Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Антроп 16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.12 Кб
Скачать

Тақырып 3. Бұлшықет бөліктерінің құрылысы мен формасы

Бұлшықет – дененің қозғалуын және оның тік қалпын сақтауын қамтамассыз етеді. Қаңқамен бірге дене пішімін береді. Бұлшықет ет талшықтарынан тұрады.

Құрамына қарай: біріңғай салалы, көлденең жолақты болып бөлінеді. Бұлшықет сыртқы пішініне қарай 3-ке бөлінеді:

1-Қысқа және жуан бұлшықеттер (омыртқа жотасының астыңғы терең қабатында жатады.

2-Ұзын жіне жіңішке (аяқ жіне қолда)

3-Жалпақ бұлшықеттер (тұлғада кздеседі)

Атқаратын қызметіне қарай: буын бүккіш, буын жазғыш болып бөлінеді.

Орналасуына қарай: бас, тұлға, аяқ-қол.

Мойын бұлшықеті – кеуде, бұғана, көкірек бұлшық еті; бүйір жағында орналасып, астында бұғанамен төстіктің үстіңгі қырына бекітіліп, үстінде бастың самай сүйегіне бекітіледі.

Кеуде бұлшықеті – тәріздес кеуденің үстіңгі жағында орналасады. Бір жағымен бұғанаға, төстікке, екінші қабырғадан жетінші қабырғаға дейін, екінші жағымен тоқпан жілікке бекітіледі.

Алдыңғы тісті бұлшықет – кеуде қуысының бүйір жағында орналасады. Алды 8-9 қабырғадан басталып, артқы жақта устіңгі бұрышымен ішкі қырына қабысады.

Құрсақ бұлшықеті – үш жалпақ жолақ тәріздес 5,6,7 қабырғалар шеміршектен басталып тос сүйегіне бекітіледі.

Құрсақтың сыртқы бұлшықеті – астыңғы 8 ші қабырғаға бекітіліп, құрсақтың алды мен бүйірін және кеуде қуыстың астыңғы бөлігін жауып, астынғы жағында жамбас сүйегіне бекітіледі.

Арқа мен мойынның артқы жағының бұлшықеттері соның ішінде трапеция тәріздес бұлшықеті– төбе сүйектен және мойын арқа бөліктерінің омыртқаларынан басталып, бұғана мен жауырынға бекітіледі.

Арқаның жалпақ бұлшықеті – формасы үшбіұрышты бір шегімен омыртқа жотасының астынғы 6 арқа омртқаларынан басталып, құйымшаққа бекітіледі,екінші жағымен тоқпан жіліктің алдыңғы жағына бекітіледі.

Иық пен қолдың бұлшықеті – иықтың үтіңгі жағында екі басты бұлшықет бар(бийепс). Оны кәрі жіліктің үстінде үш басты бұлшықет (трицепс) екі қысқа басымен тоқпан жілікке, екінші шеті шыбық сүйекке бекітіледі.

Бөксенің, аяктын бұлшықеттері – бөксенің үлкен, санның, тізенің үшбасты, бөксенің төрт басты – бұлшықеттері жатады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұлшықет жалпы салмақтан қанша процент алады?

  2. Алдынғы бой бұлшықеттерін ата?

  3. Артқы бой бұлшықеттерін ата?

  4. Бұлшықет құрамына қарай қалай бөлінеді?

  5. Бұлшықет сыртқы пішініне қаорай қалай бөлінеді?

  6. Қол мен аяқтың бұлшықеттерін ата?

Тақырып 4. Адам денесінің сыртқы формасына сипаттама

Адам денесі келесі үлкен бөліктерден тұрады кеуде, мойын, бас, екі қос аяқ-қол. Әр бөліктің алдыңғы, артқы және бүйір беттерін зерттейді.

Тұлға - дененіңең үлкен бөлігі. Үстіңгі жағын иықиеңкіші деп атаймыз. Әйел адамы 21 градус, 24 градус болады. Еңкіштің 3 түрі болады төмен- еңкіші үлкен, орташа-еңкіші орташа, биік- еңкіші кішкентай. Тұлғаның үстіңгі жақ бетінде көкірек және құрсақ қуысы бар. Артқы жағын арқа оймағы құрайды. Бел бөлігі ойыс- лордоз. Көкірек және құйымшақ дөңес - кифоз. Мойын мен тұлғаның мойын шекарасы төстік пен бұғанадан артқы жағында 7-ші омыртқадан өтеді. Мойын формасы балалар мен әйелдерде домалақ, ерлерде трапеция тәріздес. Мойын ұзындығы еңкішке де байланысты.

Аяқ-қолдар тұлға мен аяқ-қолдың шекарасы иық және жамбас буындары болады. Қолдың шынтақ буыны доғал бұрыш құрайды. Ер адамда 169-170, әйелдер мен балаларда сәл кішірек -164. Аяқтың формасы келесідей болады, нормалы- сан мен тізенің осьтері доғал, бірақ ішкі жаққа ашық бұрыш құрады.

Адам денесінің ассиметриясы. Адам денесінің орташа сагитальды жазықтықта қарасақ оң ме солға бөлеміз. Олар симметриялы, бірақ айырмашылықтарын ассиметриялы деп атайды.

Адамның сыртқы формасын сипаттайтын негізгі морфологиялық нышандар.

Оған, тотальді не жалпы өлшемдер, пропорциялар, дене құрылысы және келбеті жатады.

Жас туралы түсініктер.

Паспорттық және биологиялық немесе морфологиялық адамның жасын анықтайды. Паспорттық адамның туған-күніне байланысты. Морфологиялық анатомия- физиологиялық дамуына байланысты. Кейде екеуі бір-біріне келмеуі мүмкін.

Адамның жас мезгілі

Жас мезгілі

Ерлер

Әйелдер

жаңа туған

1-10 күн

1-10 күн

емшектегі

10 күн - 1 жас

10 күн - 1 жас

жас балалық шақ

1-4 жас

1-4 жас

балалық шақтың 1-ші мезгілі

4-7 жас

4-7 жас

балалық шақтың 2- ші кезеңі

8-12 жас

8-11 жас

жасөспірім

13-16 жас

12-15 жас

жастық шақ

17-21 жас

16-20 жас

орташа, 1-ші мезгіл

22-35 жас

21-35 жас

2-ші мезгіл

36-60 жас

36-55 жас

мосқал

61-75 жас

56-76 жас

қарт жас

76-90 жас

76-90 жас

ұзақ өмір сүретін жас

90 жастан үлкен

90 жастан үлкен

Морфологиялық нышандар белгілеріне дене ұзындығы, кеуде айналымы және салмақ жатады.

Дене ұзындығы, жаңа туған балаларда, ер балада 51, қыз балада 51 см. Баланың 3 жасында 9,5-10 см дейін, 3 және 7 жасында 6,5 см-ге өседі. 10 мен 17 жастарда қыздарда ұлдарға қарағанда тез өседі. 11-12 жасында ұлдар мен қыздардың бойлары теңеседі.

Қыз балалардың жыныс жетілуі ер балаларға қарағанда 2 жыл ерте басталады және ертерек бітеді. 11-14 жас мезгілінде ер балалардан ірі болады. Жыныс жетілуі мезгілінде балалар жыл сайын 5-7см қосады. Әйел адамдарда 17-18 жас, ер адамда 18-20 жас дене өсуі тоқтайды. Бойдың тұрақты мезгілі 45-50 жасқа дейін сақталып, әр 5 жыл ішінде 0,56-0,7 кішірейіп отырады. Ер адамдарда орташа ұзындық - 165, әйелдерде 154 см.

Кеуде айналымы- кеуде қуысының сүйек негізінің және бұлшықеттің айналымы. Жастың өсуіне байланысты кеуде айналымы өсіп тұрады. Бір жасында кеуде айналымы ұлдарда 49 см, қыздарда 48 см. 4 жасында жыл сайын 2-3 см қосады. 15-16 жаста, ұлдарда үлкен болады. 18-20 жаста әйелдерде, ол 25-26 жаста ерлерде кеуде айналымы тұрақталады. 40 жастан кейін кеуде айналымы қайта өсе бастайды. Киімді құрастырған кезде ер адамдарда 3 кеуде айналымы, әйел айналымы 4 кеде айналымын аламыз.

Салмақ- ер адамда орташа салиақ 64 кг, әйелдерде 56 кг. Жаңа туған баланікі 3,5 кг , қыз 3,4 кг, 1 жылдың ішінде 3 есе көбейеді. Салмақтың тұрақты мезгілі 25-40 жасында. 40-45 жаста көбейеді. 60 жастан кейін азаяды.

Дене пропорциясы. Дене пропорциясы 3 түрге бөлінеді (В.В Бунак).

1. долихоморфты - ұзын аяқ-қолмен және қысқа енсіз кеудемен ерекшеленеді.

2. брохиморфты қысқа- аяқ-қолмен және ұзын жалпақ кеудемен ерекшеленеді.

3. мезаморфты орташа.

Адамның бойының айырмашылығы аяқтың ұзындығына байланысты. Долихоморфты ұзын бойлы, брохиморфты қысқа бойлы адамдарға сай. П.Н Башкировтың дене пропорциясына санды сипаттама келтірген. (кесте)

Дене пропорциясының жыныстық айырмашылығы болады. Ол иық пен жамбасқа байланысты.

Мезоморфты типтегі әйел мен ер адамдардың денелерін, тұлғаның ұзындығына салыстырмалы өлшемдері.

Дене пропорциясы жасына қарай өзгереді. Өзгерістер бастың, кеуденің салыстырмалы өлшемдерінің азаюы аяқтың салыстырмалы ұзындығының үлкеюіне байланысты. Жаңа туған баланың басының биіктігі дене ұзындығының 25% алады. Аяқтың ұзындығы 33%, бас пен кеуденің айналымы тең болады. Дене ұзындығынан 13-14%, аяқтың ұзындығы 53%, бастың айналымы кеуде айналымынан 2 есе кіші.

Ересек адамның басының биіктігі жаңа туған баланікінен 2 есе үлкен. Дене мен тұлға ұзындығы 3 есе, қолдікі 4 есе, аяқтыкі 5 есе, мойындікі 7 есе, бастың айналымы 1,5 есе, кеуденің айналымы 3 есе көбееді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?

  2. Иық енкішінің түрлерін атаңыз?

  3. Шынтақ әйелдер мен ерлерде қанша градус?

  4. Жас мезгілін атаңыз?

  5. Ассиметрия дегеніміз не?

  6. Акцелирация дегеніміз не?

  7. Паспортты және биологиялық жас дегеніміз не?

  8. Пропорция туралы түсінігінізді айтыныз?