Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биоиндикация тсілі арылы Талас зеніні жадайын талдау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг облысындағы ұсыныстар

Су объектілері мониторингі қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың бірыңғай автоматтандырылған мониторинг жүйесінің ішкі жүйесі ретінде қарастырылады, және мыналарды қамтиды:

- климаттық көрсеткіштер мониторингі;  

- жерүсті су объектілерінің сандық және сапалық мониорингі;

  жер асты су объектілерінің мониторингі;

  су жүйелері және құрылымдарының мониторингі. 

Су объектiлерi және су шаруашылығы құрылымдары бассейндерінің жағдайын тұрақты бақылау жүйесін құру мақсатында бассейн мониторинг бағдарламасын әзірлеу және гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтерінің, мақсатты мониторинг бағдарламаларын жүзеге асыру қажет. Бассейндік мониторинг бағдарламасына қажет:

  • қолданыстағы су объектілеріндегі бақылау бекеттерінде гидрологиялық жағдайды, судың сапасын, су ресурстарын пайдалануды, гидротехникалық құрылымдардың жағдайын, су қоймалар және сулардың зиянды әсерлерін пайдалану режімі сипаттамаларын анықтау;

  • бекеттердің орналасқан жерін, олардың ведоствалық қатарына жататын бақыланатын параметрлерді, бақылау жиілігін, мәліметтерді жинау және өңдеу, рәсімделетін ақпарат құрамын анықтау;  

  • су объектілері, гидроқұрылымдары және маңындағы аймақ жағдайын бағалау және болжау бойынша мақсатты мәселелерді шешу үшін алынған мәліметтердің дұрыстығын және дәлдігін анықтау;

  • олардың арасындағы салыстырмалы нәтижелерді анықтау үшін әр түрлі ведомстволардан алынған ақпаратты өзара байланыстыру мүмкіндігін бағалауды жүргізу (өлшеу мерзімдері, әдістемелік тәсілдер, өлшеу бірліктері бойынша);

  • қосымша бақылау пунктерін құру және олар үшін параметрлерді орнату қажеттілігін анықтау, олар бойынша жүйелі мониторинг жүзеге асырылуы тиіс, бұл кезде міндетті шарт бассейндік ақпараттық деректер базасының талаптарын есепке алу болып табылады;

  • қашықтықтан бақылау құралдарын пайдалануды есепке ала отырып, соның ішінде бассейнде мониторинг жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралардың ведомствоаралық және республикааралық бағдарламасын жасау; 

  • Шу-Талас бассейнінде оларды іске асыру үшін мүмкіндіктерін анықтау мақсатында трансшекаралық су ресурстарын басқару үшін ең үздік әлемдік тәжірибелердің мониторингі.

Өзгермелі климат жағдайларына бейімделу стратегиясын жасау үшін және осалдығын бағалау мақсаты үшін мониорингтің алдыңғы кезектегі мәселелері ретінде ұсынылады:

  • экстремалды метеорологиялық құбылыстардың қарқындылығын және олардың қайталану өзгерістерін бағалауды жүргізу;

  • қар жамылғысы жағдайындағы өзгерістерді бағалау;

  • өзен суы температурасының өзгерулерін бағалау, себебі ол өзен бассейндерінің экологиялық жүйелеріне күшті әсер етеді.

  • Шу өзенінің транзиттік суларын есепке алу үшін Чумыш бөгетінің төменгі бъефінде гидрологиялық посты қалпына келтіру; 

  • бүйір сала ағындарын есепке алу үшін бүйір салаларында және тау бұлақтарында гидрометриялық бекеттер ашу керек;

  • бассейнінің гидрометеорологиялық мониторинг және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары нәтижелерін ұсыну үшін ГАЖ технологияларын қолдану. 

Бейімделу бойынша әрекеттер климаттық өзгерістерді ақылға қонымды бағалауға және су ресурстары жағдайының күтілетін сценарийлерін

есептеуден шығатын нәтижелерiне сүйенуі керек, жеке су бассейндерi бойынша толық және мұздықтар және жерүсті ағын параметрлерінің өзгерістерін есептеу арқылы бассейннің қазақстан және қырғыз аймақтары үшін де климаттық профилді тұрақты есептеуін жүргізу керек.

Сипаттама

Талас өзені бассейні

Бассейннің жалпы ауданы, км2

52700

Қырғызстанда, км2

41270

Қырғызстанда, %

78,3

Қазақстанда, км2

11340

Қазақстанда, %

21,7

Жалпы ұзындығы, км

444

Қырғызстанда, км

217

Қазақстанда, км

227

Суғарылатын ауданның нақты көлемі, мың. га

178

Қазақстан, мың. га

63

Қазақстан, %

35

Қырғызстан, мың. га

115

Қырғызстан, %

65

Кесте 1.5. Қазақстан ғалымдарының бағалауы бойынша Шу-Талас СШБ өзен ағысының ресурстары*

Аймақ

Су ресурстарының көпжылдық сипаттамасы, км 3

орташа

Өсу ықтималдығы кезінде

5 %

95 %

Өзен ағысының жергілікті ресурстары

1,24

2,82

0,28

Қырғызстаннан түсетін ресурстар

3,47

4,88

2,54

Өзен ағынының жалпы ресурсы

4,71

7,70

2,82

Суы бойынша орташа жыл

5 % қамтамасыздықты суы көп жыл

95 % қамтамасыздықты суы аз жыл

Өзне ағысының жергілікті ресурстары, км 3

Қырғызстаннан түсетін ресурстар, км 3