттамасы
- •86. Стратегиялық есеп, оның сипаттамасы мен ерекшілігі
- •87. Нормативтік әдістің міндеті мен негізгі мақсаты
- •88. Барлық стандарттарды үш деңгейің атап көрсетініз және оларға сипаттама берініз
- •89. «Стандарт-кост» жүйесі
- •1. Баға деңгейін есепке алумен байланысты:
- •2. Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:
- •90. «Директ-кост» жүйесі
Басқару есебінің мәнінің анықтамасы мен функциялары
Басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді. Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару.Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
шығын орталығы;
кіріс орталығы;
пайда орталығы;
инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларынын іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет корытындылары шығаруда нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің корытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.
Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорьшың болашақ даму мәәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін таллдауға есеп жүйесін біріктіріп кірістіру.
Басқару және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп пайданы анықтау үшін шығындарды кірістермен салыстыруды көздейді. Үлкен ассортиментті тауарлар шығаратын немесе көп өндірістік жұмыс тізбесі бар кәсіпорындағы әрбір орындаған жұмыстың құнын бағалағанда әрбір орындалған жұмыстың құнын ескеру қажет. Жасалған жұмыстардың, өндіріс сатысындағы жұмыстың құнынан және пайдаланылмаған шикізат құнынан кұралатын жалпы сома ағымдағы кезең шығындарының сомасынан шегерілуге тиісті пайданы анықтағанда, өнім қорының құнын бағалау үшін негіз болады. Бұл жалпы сома балансқа енгізу үшін өнім қоры кұнын есептегенде де негіз болып кызмет етеді.Қаржылық есеп тұтастай кәсіпорын, өнім түрлері мен топтары, тапсырыстар бойынша өндіріске жұмсалған матерналдық, еңбек және қаржылық шығындар туралы ақпаратгы жинақтап қорытады.
Басқару есебі ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажетті есептік ақпараттың барлық түрін камтиды. Басқару есебінің жалпы өрісінің бөлігін өнім бірлігінен түсетін түсім мен өндіріске жұмсалған шығындарды анықтау мақсатымен бұрын дамыған өңдірістік есеп алады. Өндірістік есеп қазіргі заманғы жағдайларда өндіріс шығындары есебін алдын-ала болжап қана қоймай, үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезендердегі мәліметтер немесе болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.
