Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_235124086 (1).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
900.1 Кб
Скачать

3 Borland delphi ортасында деректер базасын

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі («классикалық») процедуралық программалау тілдері – Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер – ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуалды түрлері – Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual- көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі – кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7- нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциондық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi6, оған қоса, 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linux операциондық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген.

Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуалды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды.

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиапроцестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.

Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р-кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, қазіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.

Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі – күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client - Server), екіншісі – қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]