- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Жылу энергетика» кафедрасы
- •Силлабус Астана
- •2. Жылу энергетикада және жылу технологияларда энергияны үнемдеу. Код: ZhZhEk 3303. Кредитер саны – 2
- •4. Пререквизиттер:
- •5. Оқу пәннің сипаттамасы:
- •6. Пәннің мазмұны
- •7. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7.1 Негізгі әдебиет
- •8 Білімді бақылау
- •9 Оқу пәннің талаптары
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Силлабус |
Басылым: үшінші |
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Жылу энергетика» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
«Жылу энергетика»
кафедрасының меңгерушісі
____________С.А.Глазырин
«_____»___________2012 ж.
__5В071700 «Жылу энергетика»__мамандығының білім алушылары үшін
(мамандықтың шифры және атауы)
_ZhZhEU 3303 «Жылу энергетикада және жыду технологияларда энергияны
үнемдеу» пәні бойынша________
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )
Силлабус Астана
2012
1.
2. Жылу энергетикада және жылу технологияларда энергияны үнемдеу. Код: ZhZhEk 3303. Кредитер саны – 2
3. Өткізу уақыт пен орыны: 6 семестр; кесте бойынша.
Оқу жоспардан көшіру
Курс |
Семестр |
Кредиттер саны |
Дәріс, сағат |
Тәжірибе сабақ, сағат |
ОСӨЖ, сағат |
СӨЖ, сағат |
Барлығы, сағат |
Бақылау түрі |
3 |
6 |
2 |
15 |
15 |
30 |
30 |
90 |
Емтихан |
4. Пререквизиттер:
«Жылу энергетикада және жылу технологияларда энергияны үнемдеу» пәнді оқу үшін келесі пәндерді білу қажет: Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану (қайрат қолдану). Автоматты басқару теориясы, Отың жағудың арнаулы сұрақтары, техникалық термодинамика; жылумассаалмасу (жылуөткізгіштік, сәулеалмасу).
Оқу пәнінің прореквизиты:
Пәнді оқу кезінде алған білімді, мамандық пәндерің оқу кезінде, курстық және дипломдық жұмыстар жасағанда қолдана білу.
5. Оқу пәннің сипаттамасы:
5.1 Оқу пәнінің қажеттілігі.
Пәннің қажеттілігі студенттерге кез келген энергияны пайдалану кезінде үнемдеу шараларын үйрету болып табылады.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
Жылуэнергетикада, отын-энергетикалық кешенде, өнекәсіпте, көлікте, ауыл шаруашылығында энергоүнемдеу шаралары жөнінде білімдерді қалыптастыру.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы энергоүнемдеу және энергяның баламалы көздерін пайдалану проблеммаларымен таныстыру. Энергоресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған өндірістік, техникалық және экономикалық тетіктерді үйрену.
Курсты игеру барысында студенттердің келесі түсінктері болуы қажет:
- энергоүнемдеудің негізгі терминдері мен қағидалары туралы;
- қазіргі кезде Қазақстан Республикасында және дүние жүзінде энергоүнемдеудің күйі, проблеммалары, және даму бағыттары туралы;
- энергоүнемдеудің мемлекеттік саясаттың қағидалары туралы;
- су және отынды пайдаланудың тиімді әдістері туралы;
Пәнді үйрену барысында студенттер білу керек:
- өнеркәсіп салаларындағы энергоүнемдеудің бағыттары мен масштабтарын ;
- энергияның баламалы көздерін пайдалану күйі мен потенциалын;
- энергияның баламалы көздерін пайдалану проблеммаларын;
- энерготасығыштарды бақылау және есептеу әдістерін және аспатарын;
- энергоаудит мақсаттары мен міндеттерін
Пәнді үйрену барысында студенттер істей білу қажет:
өндіріс кәсіпорындардың отын – энергетикалық баланстарын құруды және талдауды;
өнеркәсіп салаларында энергияны пайдалану тиімділігін бағалауды ;
жылутехнологиялық қондырғылар мен жүйелердің энергожоғалтуларын есептеу;
ішкі энергоресурстарды пайдалану әдістерін іске асыру;
меңгеру қажет:
- энергоүнемдеу шараларын;
- жылутехнологиялық қондырғылар мен жүйелердің энергетикалық және эксергиялық баланстарын құру және талдауды.
