- •Мазмұны
- •1 Кеніштің жылдық өнімділігін және қызмет уақытын анықтау
- •2 Кен орынын ашу
- •4 Кенді уату үшін баж құжатын құру
- •5 Механикаландыру құралдарын есептеу
- •5.1 Бұрғылау жабдығының өнімділігін есептеу
- •5.2 Оқтамдау машинасының өнімділігін есептеу
- •5.3 Тиеу құралдарының өнімділігін есептеу
- •5.4 Жеткізу құралының өнімділігін есептеу
- •6 Желдетуді есептеу
- •7 Техника қауіпсіздігі
- •8 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
|
|
|
|
Кiрiспе |
5 |
|
1 Кеніштің жылдық өнімділігі мен қызмет мерзімін есептеу |
6 |
|
2 Кенорынын ашу |
8 |
|
3 Қазу жүйесі |
12 |
|
4 Кенді уату үшін БАЖ құжатын құру |
14 |
|
5 Механикаландыру құралдарын есептеу |
18 |
|
5.1 Бұрғылау жабдығының өнімділігін есептеу |
18 |
|
5.2 Оқтамдау машинасының өнімділігін есептеу |
18 |
|
5.3 Тиеу құралдарының өнімділігін есептеу |
19 |
|
5.4 Жеткізу жабдығының өнімділігін есептеу |
21 |
|
6 Желдетуді есептеу |
23 |
|
7 Техника қауіпсіздігі |
25 |
|
8 Қоршаған ортаны қорғау |
26 |
|
Қорытынды |
28 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
29 |
КІРІСПЕ
Кен қазбаларды игеру дәрежесі мына факторларға байланысты өседі: ірі кәсіпорындарда техникалық қаруландыру мен реконструкциялау; жаңа ірі кәсіпорындарды салу; пайдалы қазба кен орындарын өңдеу технологияларын жетілдіру; тау-кен жұмыстарын интенсификациялау және үздіксіз шоғырландыру кезінде барлық өндірістік процестерді автоматтандыру және кешенді механизацияны кеңінен енгізу. Техникалық қаруландыруды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік тек қана өндірістік кешенді жетілдіргенде байқалады. Сондықтан жобаларда тиімді және перспективті технологияларды қолданумен қатар тау-кен жұмыстарын тиімді шоғырландыру кеніштің жылдық өнімділігін жоғарлату, қалдық пен кенді қазудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жоғарлату сауалдарын қарастыру керек./1/
Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Кен діңгек арнаулы жағдайларға байланысты: шахта оқпанының және оның маңындағы өндірістік құрылыстардың аумақты сүйеніші; қазбаның төбесін құлатпай тіреп тұруға арналған тіреуіші; шахта аймағындағы кен қазу бөліктерінің (панель, қабат, блок) аралық тіремесі түрінде қалдырылады. Астында қазба жасалып қуысталған жердің беті төмен түсіп шөгеді не жарылады. Осылардың салдарынан апат болмас үшін шахта оқпаны маңайындағы өндірістік құрылыстардың (шахтадан кентас шығаратын механизмдер, әкімш. және басқа үйлер, кен сұрыптау пункттері, т.б.) астында сүйеніш ретінде аумақты кен діңдері қалдырылады. Қауіпсіздікті сақтау үшін алаптар арасында ені 13 – 27 м аралық кен тіремелер қалдырылады. Кен қазудың камералы діңгекті жүйесін қолданғанда, кен діңгек күйінде камерадағы жалпы кен көлемінің 20 – 22%-і алынбай жер астында қалатындықтан, кейінгі кезде оның қасынан жасанды тіреме тұрғызылып, кен діңгекті алу әдістері пайдаланылатын болады.
