- •1 Тақырып. Ұйымның түсінігі мен мағынасы.
- •2 Тақырып. Ұйымның классикалық теориясы
- •3 Тақырып. Ұйымдық мәдениет
- •4 Тақырып. Дара мінез-құлық диагностикасы.
- •6 Тақырып. Топтық мінез-құлық
- •2. Топтардың даму кезеңдері
- •3.Топ жұмысының тиімділігінің жоғарылауы.
- •7 Тақырып. Ұйымдағы жоғарғы байланыстың дамуы.
- •1. Байланыс үрдісінің мәні мен мағынасы.
- •2. Екі жақты байланыстырушы үрдіс
- •3. Байланыстырушы кедергілер, бөгеттер
- •1. Байланыстың бағыттары.
- •8. Топтағы жанжалды анықтау.
6 Тақырып. Топтық мінез-құлық
1 Топтардың құрылуы және олардың құрылымы.
Топ дегеніміз – белгілі бір мақсатқа жету үшін біріккен екі немесе одан да көп адамдар одағы. Топтар ресми және биресми болып екіге бөлінеді.
Ресми топтар – бұл ұйым құрылымында нақты міндеттердің орындалуын алдын ала қарастыратын топтар. Ресми топтардың арасында үнемі функционалды негіздегі топтарды ажыратуға болады. Мысалы, менеджер және оған бағынатындар. Сондай-ақ белгілі бір міндеттердің орындалу уақытына байланысты құрылған уақытша топтар да кездеседі. Бұған мысал ретінде ұжымдық баяндама дайындауға уақытша біріккен студенттер тобын жатқызуға болады.
Биресми топтар әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру негізінде және адамдардың араласуы негізінде құрылады. Мысалы, бір оқу орнын бітірген қызметкерлер тобы, демалысты бірге өткізу үшін біріккен әріптестер тобы және т.б. Мұндай ұйымдасқан топтарды бағаламауға болмайды, себебі олар ұйымдағы адамдардың мінез-құлқына әжептеуір әсер етеді және тиімді жұмыс істеудің бірден бір себебі болып табылады.
Топ құрылымы келесідей компоненттерден тұрады:
А) ресми лидерлік
Б) рольдер
В) нормалар
Г) статус
Д) көлемі
Е) құрамы
Ресми лидерлік Қандай да болмасын топтың ресми лидері болады. Топтың әдеттегі ресми лидерлері: бөлімшенің бастығы, жобаның жетекшісі және т.б.Топ жұмысындағы жетістіктерге жетуге лидердің белгіленуі үлкен мағына білдіреді. Лидерлер көп жағдайда ұжымдағы моральдік климат, қарым-қатынасты және оның тиімді жұмыс атқаруын анықтайды.
Рольдер. Әрбір топ мүшесіне әдетте белгілі бір рольдер бекітіледі, яғни топтағы алып отырған орнына сәйкес мінезөқұлық моделі таңдалады. Егер әр адам үнемі бір рольді ойнайтын болғанда ешқандай проблема болмайтын еді. Бірақ шындықта бұл әлдеқайда күрделірек. Себебі әрқайсысымыз бір емес бірнеше ролдерді ойнауымызға мәжбүрміз.
Нормалар. Тиімді еңбек ету үшін барлық топтар белілі бір мінезөқұлық нормаларын әзірлейді, яғни барлық топ мүшелері орындауға тиіс топ ішіндегі қабылданған мінезөқұлық үлгілері. Шартты түрде нормалардың үш жиынтығы бөлінеді:
- нормалардың 1 жиынтығы жұмыстың орындалуына және сапасына тікелей қатысты болады;
- нормалардың 2 жиынтығы киім түрі, мерзімнен тыс жұмыс атқару сияқты сыртқы факторларға қатысты
- 3 жиынтығын топ ішіндегі ресурстардың бөлінуін регламенттейтін нормалар құрайды.
Статус. Статусты белгілі бір топ мүшесіне басқа топ мүшелері ранг немесе лауазым белгілеу арқылы бекітеді. Статуста ресми (мысалы, «өз кәсібі бойынша ең үздік» сайысының жүлдегері) және биресми (біліміне,атқарған қызметіне сәйкес сыйлау) болып бөлінеді.
Топ көлемі. Топ жұмысының тиімділігін басқа да факторлар мен қатар топтың көлемі анықтайды. Нәтижелер көрсеткендей нақты міндетті орындау барысында кіші топтар (7 адам) өнімдірек болып келеді, ал ұжымдық шешім қабылдау және мәселені талқылау кезінде 12 адам немесе одан да көп адамнан тұратын топтар жақсы нәтиже берген.
Топтың құрамы. Топтағы орындалатын жұмыс белгілі бір білімді, біліктілікті және жекелік қасиеттерді талап етеді. Осыған байланысты құрамы әр түрлі топтар (жынысы,жасы,ұйымдағы жұмыс стажы бойынша) бір түрлі топтарға қарағанда тиімдірек жұмыс істейтіні анықталған.
