Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар ОргПоведенКАЗ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.64 Кб
Скачать

2. Топтардың даму кезеңдері

Әрбір топ өзінің даму барысында белгілі бір кезеңдерден өтеді. Олар өз алдына топтардың 5 сатылы даму моделін құрады:

  1. құрылымның бастапқы кезеңі

  2. топ ішілік жанжал

  3. топ мүшелерінің бірлігін қамтамасыздандыру

  4. жоғары жұмыс істеу қабілеттілігі және өнімділік кезеңі

  5. соңғы кезең (уақытша топтар үшін)

1.Құрылымның бастапқы кезеңі. Бұл кезең топтың құрылымына және оның мақсаттарына байланысты белгісіздікпен сипатталады. Топ мүшелері өздерін сол топтың бөлігі екендігін нақты түсінгенде бұл кезең аяқталады.

2.Топ ішілік жанжал. Екінші даму кезеңі әдетте топішілік жанжалдың дамуымен сипатталады. Бұл кезеңде топ мүшелерінің арасында лидерлік үшін және рольдердің бөлінуі үшін таласөтартыс жүреді. Осы кезең аяқталғаннан кейін топтағы лидердің кім екендігі анықталады.

3.Топ мүшелерінің бірлігін қамтамасыздандыру. Бұл кезеңде топ мүшелерінің арасындағы қарым –қатынас жақынырақ және ынтымақты бола бастайды. Топта бір уақытта биресми нормаларға байланысты мінезөқұлық және рольдердің бөлінуі анықталады.

4.Жоғары жұмыс істеу қабілеттілігі және өнімділік кезеңі. Бұл кезеңде топ толығымен функционалды болады.Топ мүшелерінің энергиясы билік үшін күреске емес, тиімді жұмыспен қамтамасыздандыруға және жоғарғы нәтижелерге жетуге бағытталады.

5.Соңғы кезең. Уақытша топтар үшін міндеттердің орындалуы олардың өмір сүруінің соңғы кезеңі болып табылады. Жұмыстың аяқталуы жақындаған сайын топ мүшелері сол топтың өмір сүруі тоқталатындығын ойлай бастайды. Сондайөақ топ мүшелері басқа ұжымдағы өздерінің жұмысының жаңа перспктиваларын ойлай бастайды. Бұл кезеңдегі топтың жұмыс өнімділігінің төмендеуі байқалады.

 

3.Топ жұмысының тиімділігінің жоғарылауы.

Топ ұйымның бір бөлігі болғандықтан келесі жағдайлармен анықталады:

-          ұйымның даму стратегиясымен

-          ұйымдық құрылымымен

-          ұйымдағы ресми белгіленген нормалармен және ережелермен

-          ұйымның қарамағындағы ресурстардың бар болуымен

-          қабылданған қызметкер таңдау жүйесімен

-          ұйымдағы жұмыскерлерді бағалау және оларды марапаттау жүйесімен

-          үйымдық мәдениетпен.

Ұйымның даму стратегиясы  оның мақсаттары және оларға жету құралдарымен анықталады. Оның ішінде өнім өндіруге кеткен шығындардың қысқаруы, өнім сапасының жақсаруы немесе өндірістің қайта ұйымдасуы және қысқаруы сияқты жағдайлар болуы мүмкін. Әрине ұйымның даму стратегиясы өзінің құрамына кіретін әрбір нақты топтың функционалдану стратегиясын анықтайды.

Әрбір ұйымда өзінің ұйымдық құрылымы болады. Ол кім және қандай деңгейде шешім қабылдайтындығын, кім кімге олардың орындалу барысын баяндайтынын анықтайды. Одан басқа алға қойған міндеттердің орындалуына жеке және ұжымдық жауапкершілік белгіленеді. Ұйымдық құрылыммен әдетте ұйымдық иерархиядағы бөлімнің нақты орны, ресми лидер және оның басқа құрылымдық бірліктерімен қарым-қатынасы анықталады.

Ұйымда белгіленген ресми нормалар мен ережелердің неғұрлым көп болуы, соғұрлым мүшелерінің мінез-құлқы осы нормалармен анықталатындығын көрсетеді.

Ұйымның қарамағындағы ресурстар: олардың жеткіліктігі немесе шектеулілігі ұйымның және оның бөлімшелерінің жұмысының спецификасына кәдімгідей әсер етеді.

Ұйымдағы қабылданған қызметкерлерді таңдау жүйесі. Ұйымның барлық құрамына және әр топқа жеке әсер етеді. Топ жұмысының тиімділігін анықтайтын келесі фактор, бұл – ұйымдағы жұмыскерлерді бағалау және оларды марапаттау жүйесі. Ұжымдық жұмысқа ерекше мағына білдіретін ұйымдар бұл факторды қызметкерлерді таңдауда қолданады.

Топтағы адамдардың мінез-құлқы көбіне жазылмаған нормалар мен ережелермен,яғни ұйымдық мәдениетпен анықталады. Әрбір топ жалпы ұйымдық мәдениеттегі субмәдениет болып табылады және оның заңдарымен басқарылады. Сонымен қатар ол субмәдениеттің негізінде өзінің жеке нормалары мен ережелерін жасауы мүмкін.

Топ мүшелерінің мүмкіншілігі және оларды сипаттамалары:

1)      қабілеттілігі

2)      жекелік қасиеттері

Топтың жетістіктері оның мүшелерінің қабілеттілігімен анықталады. Ұжым жұмысының мүмкіншілігін оның әр мүшесінің мүмкіншіліктерінің жай сомасы ретінде қарастыруға болмайды. Сонымен қатар топ жұмысының тиімділігі оның әр мүшесі не істей алатындығына және қаншалықты табысты жұмыс істеуіне байланысты болады.

Топ мүшелерінің жекелік қасиеттері болашақтағы жетістіктерді жорамалдауға мүмкіндік береді. Коммуникабелділік, тәуелсіздік сияқты топ мүшелерінің қасиеттері топ қызметіндегі жоғары жетістіктерге алып келеді. Ал билікке, ұжымдағы үстемдікке ұмтылу және топтың жеке мүшелерінің өз пайдасы мен жетістігін ойлауы басқалардың жұмысын шектеп, барлық ұжым жұмысының нәтижелеріне негативті (жағымсыз) әсер етеді.

 

 

ТОПТЫҚ ҮРДІС

Топтық үрдістің тиімділігін келесі түрде көрсетуге болады:

Топ жұмысының      ұжымдық             жұмыстың             топ жұмысының

потенциалды        +   жұмыстың      –    ұтылыстары,   =          тиімділігі

тиімділігі                   артықшылығы     кемшіліктері

 

Топтың алдындағы тұрған міндеттер

Топ жұмысының спецификасын және топтық үрдістің ұйымдасуын анықтайтын негізгі фактор осы топтың шешетін спецификалық міндеттері болып табылады. Сондай-ақ  осы міндеттердің байланысы және күрделілігі сияқты сипаттамалар ерекше орын алады.

Топтың бірлігі және оның жұмысының тиімділігі.

Топтың бірлігі деген ұғым осы топ мүшелерінің бірлік жұмысы оларда қаншалықты қанағаттандыратынын және болашақтағы бірігіп жұмыс істеу перспктиваларын білдіреді.

Топтың бірлігін анықтайтын факторлар:

а) бірге өткізілген уақыт

б) топқа ену қиыншылықтары

в) топ мөлшері

г) оның құрамы

д) сыртқы жағдайлар

е) алдыңғы жетістіктер немесе кемшіліктер