Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адам анатомиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Адам анатомиясы пәнінен күндізгі бөлімнің 3-курс студенттеріне арналған студенттердің білімін бағалау және бақылау материалдары

Дайындаған: Жаданова Г.С.

Ағымдық бақылау тапсырмалары

1 Аттестация материалдары і аралық аттестацияның тест сұрақтары

І нұсқа

  1. Көкірек омыртқасына тән өсінділерді ата:

А сүйір, семсер, қанат тәрізді өсінділер;

B жоғарғы және төмен буын өсінділері, қанат тәрізді өсінділер;

C сүйір, көлденең өсінділер;

Д сүйір, көлденең өсінділер, жоғарғы және төмен буын өсінділері;.

E көлденең өсінді, қосымша өсінді.

  1. Жауырынның дорзальды беткейінің құрылымдарын ата:

А жауырын жиегі, жауырын асты ойысы;

B жал үсті, жал асты ойысы;

C жауырын жиегі, жауырынүсті және жауырынасты ойыстары, иық өсіндісі.

Д иық өсіндісі, иық өсіндісінің буыны, жауырын асты ойыстары;

E жауырын жиегі, жауырын үсті, иық өсіндісі.

  1. Тілерсектің проксимальды қатарын қандай сүйектер құрайды?

А қайық тәрізді, бұршақ тәрізді, басты, ұшқырлы;

В қайық тәрізді, бұршақ тәрізді, жартыай тәрізді, үшқырлы;

С ілмекті, жартыай тәрізді, үшқырлы, қайық тәрізді;

Д жартыай тәрізді, трапеция тәрізді, ілмекті;

Е қайық тәрізді, үшқырлы, ілмекті;

  1. Жамбас қандай сүйектерден тұрады?

Ашонданай сүйектің бұтағы, шонданай сүйектің төмпегі;

B мықын, шат, шонданай сүйектері;

Сшат, сан сүйектері, қолсұғар сүйек;

Д шонданай сүйек, сегізкөз;

Е мықын, сан сүйектері, сегізкөз;

  1. Жұп бет сүйектерін ата:

А жоғарғы жақ, тіласты, бет;

В жоғарғы, төменгі жақ, төменгі мұрын қалқаны, бет;

С таңдай, мұрын және төбе;

Д жоғарғы жақ, бет және төбе;

Е жоғарғы жақ, бет, жас, төменгі мұрын қалқаны, мұрын және таңдай;

  1. Қанатты - таңдай шұңқырына қандай тесіктер ашылады?

А жыртық тесік, жоғарғы көз шарасы саңылауы;

В көру және қанатты өзек, дөңгелек тесік;

С жыртық, сопақша және дөңгелек тесік;

Д қанатты – таңдай және дөңгелек тесік, үлкен таңдай және қанатты өзек, төменгі көз шарасы саңылауы;

Е көру тесігі және жоғарғы көз шарасы саңылауы.

  1. Буынның негізгі элементтерін ата:

А буын беті, шеміршек, қапшық, қуыс, синовиальды сұйық;

В жалғама, буын беті, қапшық;

С буын беті, шеміршек, ерін;

Д буын беті, диск, синовиальды сұйық;

Е жалғама, буын ерні, синовиальды сұйық;

8. Иық буыны немен түзелген?

А бұғананың акромиальды ұшы және тоқпан жілік басы;

В жауырынның құстұмсық өсінділері және тоқпан жілік басы;

С бұғананың акромиальды ұшы, жауырын құстұмсық өсіндісімен және тоқпан жілік басы;

Д тоқпан жіліктің шығыры және жауырынның буын ойпаты;

Е тоқпан жіліктің басы және жауырынның буын ойпаты.

9. Бұлшықеттің көмекші аппаратын атаңдар:

А жалғама, сіңір, сүйектер;

В фиброзды және сүйекті – фиброзды өзектер, синовиальды қынаптар және

қалталар, тобықты сүйектер, фасциялар, шығырлар;

С апонервроздар, буындар;

Д жалғамалар, буындар, сіңірлер;

Е жалғамалар, шеміршектер, сүйектер.

  1. Іштің бүйір бұлшықеттері:

А ішкі қабырға аралық, іштің көлденең бұлшықеттері;

В пирамида бұлшықеті, іштің ішкі тік бұлшықеті;

C ішкі қабырға аралық, іштің тік бұлшықеті;

Д үлкен және кіші кеуде бұлшықеті, пирамида бұлшықеті;

Е іштің сыртқы қиғаш, іштің ішкі қиғаш, m. іштің көлденең бұлшықеттері;

11. Сирақтың алдыңғы топ бұлшық еттері:

А алдыңғы асық жілік бұлшық еті, І бәшайдың ұзын әкелуші бұлшық еті;

В бәшайдың ұзын жазушы бұлшық еті, табанның ұзын бұлшық еті;

C бәшайдың ұзын бүккіш бұлшық еті, алдыңғы асық жілік бұлшық еті, І бәшайдың ұзын жазушы бұлшық еті;

Д алдыңғы асық жілік бұлшық еті, табанның ұзын жазушы бұлшық еті, бәшайдың ұзын бүккіш бұлшық еті;

Е бәшайдың ұзын жазушы бұлшық еті, шыбық бұлшық еті.

  1. Адам конституциясының түрлері:

А үлкен, төмендеу, орта;

В биік, төмен, орта;

С астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық;

Д қалыпты, жалпақ, тар;

Е тар, биік, гиперстеникалық.

  1. Аномалия дегеніміз не?

А толық организмнің және бөліктерінің құрылысының, оның қызметіне әсер ететін, қалыпты жағдайдан туасылы болатын ауытқулар;

В толық организмнің және бөліктерінің жиі кездесетін формалары мен

өлшемдері;

С толық организмнің және бөліктерінің кейін пайда болатын қалыпты жағдайдан ауытқуы;

Д толық организмнің және бөліктерінің құрылыстарындағы қызметіне әсер етпейтін ауытқулар;

Е қалыпты құрылымдардың қызметіне байланысты ауытқулар;

  1. VII мойын омыртқаның шығыңқы жоталық өсінділерінің практикалық маңызы:

А VI және VIІ мойын омыртқалар арасынан пункция жасауда;

В қан ағу кезінде ұйқы артериясын басып тоқтатуға;

С омыртқа артериясының проекция орны;

Д диагностикалық мақсатында омыртқаларды санау үшін қолданылады;

Е бұғанаастылық артериясының проекция орны;

  1. Ересек адамның шүйде мен сына сүйектерінің арасындағы байланыс түрі:

А синостоз В синдесмоз С синходроз Д диартроз

  1. Нәрестенің мықын, шонданай, шат сүйектері арасындағы байланыс түрі:

А синостоз В синдесмоз С синхондроз Д диартоз

  1. І-ші қабырға мен төс сүйегі арасындағы байланыс түрі: