Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биоиндикация тсілі арылы Талас зеніні жадайын талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.45 Mб
Скачать

Талас өзені

Жамбыл облысының су көздері

Түрі

Атауы

Ені (метр)

Өзендер

Шу Талас Аса

500 500 500

Көл

Билікөл

500

Су қойма

Тасөткел

500

Талас өзені — Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен, Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.

Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1 – 2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 – 30 км. Көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым – тамыз айларында тасиды.

Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, сәл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27,4 м³. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас – Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдаланылады. Талас су алу торабы максималды су өткізу мүмкіншілігі 267 м3 /сек. Су торабы кешендік мақсатта пайдаланылады: ирригация мақсатында жəне спирт зауытын жыл он екі ай 19 м3 /с су өтіммен өндірістік сумен қамтамасыз ету үшін. Талас су алу торабы көмегімен 62,7 мың га жер суаруға болады. Талас су алу торабының конструкциясы оң жəне сол жағалық реттешгіштері бар шептік тежеу бөгет түрінде жасалған. Су алу торабы 1942 жылы салынған. Су алу торабының құрамына кіредіт: 1. Су көтеру бөгеті; 2. Сол жағалық реттегіш; 3. Оң жағалық реттегіш. Су көтергіш бөгет су ұрма құдықпен қалқан түрінде жасалған. Бөгет əр қайсысы 7м төрт аралықтары бар, олар сегменті жапқыштармен жабдықталған. Бөгет 4 аралық арқылы 267,0 м3 /сек есептік өтімді өткізеді.

Темірбек су алу торабы. Темірбек су алу торабы Талас өзенінде Тараз қаласынан солтүстікке қарай 75 км қашықтықта Байзақ ауданы территориясында орналасқан (сурет 2.3). Максималды су өткізу қабілеті 224 м3 /с. Су алу торабы кешендік мақсатта: ирригация, балық аулау жəне Таластың төменгі ағысына су тастау. Жиембет су алу торабы. Жиембет су алу торабы Талас өзені бойында Талас ауданы Бостандық ауылынан 15 км жерде орналасқан. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 223 м3 /сек. Су торабының мақсаты — ирригация. Жиембет су алу торабы көмегімен Талас ауданының 5262 га жері суландырылады.

Ойық су алу торабы. Ойық су алу торабы Талас өзенінде Талас ауданының Ойық аулынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 155 м3 /сек. Су торабының мақсаты — ирригация. Аса-Талас каналы: Аса-Талас каналындағы Аса су алу торабы. Канал атауы – Аса -Талас Пайдалануға берілген жылы – 1943 г. Каналдың басындағы өтімі: максималды – 22,6 м3 /с. Суаратын ауданы – 6791 га. Канал Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы аумағынан өтеді. Талас- Аса каналы: Талас- Аса каналындағы Талас су алу торабы. Канал атауы – Талас- Аса Пайдалануға берілген жылы – 1952 г. Каналдың басындағы өтімі: максималды –8 м3 /с. Суаратын ауданы –3275 га. Канал Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы аумағынан өтеді. «Свекловичный» су алу торабы. «Свекловичный» су алу торабы «Свекловичный»каналына су беруге арналған жəне Қызыл жұлдыз ауылы маңындағы автомобил көпірінен 50м жоғары орналасқан. Нысанның орналасу координатасы ендікте 420 55/ 58,4// жəне бойлықта 710 27/ 01. Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 1,2 м 3 /сек. Су торабының мақсаты — ирригация. Суаратын ауданы – 997 га. Байзақ ауданындағы «Медеу» су алу торабы. «Медеу» су алу торабы «Медеу»каналына су беруге арналған жəне Талас ауылы маңындағы автомобил көпірінен 70м жоғары орналасқан. Нысанның орналасу координатасы ендікте 420 56/ 30,8// жəне бойлықта 710 27/ 51,9// . Су торабының максималды су өткізу мүмкіншілігі 2,2 м 3 /сек. Су торабының мақсаты — ирригация. Суаратын ауданы – 1366 га. Талас өзені алабында 12 су қоймасы бар, оның 11 сиымдылығы 1 млн. м3 төмен, олардың 9 тікелей бас өзенде, ал қалған 3 алапта орналасқан. Су қлймалардың жалпы пайдалы сиымдылығы 14,5 млн.м3 . Барлық су қоймалары мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады жəне суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін балық шаруашылығы мақсатына пайдалануға болады. Су шаруашылығы жүйелерінің су пайдаланушыларына — ауыл шаруашылығы кəсіпорындары, өнеркəсіп, коммуналдық сумен қамтамасыз ету, энергетика, су көлігі, балық шаруашылығы, сауықтандыру жəне топан су басудан қорғау жатады. Осындай су шаруашылығы жүйелерінің бірі Жамбыл облысының төрт əкімшілік аудандарының жəне Тараз қаласының өзендері мен суағарларын біріктіретін Талас өзенінің алабы. Мұнда суармалы егіншілік базасындағы агроөнеркəсіп мен су шаруашылық кешендері анықтаушы маңызға ие, бірақта басқада су пайдаланушылар бар.

Шаруашылықтық маңызы бойынша алаптың басты су көзі Талас өзені болып табылады. Көп жылдық гидрологиялық мəліметтерден анғаратынымыз, жылдар бойынша ағын шамасының тербелуі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде адами фактор басты болып табылады. Өзен кіші болған сайын көп жылдық кескінде оның ағынның тербелу амплитудасы үлкен болады. Жалпы алап өзені ағыны көлемі соңғы жылдары қайтарымсыз су тұтыну көлемі кемуіне байланысты артуда.

Гидрографиялық алаптың жер беті су ресурстары: Қырғызстан республикасы территориясынан ағып келетін жер беті сулары – 710,7 млн м3; Жамбыл облысы территориясында түзілетін ағын — 92,0 млн.м3. Талас өзені алабында түзілетін жалпы ағын – 802,7 млн м3. Алаптың су ресурстарының біршама бөлігі ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жұмсалады, негізінен суармалы егіншілікке. Халық санының тұрақты өсуі жəне мал басының артуы ауыл шаруашылық өнімдерінің көбірек өндіруді қажет етеді, бұл суармалы егіншілік жерлердің аудандарын артыру жəне қайта қалпына кертіру арқылы іске асады. Суармалы егіншіліктің даму қарқынын салыстыру үшін саланың ең даму шыңы 1990 жыл жəне қазіргі уақыт алынды. Өткен ғасырдың 90 жылдары алаптың жер балансында 87,43 мың жер болды, оның ішінде тұрақты суарылатын жер 68,29 мың га, көлтабандатып суару 6,40 мың га жəне шабындық 6,40 мың га. Базалық жылда (1990 жыл) жер фонды бойынша есепте тұрған барлық суармалы жерлер пайдаланылды. Қазіргі кезде жер фонды бойынша 61,70 мың га есепте тұр, нақты суарылғаны 42,37 мың га. Көлтабандатып суару жəне шабындық жер фонды пайдаланылмады. Осы жағдайды талдайтын болсақ, баланстағы жердің тек 48,5% пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланылмайтын жерлерді кіргізу мүмкін жəне техникалық іске асыруға болады. Қайта қалпына келтірілетін аудандарды дамыту жəне орналастыру Талас өзені ағынын тиімді пайдалану, жергілікті жердегі шағын өзендердің суын қайта бөлістіру арқылы іске асады. Нақты уақыттағы 75,65 мың га суармалы жердің, тек тұрақты суарылатыны 40,59 мың га. Барлық жəне нақты пайдаланылатын суармалы жерлерді əкімшілік аудандар бойынша таралуы 3 кестеде келтіріген.