- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Тақырып 1. Қолданбалы антропология мен биомеханиканың негізі пәнінің мазмұны мен мақсаты.
- •Тақырып 2. Қанқа бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 3. Бұлшықет бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 5. Адам денесінің сыртқы формасын анықтайтын негізгі морфологиялық нышандарға сипаттама
- •Тақырып 7. Ересектер мен балалардың стандартты бой-өлшемдері.
- •Тақырып 8. Адам денесінің статика мен динамикада зерттеу әдісі
- •Тақырып 9. Жалпы халықтың өлшем нышандарын математикалық тәсілмен өңдеу
- •Тақырып 10. Типті дене бітімдердің оптимальді сандарын анықтау. Типті дене бітімдердің проценттік шкалаларын жасау
- •Тақырып 11. Балалардың өлшем типологиясын тұрғызу ерекшеліктері
- •Тақырып 12. Киімге арналған манекендер мен дене бітім макеттері
- •Тақырып 13. Адам денесінің сыртқы формасын зерттеу әдісін жетілдіру
Тақырып 2. Қанқа бөліктерінің құрылысы мен формасы
1. Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің құрылысы.
2. Сүйектердің құрылысы мен топтасуы.
3. Буындардың топтасуы.
4. Тұлға қаңқасы.
5. Қол сүйектері , аяқ сүйектері.
1.Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді.
Қаңқа (гр. skeleton — қаңқа), скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған сүйек жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Қаңқа- адам денесі тұрақты негізін құрастыратын жүйе. Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 206 сүйек бар. Адам салмағынан 16-18 % сүйек құрайды. Нәрестеде осы көрсеткіш 11-14% болады.
Қаңқа – тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді. 2. Сүйектердің құрылысы мен топтасуы.
Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.
Сүйектердің формасы
1. Ұзын не болмаса түтік тәріздес (аяқ, қол)
2. Жалпақ және жазық (жауырын, төс, қабырға)
3. Қысқа ( табан мен алақан)
4. Аралас ( омыртқа, төбе сүйектері)
3. Буындардың топтасуы.
Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сыртқы тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді. Буынның қозғалу түрлері буынның беттерінің формасына байланысты шар тәріздес, элипс, ерілік, цилиндр, блок және жазық болып келеді.
Шар тәрізді- көп өстті буындар (ұршық, иық буын)
Элипс тәріздес- білезік, алақан, үлкен саусақ
Цилиндр, блок тәріздес- шынтақ, саусақ, білезік буыны.
4.Тұлға қаңқасы
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады. Омыртқа жотасы – тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар. Омыртқаның құрылысы – әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады.
1-сурет Адам қаңқасы
1 – бассүйек (череп), 2 — омыртқа жотасы (позвоночный столб), 3 – бұғана (ключица), 4 – қабырға (ребро), 5 — төс (грудина), 6 – иық сүйегІ –тоқпан жілік( плечевая кость), 7 – білек сүйек; кәрі жілік (лучевая кость), 8 – шынтақ сүйек (локтевая кость), 9 – білезік сүйектері (кости запястья), 10 – қол сүйектері (пястные кости), 11 – қол саусақтарының бөліктері (фаланги пальцев кисти), 12 – мықын сүйегі (подвздошная кость), 13 – сегізкөз (крестец), 14 – шат сүйегі (лобковая кость), 15 – жамбас сүйек; шонданай сүйек (екі жамбас аралығындағы омыртқа сүйектері) (седалищная кость), 16 – сан жілік (бедренная кость), 17 – тізе сүйек (надколенник), 18 – ортан жілік (большеберцовая кость), 19 – жіліншік (малоберцовая кость), 20 – толарсақ (кости предплюсны), 21 – табан сүйектері (плюсневые кости), 22 – табан саусақтарының бөліктері (фаланги пальцев стопы)
Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады. Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды.
Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді. Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда – мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан.
Кеуде қуысының қанқасы – кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады.
Сонымен, омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасы мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақтан тұрады.
Мойын бөлігі- 7 омыртқадан тұрады.
Кеуде бөлігі-12 омыртқадан тұрады.
Бел- 5 омыртқадан тұрады.
Құйымшақ- 4 -5омыртқадан тұрады.
5. Қол сүйектері- иық және қолдан тұрады.
Оған жауырын, бұғана, иық сүйектері, екі ұзын тоқпан және кәрі жілік, білезік жатады.
Аяқ сүйектері- жамбас, аяқ жіліктерінен, табан сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі, жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, өкше сүйектен, табан және башпай сүйектен тұрады. Жамбас сүйегі 8-көзден бірігеді, алдыңғы жағынан өзара байланысады. Жамбас сүйегінің ойығына ортан жіліктің басы кіріп буынға бос орнатылады.
Бақылау сұрақтары:
Адам қанқасы неше сүйектен тұрады?
Кеуде қуысының сүйектерінің атаулары қандай?
Жоғарғы және төменгі аяқтамалар сүйектерінің атаулары қандай?
Буын түрлері қандай?
Адам денесінде қанша буын бар?
