Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АССАМБЛЕЯ оригинал.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.7 Кб
Скачать

Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары

Е ң алғаш 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан кейін облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, жұмыс жасай бастады. Ассамблея құрылған кезде облыста 4 ұлттық-мәдени орталық болған: корей, өзбек, татар, шешендер болды. 2000 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануына байланысты «Сыр мәдениеті – жаңа ғасырда» атты бағдарлама қабылданып, облыстағы барлық этномәдени бірлестіктердің мәдени шаралары осы бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Сол жылы облыста 6 этномәдени бірлестік болды: неміс этномәдени және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестіктері қосылды. «Қоғамдық келісім – тұрақтылық негізі» айдарымен облыста тұратын этностардың тарихы мен мәдениеті жазылған кітаптар шығарыла бастады. Корей, неміс жексенбілік мектептері жұмыс жасады. Солай келіп, 2004 жылы түрік және грек этномәдени бірлестіктері құрылып, орталықтың саны 8-ге жетті. 2006 жылы еврей этномәдени бірлестігі, 2007 жылы «Русская община» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, 2010 жылы қырғыз этномәдени бірлестігі құрылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің 2013 жылғы 22 қарашадағы шешімімен Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму Тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Қызылорда облысында өзге этнос өкілдерінің үлес салмағы жалпы алғанда 4 пайызды құрайды. Қазіргі таңда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік жұмыс атқарады, олар: Қызылорда облысының кәрістер ассоциациясы, «Славяне», Татар, Өзбек, Түрік, «Вайнах» Шешен, «Lev Ami» Еврей, «Понтийцы» Грек, «Viedegeburt» Неміс, Қырғыз этномәдени бірлестіктері және «Русская община» қоғамдық бірлестігі бар. Этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері, ұлттық мерекелері, «Наурыз», «Құрбан айт», «Рождество», «Сабантуй», «Сольналь», «Остерн», «Песах», «Масленица», Пасха мерекелері кеңінен атап өтіліп келеді. Бұның өзі облысымыздағы барлық этностардың ауызбіршілікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің берік нығаюына үлкен ықпал етеді. «Қоғамдық келісім» КММ-сі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын қамтамасыз етеді.

Б үгінгі күні орталықта 27 штаттық бірлік бар. Олардың барлығы жоғары білімді мамандар: журналист, тарихшы, психолог, экономист, заңгер. Қызметкерлердің бірнешеуі ғылым кандидаты және ғылым магистрі. 7 ауданда орталық эксперттері бекітілді. Оларға аудан әкімдері тарапынан тиісті жағдайлар жасалған. 2011 жылдан бері Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы жанынан облыстағы саясаттанушы, тарихшы, құқықтанушы ғалымдардан құралған ғылыми-сарапшылық топ жұмыс жасайды. 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, облыстық ассамблея жанында Аналар кеңесі құрылған. 2014-2015 оқу жылынан бастап облыстық ассамблеяның бастамасымен көпэтносты мектептерде толеранттылық клубтары құрылып, жұмыс атқаруда. Толеранттылық клубтарының негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ халқының және Қазақстанда тұратын барлық этностардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілі мен мәдениетін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға үйрету. «Қазақстанға ыстық ықыласпен» әлеуметтік жобасының мақсаты - қазіргі таңда шетелде тұратын, кезінде облыстан түлеп ұшқан отандастармен (өзге этнос өкілдері) жүздесу, Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру, қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың  қазақстандық моделін насихаттау. Бұл шараға Ресей, Украина, Ресейдің Шешен Республикасы сияқты бірнеше мемлекеттерге қоныс аударған отандастарымыз келіп, қонақ болды. Оған қоса, шет елдерде тұрып жатқан қандастарымызбен байланыс орнату мақсатында «Атажұртын аңсаған» атты жоба жүзеге асады. Сондай-ақ, облыстық ассамблеяның «Сыр елі – достық мекені», «Достықта жоқ шекара», «Бірлігіміз жарасқан» керуендерінің ақпараттық-насихаттық топтары барлық елді мекендерде болып, Елбасының этносаралық татулық пен қоғамдық келісім саясатын насихаттап отырады.

2015 жылдың 18 наурызында облыстық прокуратура мен облыстық ассамблея хатшылығы «Ұлтаралық шиеленістің және оған бастайтын әрекеттерге шақыру деректерінің алдын алу мақсатында Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығы мен Қызылорда облыстық прокуратурасы арасындағы бірлескен іс-шара жүргізу туралы» Меморандумға қол қойып, бірлескен іс-шаралар бойынша жұмысты бастады. Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығы, Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер Палатасы, Қызылорда облысының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, Қызылорда облыстық Ардагерлер кеңесі, «Сыр Медиа» ЖШС, «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалымен өзара бірлесіп, әріптестік қызмет сапасын арттыру және қоғамдық-саяси шаралар маңыздылығын күшейту мақсаты туралы» меморандум жасалып, іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылдың І-жарты жылдығында Жаңақорған ауданында -«Сығанақ» бірлестігі;  Қазалы ауданында - «Бірлік — Единство» бірлестігі; Сырдария  ауданында -«Достығымыз жарасқан», Шиелі ауда-нында «Ұлт бірлігі» этнобағыттағы бірлестіктері құрылған. Облыстық ассамблея жанында құрылған Аналар кеңесі – 1 облыстық, 7 аудандық, қоғамдық келісім ке-ңестері – 1 қалалық, 7 аудандық, 84 ауылдық, облыстық ғылыми-сарапшылық топ, Қызылорда қаласы мектептеріндегі толеранттылық клубтары –  Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатқан. Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының төрағасы – Көшербаев Қырымбек Елеуұлы. Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясы хатшылығының төрайымы –Төрешова Ляйля Бегалықызы. Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры – Ибраев Уалихан Серікұлы. Ассамблея өз қызметін осылай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]