- •1 Тақырып. Ұйымның түсінігі мен мағынасы.
- •2 Тақырып. Ұйымның классикалық теориясы
- •3 Тақырып. Ұйымдық мәдениет
- •4 Тақырып. Дара мінез-құлық диагностикасы.
- •6 Тақырып. Топтық мінез-құлық
- •2. Топтардың даму кезеңдері
- •3.Топ жұмысының тиімділігінің жоғарылауы.
- •2. Екі жақты байланыстырушы үрдіс
- •7 Тақырып. Ұйымдағы жоғарғы байланыстың дамуы.
- •1. Байланыс үрдісінің мәні мен мағынасы.
- •3. Байланыстырушы кедергілер, бөгеттер
- •1. Байланыстың бағыттары.
- •8. Топтағы жанжалды анықтау.
3. Байланыстырушы кедергілер, бөгеттер
Қабылдаушы хабарды алып, оны расында да декодтау болса да оны түсіндірмесе белгілі бір кедергілер және бөгеттер қатарымен шектелінуі мүмкін. Кедергілердің 3 түрі бар:
Жеке даралық кедергілер – бұл адамдық эмоциясымен қалыптасып, бағалық жүйесімен және сұхбаттасушыны таңдай алмауымен қалыптасатын байланыстырушылық бөгеттер. Бұл бөгеттер жие байланыс қатысушыларының білімінің, жынысының әлеуметтік-экономикалық дәрежесінің айырмашылығының болуымен байланысты болады. Жеке даралық кедергілер әдетте жұмыста пайда болады: жалпы мысал ретінде жағымсыз вербальды қылықтарды айтуға болады. Сонымен бірге жеке даралық кедергілерге психологиялық дистанция да кіреді. Бұл адамдардың эмоционалдық сыйымсыз сезімі, яғни екі жақ арасындағы нақты физикалық алшақтықтың болуы.
Физикалық кедергілер – байланыстың материалдық ортасында қалыптасатын байланыстырушылық бөгеттер. Физикалық кедергілер – хабарды жібергендегі және адамдар арасындағы алшақтық қабырғалар немесе радиоақпарат кезіндегі қалыптасқан статистикалық бөгеттер, уақытша дыбысты басып тастайтын күтпеген алаң болатын шу. Әдетте байланыс қатысушылары бұл кедергілер туралы мәліметті біліп, осы кедергілерді жеңіп алуға тырысады. Мысалы: қабылдаушының сезімі мен тәртібіне әсер ету мақсатында жіберуші қоршаған ортаның жағдайын өзгертуге тырысады, бұл физикалық кедергілерді байланыстың позитивті факторлар қалпын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл экологияны басқару тәсілі.
Семантикалық кедергілер - семантика бұл мағына туралы ғылым байланыстың барлығы символдар (сөздер, сүрет және қимыл) арқылы жүзеге асырылады, символдар белгілі «картаның» территориясы ретінде қаралмайды, яғни қабылдаушы оларды декодтау және түсінуі қажет.
1. Байланыстың бағыттары.
Төмендейтін ұйымдар байланысы – ақпараттың жоғарғы деңгейдегі жетекшілердің төмендегілерге өтуі болып саналады. Менеджер байланысының жартысы бағынушыларға келеді, ал екінші жартысы – басшылар, әріптестер және сыртқы субъектілер арасында бөлінеді.
Ұйымның төменгі деңгейінде жұмыс істейтін адамдар коммуникативті қажеттіліктерді көп талап етеді. Менеджер нұсқауларының объективті талаптарына сай келетін ұйым қызметкерлерінің жұмысты орындауы туралы бойынша нұсқау коммуникативті қажеттіліктердің бірі болып саналады. Коммуникативті қажеттілігінің жұмыс мақсатына байланысты өзгеруі қажетті жағдайда оқыту деген атқа ие болды. Жаңа ақпаратты қажет ететін жұмысшылар оқытылуына ыңгайлы моделдерде сақталатын ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
Қызмет нәтижесінің кері байланысы істелінген жұмыстары үшін менеджмент тарапынан жауапты реакция қажет етеді. Бұл тұрақты кері байланыс арқылы жұмысшылар таңдаған бағыттың дұрыстығын бағалап, қойған мақсатқа жету жолдарын байқап отырады. Бұл олардың қызмет нәтижелерінің басқа адамдар үшін қаншалықты қызықты екенін көрсетеді. Кері байланыстың жағымды көрсеткіштеріне жеткен жағдайда қызметкерлердің өз бағалауы көтеріліп, өзінің компоненті екенін сезеді. Жалпы жағдайда кері байланыс қызмет нәтижесінің еңбек өнімділігінің жоғарлауына және менеджерлер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына әкеледі.
Жаңалықтар. Төменге хабарланатын ақпараттар оперативті сипатта болуы қажет. Тарихи қалыптасқан жағдай: жұмыс берушілер ақпаратты хабарлама-хаттар, ақпараттық стендідегі хабарландыру және еңбек ақы конверттері, арқылы жариялаған. Кәзіргі кездегі коммуникативті әдістер жергілікті теледидар, күнделікті телефонға жазылатын мәліметтер және электронды пошта жүйесі болып саналады.
Әлеуметтік көмек. Ұйым қызметкерлерінің коммуникативті қажеттіліктердің бірі болып әлеуметтік көмек саналады. Яғни жеке тұлғаның қамқорлықты, басқалардың сыйластығын, олардың жоғары бағалануын сезіну. Жеке дара байланыстарда менеджердің қызметкерге деген жылу сезімінің, сенімінің болуы әдетте қызметкердің психологиялық және физикалық жағдайына, олардың еңбекпен қызмет нәтижесіне деген қанағаттану дәрежесіне әсер етеді.
Көтерілу байланысы. Көтерілу байланысының құрылымы күрделі ірі ұйымдарда жүзеге асырылуы спецификалық қиыншылықтарды женуімен байланысты.
Бірінші – кешіктіру, яғни ақпараттардың ұйымның жоғарғы деңгейіне баяу жеткізілуі, менеджерлер мәселенің қарастырылуын тездетпейді, себебі жетекшілердің жағымсыз реакциясынан кауіптенеді.
Екінші фактор – фильтрация. Фильтрация – жұмысшылардың барлықтарының бейімділігі жетекшілерге тек қана басшы қалайтын ақпаратты жеткізу, яғни цензураның анықталған түрі.
Кейде фильтрациядан құтылу үшін қызметкерлер жетекшілерге тұра шығады. Яғни коммуникативті иерархияның бір немесе бірнеше қадамдарынан өтпей-ақ басшыға жету.
Көтерілу коммуникацияда жеке мақсатты көзделуі мүмкін болу үшін ақпараттың бұрмалануы немесе саналы түрде өзгертілуі мүмкін
Тік (қиылысатын) байланыс ұйымының басшылық ету тізбегін өзара байланыстырып, оның әр түрді бөлімдер мен бөлімшелердің әрекеттестіктерді үйлестіреді. Ал компания қызметкерлері формальді тізбектер инстанциясынан гөрі вертикальді байланыстың бір деңгейдегі формальді емес қарвм-қатынасты таңдайды.
Сеть (желі) – бұл дамитын, әдетте өзара бір мәселе қызығұшылығын көздейтін формальды емес ақпарат айырысуын қолдайтын адамдар тобы. Желілер компания ішінде де, сыртында да болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда олар сыртқы ынта негізінде қалыптасады.
Горизонтальды байланысқа себепкер болатын құрал қызметкерлер арасында қалыптасатын еңбек таластарын шешетін бір адамды жауапты етіп қою. Оның міндеттері тілек-талаптермен, шағымдармен, қызметкерлер талаптарымен жұмыс істеу болып табылады. әдетте бұндай байланыстар конфеденциалды сипатта болады. өкілетті адам істі тексеріп, жағдайдың өзгертілуі үшін қажетті шараларды қолданады және келешекте ұқсас қателіктердің болмауын қадағалайды.
