Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Антроп 16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.12 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн» факультеті

Кафедра «Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы»

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

TK KAN 2202 «Қолданбалы антропология негіздері» пәні бойынша

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін

Кредит саны

2

Курс

2

Семестр

3

Дәрістер, сағат саны

15

Тәжірибелік(семинарлық),сағат саны

15

Зертханалық, сағат саны

-

Аудиториялық, сағат саны

30

СОӨЖ, сағат саны

15

СӨЖ, сағат саны

45

СӨЖ жалпы сағат саны

60

Жалпы еңбексиымдылығы

90

АБ саны

2

Экзамен, семестр

3

Алматы, 2016

Тақырып 1. Қолданбалы антропология мен биомеханиканың негізі пәнінің мазмұны мен мақсаты.

Сыртқы келбетімізді, сипатымызды, сәнді болуымызды киім арқылы көрсетіп, өзіміз туралы мақтаулы ақпарат беруге тырысамыз. Киім арқылы біз өзіміз жайлы нақтылы, мағыналы мәлімет бере аламыз. Осылайша айна бейнесі туады. Бүкіл қоғамды, әрбір адамды, олардың өзгерістерін, жағдайларын – киімнен көруге болады. Бүкіл, қандайда болмасын жолдардан өткен адам Homo primigenus (Ежелгі Адам), Homo faber (Шебер Адам), Homo sapiens (Ойшыл Адам), Homo consumens (Пайдаланушы Адам), Homo politicus (Қоғамды Адам), Homo urbanus (Білімді Адам) сияқты және де ол Киінген Адам болып саналатын.

Адам қандай жағдайда болса да оның бәрін бақылайтын киім.

Киім адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін модамен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді.

Қазіргі таңда тігін саласының алдында көптеген міндеттер қойылады. Әдепті тұрмыс қызметін көрсету, кейінгі сән бағытына сай сәнді киім шығару, тұтынушының талабынан шығу – негізгі міндеті болып табылады. Осы талаптың негізін салушы – антропология пәні.

Антропология пәні киім конструкциясымен тығыз байланыста. Жалпы антропология адам мен адам нәсілдерінің шығу тегін, оның дене құрылысының эволюциясын, адамның жасына қарай өзгеру нышандарын және заңдылықтарын зерттейді.

Жалпы анатомия - адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қатынасын зерттейтін ғылым. Адам анатомиясы мен физиологиясы медицинаның негізі деп есептеледі. Өйткені адамның дене мүшелерінің құрылысын, олардың әрекетін білмейінше, сау және ауру адамның денесінде болатын өзгерістерді түсіну мүмкін емес.

Морфология – адам ағзасының заңды жеке дара өзгерістерін, адамның жасының үлкен-кішілігіне қарағанда мөлшерін, дененің пропорциясын зерттейтін ғылым. Адам табиғатына қосымша мағлұматы антропология береді; яғни адам тегін бірте-бірте дамуының табиғи биологиясын зерттейді.

Осы пәнде оқылатын ұғымдар адам пішінінің, дене өлшемдерінің, киімнің арасындағы өзара байланысты анықтауға және антропометриялық нүктелерді, адам денесінің өлшем нышандарын дұрыс табуға мүмкіндік туғызады. Яғни бұл киім бұйымының негізгі конструкциясын есептеуге керекті сала.

Көпшілік өндірісте киім әр тұтынушыға жеке шығарылмайды, стандартты өлшемдегі типтік дене бітімнің белгілі өлшемдері шығаралады.

Осыған орай өлшемдердің стандартты жүйесін жасау ісі деген күрделі мәселе шешімін таппай, яғни типтік денебітіміне ең аз санының өзі тұрғындарды ең жоғарғы дәрежеде дайын киіммен қамтамасыз етеді. Өлшем стандартының мықты ғылыми негізін адам денесі мен формасы өлшемінің жан-жақты және жүйелі антропологиялық мәлеметтері ғана жасай алады.

Қазіргі заманда киімнің сапасын жақсарту үшін, сонымен қатар киім тұтынушының (жақсы қону үшін) денебітіміне сай келуіне өте көп назар аударылады. Сондықтан әрбір инженер – конструктор мен инженер – модельер киім тігілетін адам туралы толық мәлімет алуы тиіс. Бұл үшін адам денесінің анатомиялық құрылысы мен сыртқы пішінінің ерекшеліктерін, денебітім өлшемдерінің өзгеруін және стандарттаудың негіздерін (қағидаларын) жақсы білуі қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қолданбалы антропология және биомеханика негізі нені зерттейді?

  2. Анатомия дегеніміз не?

  3. Морфология дегеніміз не?

  4. Тігін өндірісінде әр тұтынушының өлшеміне қарай киім тігеме?

  5. Болашақ маманға киім тігу барысында қандай алғашқы мәлемет қажет?