- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Тақырып 1. Қолданбалы антропология мен биомеханиканың негізі пәнінің мазмұны мен мақсаты.
- •Тақырып 2. Қанқа бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 3. Бұлшықет бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 5. Адам денесінің сыртқы формасын анықтайтын негізгі морфологиялық нышандарға сипаттама
- •Тақырып 7. Ересектер мен балалардың стандартты бой-өлшемдері.
- •Тақырып 8. Адам денесінің статика мен динамикада зерттеу әдісі
- •Тақырып 9. Жалпы халықтың өлшем нышандарын математикалық тәсілмен өңдеу
- •Тақырып 10. Типті дене бітімдердің оптимальді сандарын анықтау. Типті дене бітімдердің проценттік шкалаларын жасау
- •Тақырып 11. Балалардың өлшем типологиясын тұрғызу ерекшеліктері
- •Тақырып 12. Киімге арналған манекендер мен дене бітім макеттері
- •Тақырып 13. Адам денесінің сыртқы формасын зерттеу әдісін жетілдіру
Тақырып 7. Ересектер мен балалардың стандартты бой-өлшемдері.
Тігін өндірісінің тұтынушыларға арналған бұйымдар шығару үшін жалпы барлық қалыптың өлшемдеріне сай болу керек. Ал халықтың өлшемдері алуан түрлі. Сондықтан өлшем типологиясына сай бұйымдар шығарады. Адамдардың өлшемдеріне таңдау әдісі жүреді. Оны жалпы сәйкестік деп аталады (генеральная совокупность). Сондықтан өлшемді таңдау келесі талаптарға сай болу керек:
Адамның жай өлшемдерін анақтау үлкен адамдар аралығындағы киімдер 18 ден- 59 жас арналған.
Халық топтарының өлшемі ерекшеліктеріне көңіл бөлу (ауыл адамдарының өлшемдерін топтастыру).
Жұмыс істейтін мамандығына байланысты киім шығару соның ішінде мода дегеніміз өлшемдердің вариоционды қатарының жиі кездесетін оңтайлы классын айтады.
Медиана дегеніміз өлшенген топтарды екі топқа бөлу. Мысалы: 50%-ті медианадан киім өлшнмі болса, медианадан үлкен өлшем.
Адамның жетекші өлшемдері нышандары әйел дене бітіміне бой ұзындығы, үш кеуде айналымы, іштің қатысымен бөксе айналымы кіреді.
(Р- ОгIII- Об,), ал ерлерге жетекші өлшем нышан бой ұзындығы, үшінші кеуде айналым, бел айналым.
Айырмашылықсыз интервал тұтынушыларға арналған бұйымдардың өлшемдері бірнеше өлшемге сай болуын атаймыз. Бой ұзындығының айырмашылықсы интервалы 6см (+-3см)
Кеуде айналамы бойынша (+-2см)
Бел айналымы 6см (+-3см)
Бөксе айналымы 4см (+-2см)
Бұрынғы СЭВ халғы бойынша жалпы өлшем стандартты жалғастырған. Размерный стандарт (РС) үлкен адамдар стандартты 3137-71 балалар үшін РС 3138-71соның ішінен мемлекеттік стандарттар шыққан(ГОСТ) 17521-72, ГОСТ 17522-72, ГОСТ 17916-72, ГОСТ 17917-72 мемлекеттің стандарттың бұйымды жобалау үшін құрастырудың саланы стандарты шықты ГОСТ 7328-86, ОСТ 17326-81.
Толықтық топты анықтау үшін бөксе айналымынан үшінші кеуде айналымын айыру қажет Об-ОгIII.
Қалыпты әйелдер бітімінің төрт толықтық тобы анықталды: 1,2,3,4. Өлшем айырымдары: 4, 8, 12, 16см. Әйелдер классификациясының киімдері он үш размерден тұрады 88-136см дейін кеуде айналымы.6 бой ұзындықтан 146см-176см дейін және төрт толықтық топтан.
Ерлер классификациясының киімдері 11өлшемнен тұрады. Кеуде айналымы 88-128см, 6 бой ұзындықтан 158см-188см дейін және бес толықтық топтан.
Типті ерлер дене бітімін толықтық топқа жатқызу үшін бел айналымымен анықталады.
Үшінші кеуде айналымынан бел айналымын аламыз. Ол келесідей:
I топ ОгIII-От=18см
IIтоп ОгIII-От=12см
III топ ОгIII-От=6см
IV топ ОгIII-От=0см
Vтоп ОгIII-От=-6см
Ерлер дене бітімінің толықтық тобының интервалы 6см-тең.Әйелдер дене бітімінің толықтық тобы келесідей:
I топ-жіңішке бөкселі дене бітімге Об- ОгIII-=4см
IIтоп нормальды бөкселі дене бітімге Об-ОгIII-=8см
III топ жалпақ бөкселі дене бітімге Об-ОгIII-От=12см
IV топ өте жалпақ бөкселі дене бітімге Об-ОгIII-=16см
Әйелдердің толықтық тобында толықтығы 4см тең.
Бақылау сұрақтары:
Өлшем типология дегеніміз не?
Жетекші өлшем дегенім не?
Бағынышты өлшем дегеніміз не?
Өлшем стандартының ОСТ мен ГОСТ атаныз?
Толықтық топ дегеніміз не?
Әйелдер мен ерлердің қанша толық топ дегеніміз не?
Айырмашылықсыз интервал дегеніміз не?
