- •1 Қолданбалы құрал қажет ететін тақырыпты зерттеу
- •1.1 Автоматтандыруды қажет ететін мәселелерді анықтау
- •1.2 Деректер базасында қолданылатын ақпараттар мен құжаттарды сипаттау
- •2 Тақырып бойынша деректер базасын жобалау
- •2.1 ERwin-Platinum программасы арқылы деректер базасын жобалау
- •2.2 Деректер базасындағы бизнес-әрекеттерді сипаттау
- •2.3 Interbase серверінде деректер базасын анықтау
- •2.15 Сурет Кесте құрылып болғаннан кейінгі ibConsole терезесі
- •3 Borland delphi ортасында деректер базасын
- •3.1 «Student» объектті облысын анықтау
- •3.2 Сурет Кестелердің байланыс процесі
- •3.2 «Disciplina» объектті облысын анықтау
- •3.3 «Prepodsvatel» объектті облысын анықтау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта финанстық, өндірістік, жоғарғы оқу орны, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың т.с.с жұмыс орындарының жұмысын деректер базасыз елестету мүмкін емес. Бізді қоршаған ортаны ақпарат ағымы алып жатыр. Деректер базасы болмағанда біз ақпарат көшкініне батып қалар едік. Деректер базасы ақпараттың құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.
Деректер базасын өңдеу құралдарының бірі C++, C++ Bilder,Borland Delphi ортасы болып табылады. Delphi бағдарламасының көмегімен деректер базасы тез өңделеді. Delphi қосымшасы өте нәтижелі программа.
Қазіргі заманның талабына сай білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі автоматтандырылған есепке алу компьютерлік жүйесі негізінде ақпараттық құралдармен жабдықталуына байланысты. Бұл жерде автоматтандыру және жұмысты рационалдау құралы ретінде деректер қорын және басқа да программалық жабдықтауды қолдану ерекше орын алады. Оларды қолдану құжаттары, есеп берулерді дайындау уақытын қысқартуға, барлық құжаттарды, барлық құжаттар түрін дайындау процесінде қате жібермеуді қамтамасыз ету.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Қазақстандағы ірі университеттердің бірі, Жамбыл аймағындағы білім, ғылым және мәдениет орталығы болып табылады. Университетте жоғарғы білімді мамандар дайындап білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны. Университеттерге ведомствалық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан осы негізгі ереже болып табылады. Қазақстан Республикасында университет жоғарғы кәсіптік білім берудің бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып және оқушыларды тәрбиелеуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы болып саналады.
ТарМУ-де грантта және төлем ақы негізінде оқитын білімгерлерді оқытып қана қоймай басқада финанстық бақылау жұмыстармен қарым қатынаста болады. Білімгерлер өзінің мамандығы бойынша факультет деканаттарымен тығыз жұмыс істейді. Факультет деканаттары әр білімгердің оқу процесін және үлгерімін қадағалайды. Сонымен бірге грантта және төлем ақы негізде оқитын білімгерлерді бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Жоғарғы оқу орны күрделі комплекс болып табылады. Жоғарғы оқу орны және оның ақпарат ағымын, оқу процесін басқару күрделі жүйе болып табылады. Жоғарғы оқу орнын басқару жүйесі динамикалық жүйе болып табылады, ол дегеніміз оқу жоспарын нәтижелі көру, т.с.с. Жоғарғы оқу орнын басқарудағы үлкен мүмкіндіктердің бірі есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру болып табылады.
Программалық қамтамасыздандыру өзінің дамуында көптеген өзгерістерге түсті: жәй логикалық және арифметикалық операцияларды орындайтын программадан өндірісті басқарудың қиын жүйесіне дейін.
Программалық қамтамасыздандырудың жетілуінде негізгі екі бағытты атап өтуге болады: Есептеу-орындау, Ақпараттың жинақталуы және өңделуі (деректер базасын қолдану).
Қазіргі жағдайда мекемені басқару компьютерсіз басқару мүмкін емес. Олардың ақпаратын өңдеу үшін қолданбалы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады (ААЖ). Мәліметтер базасынын программалық қамсыздандыру облысында пайда болуы өте негізгі бөлігі болып табылады.
Деректер базасы деп-логикалық байланысты мәліметтердің қолданбалы жиынтығын атайды. Ол мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандуры үшін қажет. Мәліметтер базасы мекеменің қажеттіліктерін анықтайтын құжаттар негізінде құрылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Тараз мемлекеттік университетінің «Компьютерлік жүйелер» кафедрасының оқытатын пәндері мен оқытушылары және білімгері туралы ақпаратты реттеу, жеделдетіп өңдеу жене қажетті ақпаратты тездетіп алу үшін деректер қорын құру болып табылады.
Дипломдық жұмыс үш негізгі бөлімнен тұрады: Қолданбалы құрал қажет ететін тақырыпты зерттеу, тақырып бойынша деректер базасын жобалау, Delphi ортасында деректер базасын басқару жүйесін құру.
Бірінші бөлімде кафедрадағы оқытушы,пәндер, білімгерлер құрамы бойынша қажетті құжаттар зерттеліп автоматтандыруды қажет ететін мәселелер анықталады.
Екінші бөлімде «Компьютерлік жүйелер» кафедрасының оқытушылар білімгердер құрамы жұмысын автоматтандыру үшін реляциялық мәліметтер қорының жобасы келтірілген. Бұл автоматтандырылған бағдарлама дайындауда негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.
Үшінші бөлімде Borland Delphi ортасында деректер базасын
басқару жүйесін құру жазылған оқытушылар құрамы жұмысын автоматтандыру ақпараттық жүйесі құрылымы баяндалған.
Қосымшада бағдарламалық үлгілердің көріністері көрсетілген
1 Қолданбалы құрал қажет ететін тақырыпты зерттеу
Қазіргі уақытта Тараз Мемлекеттік Университетінің «Компьютерлік жүйелер» кафедрасы мынадай мамандықтарды дайындауда: 050602-«Информатика», 050703- «Ақпараттық жүйелер», 050704- «Есептеу техникасы және програмалық қамтамасыздандыру», 010540-«Информатика», 370140-«Басқару және ақпаратты өңдеудің қомпьютерлік жүйелері», 091340-«Ақпараттық жүйелер», 6N0602-Информатика, 6N0703-«Ақпараттық жүйелер»
Кафедрада бұл мамандықтар бойынша оқитын 500-ден аса білімгер және 20-дан аса оқытушылар бар. Мамандықтарға сәйкес білімгерлердің тобы және оқытылатын пәндер тізімі бар. Әр оқытушының дәріс беретін бағыттары – сабақтары белгіленген.
Дипломдық жұмыста кафедрадағы пәндер, оқытушылар, білімгерлер туралы ақпараттар ағымын деректер базасын анықтау арқылы аудару үшін қолданбалы құрал дайындау көзделеді.
1.1 Автоматтандыруды қажет ететін мәселелерді анықтау
Тақырыпқа қатысты ақпарат ағымының көптігіне байланысты зерттеу тақырыбын келесі облыстарға жіктеуге болады.
-Білімгерлер облысы;
- Пәндер облысы
-Оқытушылар облысы;
-Аттестация жүргізу облысы;
-Оқу жоспары облысы.
Білімгерлер облысы. Талапкер университетке түсу үшін алдымен ұлттық біріңғай тест (ҰБТ) тапсыруы қажет. Егер талапкер ҰБТ-тан өтсе, онда ол жоғары оқу орнына түсуі мүмкін. Жоғары оқу орнына түсер кезде қабылдау комиссияна келіп ол өз мамандығын таңдайды. егер Қазақстан Республикасы бойынша білім грантын ұтып алса, онда ол жоғары оқу орнында ақысыз білім алады, мемлекеттен білім ақысын алып тұрады. Грантқа өтпеген талапкерлер ақылы білім алуды ұйғарса, университетпен келісім-шартқа отырады. Бұл шартта екі жақтың міндеттері мен құқықтары жазылады. Білімгер таңдаған тіліне байланысты орыс не қазақ тобында оқиды. Осыған байланысты бұйрық беріледі. Университетте группа атаулары мысал түрде былайша беріледі:
1-қазақ тобы (грант);
2-орыс тобы (грант);
3-қазақ тобы (ақылы);
4-орыс тобы (ақылы);
1.1 кесте Кафедрадағы топтар тізімі
№ |
Топ |
Топ басқарушы |
Курс |
Тілі |
Куратор/ эдвайзера |
|
|
ИНФ-26-3 |
Усипбаева М. |
1 |
каз |
Абдувалова А.Ж. |
|
|
ИС-26-1,3 |
Нугманова Ж. |
1 |
каз |
Абдувалова А.Ж. |
|
|
ИС-26-2,4 |
Веряскина О. |
1 |
рус |
Абдувалова А.Ж. |
|
|
ВТиПО-26-1,3 |
Калтайкызы А. |
1 |
каз |
Доумчариева Ж.Е. |
|
|
ВТиПО-26-2,4 |
Тен Е. |
1 |
рус |
Доумчариева Ж.Е. |
|
|
ИНФ-25-1,3 |
Жунбаева Г. |
2 |
каз |
Иманбекова Г.К. |
|
|
ИНФ-25-2,4 |
Андриенко Г. |
2 |
рус |
Иманбекова Г.К. |
|
|
ИС-25-1,3 |
Сеитказиева М. |
2 |
каз |
Конысбаева А.З. |
|
|
ИС-25-2,4 |
Абдрахманова Н. |
2 |
рус |
Конысбаева А.З. |
|
|
ВТиПО-25-1,3 |
Жиенбаева Б. |
2 |
каз |
Иманбекова Г.К. |
Кафедрада білімгерлер үшін тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан эдвайзерге білімгер туралы толық ақпарат керек. Ол кесте түрінде былай болады.
1.2 кесте Білімгер туралы толық деректер
ФИО |
Ата-анасы |
Тобы |
Туған жылы |
Нақты мекен жайы |
Жынысы |
Телефон |
|
|
|
|
|
|
|
Пәндер облысы. Пәндер стандарт және оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Пәндер бойынша білімгер әр семестрде сынақ түрлерін ,емтихан және курстық жұмыс тапсырады. Емтихан түрлері жазбаша немесе тест түрінде жүргізіледі. Төмендегі кестеде қысқаша пән атаулары көрсетілген.
1.3 кесте Пәндер мен оқытушылар
-
№
Пән
КЖ
Мамандағы
Курс
Емтихан түрі
Оқытушы
1
Информатика
Инф, ИС, ЕТжБҚ
1
тест
Абдикеримова Л.А. Цой Н.В.
2
Тілдер мен автоматтар теориясы
Инф
2
жазбаша
Ибраева Н.А.,
Абдимомынова М.М.
3
Программалау технологиясы
КР
Инф, (ИС, ЕТжБҚ)
2
жазбаша
Цой Н.В
Доумчариева Ж.Е.
4
Алгоритмдер мен деректер құрылым
Инф
2
тест
Абдувалова А.Ж.
Цой Н.В.
5
Ақпараттар теориясы
ЕТжБҚ
2
жазбаша
Кайранов М.Ж.
Темиргалиев Т.К.
Аттестация жүргізу облысы. 2004 жылдан бастап Тараз Мемлекеттік Университетінде оқу жаңа кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Сабақтар оқу жоспарына кіретін мамандықтардың және пәндердің жұмыс программасына сәйкес өткізіледі. Оқу жоспарын, әртүрлі есептер құруды өңдеу және т.б. жұмыстар қолмен жасалады, бұл жұмыстар әрине кафедра меңгерушісінің көп уақытын алады. Студенттер бір семестрде 2 аттестациялық балдан өтеді, ол балдар 1-ші және 2-ші аттестациялық ведомостқа қойылады.Бал мына анықталған критерийлер бойынша жүргізіледі: дәрістік сабақ, тәжірибелік жұмыс және СӨЖ (егер курстық жұмыс болса оған да бал енгізіледі). Семестрдің соңында (15 аптадан кейін) студенттер пән бойынша емтихан тапсырады, бағасы емтихан ведомыстына енгізіледі. Содан кейін үш ведомост негізінде:2 аралық және емтихандық ведомостан қорытынды ведомость шығады, онда соңғы баға пән бойынша сан және әріп түрінде көрсетіледі, содан кейін студенттің транскриптіне кіреді. Алынған мәліметтер соңында талдаудан өтеді:студенттердің семестрда алған қорытынды балдарына, курстық жұмыстарына талдау жүргізіледі.
Алынған мәлімет бойынша деканатқа және кафедра меңгерушісіне есеп дайындалады. Факультеттің кафедралары бойынша және мамандықтардың оқу процесін ұйымдастыру факультет студенттерінің үлгерімін және экзамендік сессияның рейтингтік бағасын бақылау үшін деканат ақпарат алады.
Әр кафедра меңгерушісі мамандықтың оқу жоспары және кафедраның пәндер тізімін, рейтингтік балды енгізу үшін аралық және емтихандық ведомосты алады және анықтамаға кіре алады сонымен қатар кафедраның жұмыс программасын толтырады. Мамандықтың оқу жоспарын өңдеу және жөндеу кафедраның мүшелерімен жүргізіледі.
Оқытушы облысы. Бұл бағытта кез келген сәтте нақты бір оқытушы туралы немесе кафедрадағы барлық оқытушылар туралы әртүрлі форматтағы мәліметтер алу мүмкіндігі болу керек. Жалпы кафедра және деканат үшін, басқа да бөлімдер үшін оқытушылар туралы толық ақпарат керек. Соған байланысты оқытушы туралы ақпарат әдетте мына кесте түрінде болады:
1.4 кесте Білімгер туралы толық деректер
№ |
Фам |
Аты |
Әкесінің аты |
Туған жылы |
Ұлт |
Бітірген орны |
Маман |
Жыны-сы |
М/ж |
тел |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
