- •Биологиялық ырғақтардың 3 түрін ажыратады:
- •Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға дәрілік заттың әсері
- •Дәрілік заттардың мөлшері
- •Дәрілік заттардың жанама әсері
- •Кесте 16. Жанама әсерлердің дз қабылдаған уақыт пен мөлшеріне байланысты жіктелуі
- •Егде адамдардағы дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы
- •Кесте 22. Егде жастағы адамдардағы фармакокинетиканың ерекшеліктері
- •Егде жастағы науқастарға дз тағайындаудың негізгі қағидалары:
- •Жүкті әйелдердегі дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы
- •Дәрілік заттардың ұрыққа әсері
- •Жүкті әйелдерге дз тағайындаудың негізгі қағидалары:
- •Қосымша:
Жоспар
Кіріспе
Физиологиялық қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды.
Негізгі бөлім
Хронофармакология туралы түсінік
Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға дәрілік заттың
әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік ырғаққа тәуелділігін хронофармакология зерттейді.
Хронофармакология – дәрілік заттардың еңгізілген уақытына байланысты фармокодинамика және фармококинетиканың көрсеткіштерінің өзгеруін зерттейді. Фармакологияның бір саласы. Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұксас екі термин- «хронестезия»-тәуліктің әрбір уакытында затқа сезімталдық және «хронокинетика»-тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипатының тәуелділігі ұсынылған.
Негізгі міңдеті:
Фармакологиялық әсердің биологиялық ырғаққа қатысты әр түрлі әсерлерін зерттеу.
Дәрілердің ағзалар қызметіне ырғақтық әсерін бағалау.
Негізгі мақсаты:
Фармакотерапияның әсерін күшейтіп, оның кері әсерлерін азайту.
Биологиялық ырғақтардың 3 түрін ажыратады:
Жоғары жиілікті ырғаққа – мсекундтан 30 минутқа дейінгі биологиялық ырғақты қамтиды.
Орта жиілікті ырғаққа – 30 минуттан 6 тәулік аралығын қамтиды.
Төменгі жиілікті ырғаққа апта, ай, жылдар аралығын қамтиды.
Десинфоноз деп – адам организм ырғағының дисбалансы.Бұл көбіне күн тәртібінің өзгеруі, алкоголь, тәуліктік жұмыс жоспары, бірнеше сағат белдеулерінен ұшып өткенде және т.б. пайда болады.
Симптомдары: ұйқының бұзылуы, бас ауру, масаздық және т.б.
Хронофармакологияның 4 әдісі бар:
Алдын алу әдісі – дәрілік затты еңгізгенде оның құрамы ағзада немесе қан плазмасында акрофаза деңгейіне жету үрдісі.
Білдірмей әсер ету әдісі- дәрілік затты батифаза кезінде еңгізу, дәрі мен ағзаның әсер ету дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Имитация әдісі бұл әдіс сау адамның биологиялық ырғағына байланысты қан және тін құрамдарының концентрациясының өзгерісіне байланысты.
Байланысу әдісі – біруақытта паталогиялық ырғақтарды тоқтады және дәрілер көмегімен ритмді қайта қалыптандырады.
Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға дәрілік заттың әсері
Биологиялық ырғақ немесе «циркадтық (тәулікке жуық) ырғақтар» (латын тілінен circa - жуык, dies - күн). Биологиялық процестердің 20-28 сағат аралығында циклдік ауытқуы туралы айтылады.Әсері максималды белсенділік кезінде байқалады, адамдарда -күндізгі уақытта, түңгі жануарларда - қараңғы уақытында. Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады.
Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай-ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым
Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің (энкефалиндер, эндорфиндер) өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған.
Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.
Тәуліктік ырғаққа байланысты заттың уыттылығы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы,жануарларға зерттеу жүргізгенде уытты мөлшерде фенобарбиталдың леталдық әсері тәуліктің әрбір уақытында 0-ден 100%-ке дейін ауытқиды.
Фармакокинетикалық параметрлер де тәуліктік ырғаққа тәуелді болады. Мысалы, адамдарда саңырауқұлақтарға қарсы гризеофульвин препаратының көбірек сіңуі шамамен күндіз сағат 12-де жүреді. Тәулік ішінде заттардың (мысалы, гексобарбиталдың) метаболизмінің қарқыны да өзгереді.Тәулік уақытына байланысты бүйрек қызметі және олардың фармакологиялық заттарды шығару қабілеті де айтарлықтай өзгереді.Адамдарда фенамин, әсіресе оның жоғарғы мөлшері таңертең ертемен бүйрек арқылы бөлінетіні көрсетілген ,бұл зәрдің рН-ның ауытқуына байланысты болуы керек. Литий препаратын ішке енгізгенде күндізгі уақытқа қарағанда түнде аз мөлшерде бөлінеді.
Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің келесі түрлері бар:
арнайы рецепторларға әсері;
ферменттер белсенділігіне әсері;
жасуша мембранасына физико-химиялық әсері;
тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері.
Дәрілік заттардың арнайы рецепторларға әсері
Жасуша рецепторлары – белгілі бір химиялық қосылыстарға таңдамалы сезімтал болып келетін, макромолекулярлы құрылымдар. ДЗ рецепторлармен әсерлесуі, жасушалар мен бүкіл ағзадағы физиологиялық өзгерістерге әкеліп, белгілі бір фармакологиялық эффект көрсетеді (кесте 1).
Кесте 1. Рецепторлар, олардың патогенетикалық маңызы және регуляторлар
Рецепторлар |
Патогенетикалық маңызы |
Рецепторлардың регуляторлары |
α1-адренорецепторлар |
Артериалды гипертензия (АГ) |
α1-адреноблокаторлар (доксазозин, празозин) |
Ұрық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы |
α1-адреноблокаторлар (альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин) |
|
β1-адренорецепторлар |
АГ, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі |
β1-адреноблокаторлар (атенолол, бетаксолол, бисопролол, метопролол) |
β2-адренорецепторлар |
Бронх демікпесі |
β2-адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол, формотерол) |
м1-холинорецепторлар |
Асқазан және 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы |
м1-холиноблокаторлар (пирензепин) |
Н1-гистамин рецепторлары |
Аллергия |
Н1-блокаторлар (астемизол, клемастин, лоратидин) |
Н2-гистамин рецепторлары |
Асқазан және 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы |
Н2-блокаторлар (ранитидин, фамотидин) |
I1-имидазолин рецепторлары |
АГ, метаболиттік синдром |
I1-имидазолин рецепторларының агонистері (моксонидин, рилменидин) |
АТ1-рецепторлар |
АГ |
АТ1-рецепторларының блокаторлары (лазортан, телмисартан, эпросартан) |
IIb/IIIa-тромбоциттердің рецепторлары |
Тромбтардың түзілуі |
IIb/IIIa-рецепторлардың блокаторлары (абциксимаб, тирофибан) |
Дәрілік заттарға ферменттердің әсері
Кейбір ДЗ жасуша ішіндегі және жасуша сыртындағы арнайы ферменттердің белсенділігін жоғарылатады немесе тежейді. Жасушаның қызметін қамтамасыз ететін жасушаның аденилатциклаза жүйесі өте маңызды болып табылады, өйткені, көптеген ДЗ әсері, жасушаішілік циклды аднозинмонофосфаттың (цАМФ) деңгейін реттейтін, фосфодиэстераза, аденилатциклаза сияқты ферменттердің белсенділігімен байланысты.
ДЗ ферменттермен әр түрлі дәрежеде, қайтымды, қайтымсыз түрде өзара әсерлесіп, фармакологиялық әсердің ұзақтығы мен қарқындылығы сипаттайды.
Дәрілік заттардың жасуша мембранасына физико-химиялық әсері
ДЗ жасуша мембранасына физико-химиялық әсері, иондардың мембрана арқылы тасмалдануы салдарынан, трансмембраналық электр потенциалдарының өзгеруіне негізделген. Оның жүйке және бұлшық ет жүйелерінің қызметінде маңызы бар, өйткені, синапстар арқылы жүйке импульстарының жүруі бұзылады, жасушалардың электрлік белсенділігі тежеледі. Мұндай әсер ету механизімі аритмияға қарсы ДЗ, жергілікті анестетиктерге, наркозға арналған ДЗ тән.
Дәрілік заттардың тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері
ДЗ жасуша ішіндегі молекулалармен немесе жасушаішілік құрылымдармен тікелей әсерлесіп, жасушаның тіршілігін жоюға әкеледі. Мұндай әсер ету механизімі антибиотиктерге, вирусқа қарсы ДЗ, цитостатиктерге тән.
Дәрілік заттардың таңдамалы әсері
ДЗ таңдамалы әсері препараттың әр түрлі мүшелер мен тіндерге таралып, жинақталып, селективті әсер етуі арқылы жүзеге асырылады.
Селективтілігі төмен ДЗ
Селективтілігі төмен дәрілік заттар көптеген мүшелер мен тіндерге әсер ете отырып, көптеген жанама әсерлерді тудырады. Әр препарат әсер ету спектріне қарамастан, әр түрлі жағымсыз реакциялар туындатады. Мысалы үшін, наркотикалық анальгетиктер тобына жататын морфин, ауырсынуды басып қана қоймай, тыныс алуды тежеп, седативті әсер көрсетеді. Ісікке қарсы дәрілік заттар тек ісік жасушаларына әсер етіп қоймай, сүйек тініне, ішек эпителиіне әсер етіп, ауыр жағымсыз реакциялардың туындауына себеп болады.
Селективтілігі жоғары ДЗ
ДЗ селективтілігі неғұрлым жоғары болса, жағымсыз әсерлері соғұрлым аз болады. ДЗ таңдамалылығы оның мөлшеріне байланысты. ДЗ мөлшерін жоғарылатқан сайын, оның таңдамалылық (селективтілік) қасиеті төмендей түседі.
