Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биоиндикация тсілі арылы Талас зеніні жадайын талдау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.45 Mб
Скачать

Сски бойынша Талас өзенінің көрсеткіші наурыз,2015 жыл

Талас өзені Тараз қаласына зиян келтіруі

Сел тасқыны – үлкен табиғи апат. Жыл сайын болмаса да, әредік қайталанып отыратын осы бір жағдай биыл ерекше алаңдатып отыр. Өйткені, қыс жылдағыдан гөрі суық мінез танытып, қар да қалың жауды. Бірнеше күн бұрын күн көзі аз ғана күлімдеп еді – Талас ауданындағы Ақкөл ауылы судың астында қалып, айтарлықтай зиян шекті. Ал алдымызда Самарқанның көк тасын жібітетін наурыз келе жатыр. Әсіресе, аумағында су арналары жетіп артылатын, ол аздай, дәл бүйірінен Талас өзені қиып өтетін Тараз қаласы апатқа ұшырауы әбден мүмкін.Мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен бірге осы сауалға жауап іздеп, қаладағы бірнеше суарнасын төңіректеп қайттым. Нысаныма бірінші болып іліккен «Қапал» каналында тұрмыстық қалдықтар әр жерге шоғыр-шоғыр болып, тұтасып, жиналып қалыпты. Тіпті, кейбір шоғырлар су ортасындағы әлдебір арал іспеттес. Әсіресе, пластмасса бөтелкелер өте көп. Бөгеттерге тіреліп, иіріліп қалған қоқыстар су бетінің әр жерінен «менмұндалайды».

Тараз қаласы әкімдігінің бас маманы Сергей Хен көктемгі сел тасқынының алдын алу шаралары бойынша жарытып жауап бере алмады. Әкімдік былтыр «Дренажды каналдарды құрғатудың үш жылдық бағдарламасын» қабылдапты.

- Негізі, қаңтардан бастап әкімдік су тасқынының алдын алу жұмысын бастады. Бізде канал тазалаумен «Тараз-ирригация» ЖШС айналысады.

Талас өзендері бассейндерінің су ресурстарын басқару Қазақстан-Қырғызстанның бірлескен комиссиясы

Астана қаласында 2000 жылы 21 қаңтарда құқықтық негізде су ресурстарын басқару облысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы» үкіметаралық келісімге қол қойылды. Келісім екі елдің парламенттерімен ратификациядан кейін 2002 жылдың ақпан айында күшіне енді. Осы келiсiмнiң ережелерi:

(а) әділ және ақылға қонымды тәсілмен (1-бап) өзара пайдаға жету үшін трансшекаралық бассейндерде мемлекетаралық пайдаланудағы су ресурстары және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қажеттігін мойындайды; 

(b) мемлекетаралық пайдалану (2-бап) объектілері санына 23-тармақта көрсетілген су шаруашылық нысандары жатады; 

(с) олардың ұстау және пайдалануын (3-бап) қамтамасыз ететін шығындарды өтеу үшін елдің-иесінің құқығын таниды; 

(d) су пайдалану (4-бап) көлеміне барабар су шаруашылық құрылымдарын ұстау және пайдалану шығындарының өтемақысын әділ үлесіне қатысуға және жыл сайын осы мақсат үшін қажетті қаражат (6-бап) бөлу үшін тараптардың міндеттемелерін бекітеді; 

(e) су шаруашылығы құрылымдарының (5-бап) қауіпсіздігін және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты бiрлескен комиссиялар құру қажеттігін мойындайды; 

(f) мемлекетаралық пайдалану (8-бап) су шаруашылық құрылымдарында нысандар және оларды қорғау (7-бап) бойынша бірлескен іс-шаралар кезінде төтенше жағдайлардың пайда болуы туралы жедел жүзеге асыруға тараптардың міндеттемелерін бекітеді. 

Кеңес дәуірінде әзірленген Ережелер негізінде бассейннің су ресурстарын пайдалану жүргізіледі: Шу өзені ағысын бөлу ткралы Ереже, Талас өзені ағысын бөлу туралы Ереже, 18.02.1985 жылғы Шу өзенінің ағысын бөлу туралы Хаттамасымен, 18.07.1983 жылғы Талас өзенінің ағысын бөлу бойынша Хаттамасымен жүргізіледі. 

2004 жылдың тамыз айында қабылданған келісімге сәйкес Талас және Шу өзендері (ШТСК) бойынша мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылымдарын пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасымен Комиссия құрылды. Шу және Талас өзендері бойынша комиссия құру қажеттілігі, олар трансшекаралық болып табылады, және пайдалануда кез келген өзгерісі трансшекаралық бассейндерде су ресурстарына тікелей әсер етуімен түсіндіріледі. Бұл тиісінше Қазақстан және Қырғызстан аймағындағы Шу және Талас бассейндерінде ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм және балық аулауға қатысты каскадтық әсерді туғызады. 

ШТСК екі мемлекеттінің Үкіметі атынан Қырғыз Республикасының өңдеу өнеркәсібі және су және ауыл шаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы департаментінің және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша Комитет жетекшілерімен 2006 жылдың 26 шілде айында бекітілген, «Комиссия Жарғысы туралы» негізде әрекет етеді. ШТСК қызметі келесі принциптер негізінде жүзеге асады:

  • тепе-теңдік шартта комиссия құрылды, тең өкілдік принцип негізінде екі бөліктен тұрады және мемлекет Үкіметімен тағайындаған екі тең төрағалардың жетекшілігімен жұмыс атқарады; 

  • комиссияның төрағалары және мүшелері бірдей құқықтарға және теңдей жаупкершілікке ие;

  • Комиссия екі елдің мемлекеттік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бiрлестiктер және азаматтармен өзара әрекетсе отырып өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады; 

  • олардағы су бөлу принциптері және құрылымын сақтай отырып, комиссия өзінің жұмысында Шу және Талас өзендері бассейндерінде су ресурстарын мемлекетаралық бөлу бойынша бұрын бекітілген құжаттарына басшылық етеді, қажеттілігіне қарай оларды айқындайды және екі елдің үкіметтеріне бекiтуге береді;

  • Комиссия Қазақстан және Қырғызстан аумағында кезекпен өзінің отырыстарын (сессиялар) өткізеді; 

  • Комиссия консенсус негізінде шешім қабылдайды. Тараптардың кейбір мәселелері бойынша келіспеген жағдайда одан әрі консультациялар өткiзедi және комиссияның кезекті отырысында осы мәселелерді қарастырады; 

  • Комиссия жұмысқа уақытша немесе тұрақты негізде сарапшыларды тарта алады және уақытша немесе тұрақты жұмыс топтарын құра алады. 

ШТСК негізгі мәселелері болып табылады: