- •Биоиндикаторлар және олардың сипаттамасы
- •Талас өзені
- •Жамбыл облысының су көздері
- •Талас су торабы
- •Сски бойынша Талас өзенінің көрсеткіші наурыз,2015 жыл
- •Талас өзені Тараз қаласына зиян келтіруі
- •Талас өзендері бассейндерінің су ресурстарын басқару Қазақстан-Қырғызстанның бірлескен комиссиясы
- •2000 Жылғы келісімдерді орындау бойынша қызметті үйлестіру және ұйымдастыру;
- •Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг облысындағы ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 |
КІРІСПЕ
|
2 |
1.1 |
Биоиндикатор және олардың сипаттамалары |
4 |
2 |
ТАЛАС ӨЗЕНІ |
5 |
2.1 |
Талас су торабы |
8 |
2.2 |
Талас өзені Тараз қаласына зиян келтіруі |
13 |
3.1 |
талас өзендері бассейндерінің су ресурстарын басқару |
13 |
3.2 |
Қазақстан-Қырғызстанның бірлескен комиссиясы |
14 |
3.3 |
Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг облысындағы ұсыныстар. |
18 |
4 |
ҚОРЫТЫНДЫ
|
22 |
5 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
23 |
Мазмұны
Кіріспе
Биоиндикатор (био... және грек. іndіco — көрсеткіш, анықтағыш) — организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикатор қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген. Мысалы, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы — судың сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы — оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы — оның құнарлылық дәрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін әсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер биоиндикатор есебінде пайдаланылады. Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Антропогендік (техногендік, ауылшаруашылық) іс-әрекеттердің салдары-нан Орта Азияда, оның ішінде Талас өзені алабында жаңадан табиғи-техногендік жүйелер қалыптасуы қарқынды түрде жүрді. Зерттеу аумағын-дағы су ресурстарын реттеу арқылы (өзен арнасындағы су бірнеше рет қайта пайдаланылды) шамадан тыс пайдалану ( су пайдалану коэффициенті 1.25-1.50) өзен алаптарының табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану мәселелерінің туындауына алып келді. Өзен алаптарында ландшафт құрамбөліктері арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы үрдісі байқалады және соның салдарынан табиғат жүйесінің азып-тозуы, шөлейттену үрдісі қарқынды жүре бастады, яғни, қоршаған ортаның экологиялық орнықтылығына нұқсан келе бастады.
Экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ететін гидрологиялық, гидро-химиялық, биологиялық, климаттық өзгеру заңдылықтарын бағалау арқылы осы орнықтылықты сақтау жолдарын іздестіру күттірмейтін мәселе болып табылатындықтан, өзен алаптарының ресурстарын пайдалануды, оған түсірілетін табиғи-техникалық жүктеменің шамасын жан-жақты негіздеу арқылы, оның экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету жолдарын ғылыми тұрғыда негіздеу бүгінгі күннің өзекті және көкейкесті мәселесі болып отыр. Қазіргі кезде ауылшаруашылық саласында егіншілік жүйені жүйелік түрде жүргізбеудің салдарынан, бұрынғыдан қалыптасып келе жатқан ауыспалы егістік жүйесін сақтау мүмкін болмай отыр. Осының себебінен, бұрыннан қант қызылшасын өсірумен айналысатын Жамбыл облысының аудандарында қазіргі кезде қант қызылшасының орнына көкөніс өсірумен көбірек айналысатын болған және металлургиялық зауыттар мен байытушы фабрикалардың ағынды суларының зияны өте көп. Бұның өзі бір жағынан аймаққа ұсынылған егістік жүйесінің бұзылуына алып келсе, екінші жағынан осы аймаққа орналасқан қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі өте қиын жағдайға айналған және жергілікті тұтынушыларды қантқа деген сұранысын қамтамасыз ету мәселесі де толық шешілмей отыр.
Осыған байланысты, мемлекеттің тапсырысымен Жамбыл облысының аймағанда қант қызылшасын өсіру мәселесін жандандырудың қажеттігін ескеріп, әрбір ауданда 1000 гектардан қант қызылшасын өсіру мәселесі қолға алынып отыр. Бұның өзі соңғы кезде аудандардың көлеміндегі суғармалы егістік жүйесін қайта құру керектігіне алып келеді және осыған байланысты суды тұтыну мәселесінде қайта қарауды қажет етеді.
Жамбыл облысының Байзақ ауданы Талас өзенінің алабында орналас-қандықтан табиғи және су қорын қарастыру кезеңінде, олар біртұтас геоэкологиялық жүйе ретінде қарастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Талас өзенінің экологиялық жағдайын, экожүйесін және биоалуан түрлілігін талдау.
Осы мақсат негізінде төмендегідей міндеттер қойылды:
Талас өзенінің биоалуан түрлілігіне экологиялық түрде талдау;
Талас өзенінің су қорларының ластану деңгейі және оларды пайдалану критерилері;
Биоиндикаторлар және олардың сипаттамасы
Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер- өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың, ионды радиацияның жоғарғы деңгейінің, ортаның химиялық құрамының өзгеруінің, шу мен жылумен ластанудың тірі организмге әсердің сезімтал индикаторы болып табылады.
Көптеген организмдер антропогенді әсердің бөлек типтеріне әр түрлі сезімталдық қасиет көрсетіп, адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде болатын әр түрлі өзгерістердің индикаторы болады.
Қазіргі көзқарас бойынша, биоиндикатор- табиғи процесстер жағдайлары немесе тіршілік ортасының антропогенді өзгеруінің көрсеткіші болатын организмдер, олардың ортада кездесуі, саны мен даму ерекшеліктері. Биоиндикация- биоиндикатор организмдерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі. Биоиндикаторлар көмегімен анықталынатын жағдайлар- биоиндикация объектісі деп аталынады. Мұндай объект ретінде табиғи объктілердің белгілі типтері (топырақ, су, ауа) мен осы объектілердің әр түрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы), қоршаған ортада жүріп жатқан белгілі бір процестер (эрозия, дефляция, батпақтану т.б.) мен адам әрекетінің әсер нәтижелері де алынуы мүмкін.
Биоиндикатор таңдауда атақты американ ғалымы Ю.Одум келесі жағдайларды ескеруді ұсынды:
Қауымдастықта сирек таралған стенотипті түрлер (белгілі бір жағдайларда ғана тіршілік етуге бейімделген организмдер) эвритиптерге (кең таралған, экологиялық төзімділік диапазоны кең организмдер) қарағанда көбінесе жақсы индикатор болып саналады.
Майдаларға қарақанда ірілеу түрлерін биоиндикатор ретінде таңдаған жөн, себебі майда организмдерінің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары болып келеді және де зерттеу кезінде сынауға алынған объектіге түсіп кету қауіптілігі бар (ұзақ периодты бақылаулар жүргізу кезінде).
Индикатор ретінде алынатын түрді (немесе түр тобын) таңдауда эксперименталды немесе далалы жағдайларда алынған түрдің толеранттылығы, түрге әсер етуші факторлар, бұл факторлардың шектеуші (лимиттеуші) мәні, организнің компенсациялау реакциялары сияқты мәліметтер болуы тиіс.
Әр түрлі түрлердің (популяция, қауымдастық) сандық қатынасы- бір түрдің санына қарағанда көрнекті және сенімді индикатор болады (бір бөлігіне қарағанда бүтіні- жағдайдың жалпы көлемін көрсетеді)
Жинақтаушы индикаторлар- ластаушы заттарды өздерінің ұлпаларында, белгілі бір дене мүшелерінде концентрациялайды. Кейін олар химиялық анализ көмегімен қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда қолданылады. Қоршаған ортадағы қоспалардың зияндылығын анықтау мен ластануды бақылауда қолданылатын аппараттар қазіргі заманға сай дамыған болса да, күрделі «тірі аспаптармен» тең бола алмайды. Бірақ, «тірі аспаптарда» бір маңызды кемшілігі бар. Олар күрделі көп құрамды қоспалардың барлық жиынтық комплексіне жауап беріп, сол қоспадағы белгілі бір затың концентрациясын анықтай алмайды. Сонымен қатар физикалық, химиялық әдістер әсер етүші фактордың сандық, сапалық мінездемесін береді. Ал биологиялық әсер жайында жанама түрде ғана мағлұмат алынады. Биоиндикаторлар көмегімен биологиялық салдары жөніндегі информацияны алып, әсер етуші фактордың өзінің ерекшеліктері туралы тек жанама қорытынды жасауға болады. Биоиндикатор ретінде қолданылатын организм тобының ,биоиндикация мәселесін шешуде қолданылатын шекарасын анықтаушы өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктері болады.
Қазіргі замандағы ғылымға тән бір қасиет- ғылымның әр түрлі салаларының бірлесуі нәтижесінде жаңа әдістерді шығарып, практикада қолдану. Микробиология, зоология, ботаника сияқты билогия салалары мен аналитикалық химияның жетістіктеріне сүйенетін биологиялық анализ әдістерінің дамуы бұған мысал бола алады.
Биологиялық әдістер тіршілік әрекеті, өсу, даму, көбею мен тірі заттың қызмет етуі үшін белгілі бір химиялық құрамы бар ортаның қажеттігіне негізделген. Бұл химиялық құрамының өзгеруі, мысалы, қоректік ортадан белгілі бір компаненттің алынуы немесе қосымша (анықталынатын) қосындының енгізілуі нәтижесінде организм біраз уақыт өткен сайын, кейде бірден (тура сол уақытта) соған сәйкес келетін жауапты сигнал береді.
Организмнің жауап сигналының қарқындылығы мен ортаға енгізілген немесе одан шығарылған компаненттің мөлшері арасындағы байланыс түрін белгілеу- сол компанентті табу мен анықтау үшін қолданылады.Биологиялық әдістерде аналитикалық индикаторлар- әр түрлі организмдер , олардың дене мүшелері мен ұлпалары, физиологиялық фукциялары, биохимиялық реациялары және т.б. болып табылады. Билогиялық әдістер үшін өзіне тән экспериметті жүргізу әдістемесі, құрал- жабдықтары мен индикаторлы организмнің жауап реакциясын тіркеу тәсілдері болады.
