Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6m070100_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.82 Кб
Скачать

1.6 Жануарлар биотехнология

Биотехнологияның басқа биологиялық жəне ауылшаруашылық ғылымдарымен байланысы. Даму биологиясының жетістіктерімен жануарлар биотеотехнологиясымен байланысы. Негізгі жаналықтар. Жануарлар биотехнологиясы негізгі объекттері. Лабораториялық жағдайда жануарларды бағып ұстау жəне көбейту. Ғылыми жəне практикалық жануарлар биотехнологиясының мақсаты үшін клеткалық культураларды модельдік жүйелер ретінде қолдану. Даму биология əдістерін қолдануға негізделген жануарлар биотехнологияның жетістіктері. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар. Биоэтикалық сұрақтар. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері: ДНҚ жəне РНҚ. Малды қолдан ұрықтандырудың негізгі бөлімдері (мысалда лаборатоиялық тышқан). Химер алудың тарихи зерттеулері. Біріншілік жəне екіншілік химиерлігі. Үй жануарларының спонтанды түрдегі химерасы пайда блуы жəне табиғатты (фриматриндер). Медицина саласында радиация əсерінен химера туылуын зерттеу. Жануарларды клондаудың тарихи зерттеулері. Генетикалық трансформация зерттеулерінің даму тарихы. Гендік-инженерлік биотехнологияның негізгі бағыттары. Жануарлар ұлпасынан клетка - суперпродуценттерді алу. Шаруашылыққа бағалы белгілерімен жаңа малдар алу. Тез өсетін трансгендік жануарларды алу. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар. Биоэтикалық сұрақтар. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс.

1.7 Биотехнологиялық өндірістің негіздері

Микроорганизмдердің биотехнологиялық өндіріс объектісі ретіндегі маңызы. Микроб клеткаларындағы зат алмасу жылдамдығы мен ерекшелігі, мысалдар (бөліну уақыты, екіншілік метаболиттерді синтездеу қабілеттілігі, метаболиттік реакциялардың жылдамдылығын реттеу мүмкіншілігі). Биотехнологияда гендік инженерия əдістерімен алынған мутантты жəне гибридті продуценттерді қолдану. Биотехнологиялық өндірістің шикізаттарына жалпы сипаттама. Оларға қойылатын негізгі талаптар мен шектеулер. Микроорганизмдердің біріншілік жəне екіншілік метаболиттері. Сүтқышқылды бактерияларға сипаттама, жəне оларды сүт қышқылын жəне əртүрлі сүт өнімдерін алудағы биотехнологиялық процестерде қолдану. Органикалық жəне аминқышқылдарды, витаминдерді, ферменттерді жəне т.б. заттарды өндіруші микроорганизмдер. Лимон қышқылын алу үшін қажетті субстраттар (меласса, мұнайдың н-алкандары жəне т.б.). Екіншілік метаболиттерді өндіруші – микроорганизмдер. Арзан субстраттарда өсірілген ашытқы биомассасын қолдану негізіндегі азықтық белок өндірісі (меласса, сүт сарысуы, сабан гидролизаттары, н-алкандар жəне т.б.). Микроорганизмдерің өсу көрсеткіштері мен негізгі кезеңдері. Биореактор түрлері. Сатылардың сипаттамалары. Микробиологиялық синтез өнімдерінің түрлері. Тірі микроорганизмдер негізгінде алынған препараттар (бактериялық тыңайтқыштар, ұйытқы жəне т.б.). Инактивацияланған клеткадан жəне олардың өңделген өнімдерінен тұратын препараттар (азықтық ашытқылар, саңырауқұлақ мицелийлері жəне т.б.). Микроорганизм метаболизмінің тазаланған өнімдері негізіндегі препараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер жəне т.б.). Соңғы өнімдерді алу жəне тазалау əдістері. Дайын формаларды дайындау – таблетка, ампула, қораптау жəне т.б.