- •Жаңақорған аудандық білім бөлімінің
- •Қызылорда 2016 Мазмұны:
- •Аннотация
- •Зерттеу жұмысының бағдарламасы
- •Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этносаралық қатынастары
- •Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары
- •Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі
- •Ел бірлігінің экономикалық негіздері
- •Қ азақстандық толеранттылық үлгісі
- •Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім
- •Ынтымақтастықтың ел ішіндегі көрінісі – Тоқтыбибі әжемізбен сұхбат
- •Қорытынды
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің
№162 орта мектебі комммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бағыты: Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты
Тақырыбы: «Ассамблея – тұрақтылықтың темірқазығы»
Орындаған: 9-сынып оқушысы – Ақбай Ислам Серікбайұлы
Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі – Ондыбаев Сапарбек Жақыпбекович
Қызылорда 2016 Мазмұны:
Кіріспе.....................................................................................................................1 бет
Негізгі бөлім:
І-ТАРАУ. Қазақстан халықтарының ассамблеясының құрылуы тарихы
1.1 Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этносаралық қатынастары.........................................................................................................3 бет
1.2 Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары........
1.3 Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі..........................................10 бет
1.4 Ел бірлігінің экономикалық негіздері.......................................................11 бет
ІІ-тарау. Қазақстандағы рухани келісім мәдениеті (17-22 бет)
2.1 Қазақстандық толеранттылық үлгісі.......................................................19 бет
2.2 Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар, рухани келісім.......
2.3 Ынтымақтастықтың ел ішіндегі көрінісі..............................................
Қорытынды (23-бет)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (24-бет)
Аннотация
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жағдай күрт нашарлағаны жасырын емес. Кеңес Одағынан ыдыраған мемлекеттермен арадағы байланыс үзілді. Сол кезеңде ел ішінде жұмыссыздық көбейіп, көп ұлт өкілдері тарихи Отандарына қайтуға мәжбүр болды, біршамасы елімізде тұрақтап қалды. Әлемдік саясаттанушылар көпұлттылықты қиындық деп есептеп, сол кездегі Қазақстанның жағдайына сыни көзбен қарады.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуына оның аумағында тұратын қазақтан басқа ұлт өкілдері де – орыс, украин, немістер, өзбектер, ұйғырлар үлкен үлес қосты. Өздері азаматы болып табылатын мемлекетті, суын ішіп, жерін жайлап отырған, кезінде пана болған, құшақ жайып қарсы алып, төріне шығарған қазақ халқын сыйлай білетін олардың басым көпшілігі туған республикасының тәуелсіздігін шын жүрегімен қалады. Осы оқиғаның болуын тездетуге барынша жәрдемдесті.
Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Республика тұрғындары азаматтық еркіндікпен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтардың сырлары ашылды. Ұлтаралық қатынастардың нағыз келбеті ашылды.
«Қазақ тілі» қоғамымен қатар республикадағы барлық ұлт өкілдерінің басын қосатын, сонымен мүдделес тағы бір бұқаралық ұйым - «Қазақстан Халықтары Ассамблеясы». 1992 жылы елбасымыз ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Ассамблея құру идеясын айтқан болатын. Ол 1995 жылы құрылды. Кейіннен ол «Қазақстан халқы Ассамблеясы» болып өзгерді. Қазір Ассамблея құрамында үш жүзден астам адам бар. Олар - қазақ халқымен 33 диаспорасының өкілдері, атап айтқанда: қазақ, орыс, кәріс, неміс,украин, татар, еврей, ұйғыр, беларусь және тағы басқалар бар. Соның бірі ұйғыр ұлтының өкілі – Тоқтыбибі әжемізді айтуға болады. Оқушы Ақбай Ислам Ассамблея тарихына шолу жасай отырып, маңызын айқындай түседі.
Кіріспе
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея- мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
- Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан»-деп Қазақстан халқы Ассамблеясының қандай да бір проблемаларды шешуде мақсаты көздейтiн әрi алдын алу жұмысын жүргiзуi қажет екендігін нақты атап көрсетті.
Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған кезеңде оның алдына қойылған мiндеттері бүгiнгi таңда тұтастай алғанда орындалды. Елде күллi этностардың теңдiгi; олардың тiлдерi мен мәдениетiн қайта түлету мен дамыту қамтамасыз етiлдi. Экономикалық саладағы нарықтық реформалар негiзiнен аяқталды, саяси жүйенi демократияландыру жүргiзiлдi.
Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. Жиырма бір жылдық тарихында аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Қазiргi уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам мен мемлекеттегi орны мен рөлiне, бiздiң iшкi дамуымыздың, сол сияқты сыртқы факторлар әсерiнiң де нәтижесi болып табылатын мiндеттердi шешуге жаңа көзқарас қажет етілді.
Мемлекеттiк ауқымды әрi маңызды кез келген мәселенi шешу геосаяси даму перспективаларын алдын ала болжауды, мемлекеттiң тәуелсiз даму жолының мүддесiнде тарихи маңыздылық пен ғылыми негiздiлiктi ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етедi.
Басым бағыттарын айқындай келе, Қазақстан халқының Ассамблеясы өзiнiң алдына мынандай жауапты мақсаттар мен мiндеттер қояды: қайта түлеген мемлекеттiлiктi нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын, халық пен мемлекет мүдделерiн қорғау, өркениеттi әлемдiк қоғамдастықтың талаптарына жауап беретiн дамудың сапалық жаңа деңгейiне өту. Осы мәселелердi шешу жүйелi және алдын ала сипатты болуға тиiс.
