Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сюжетті-рөльдік ойындар 2010 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету, құрбы-құрдастарымен өзінің жеке ойын бөлісу, келісе білу біліктерін қалыптастыру. Қазақтың салт-дәстүрі мен өмірі бойынша балалардың білімдерін кеңінен қолдану. Билингвалдық компоненттер негізінде диалогтік тілдік қатынасын дамыту.

Жағдайят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Супермаркетке

келу.

Қажетті тауарларды сатып алу.

Менеджерлерден кеңес алу. Тауарды орау, сатып алынған заттар үшін төлеу;

Директормен даулы жағдайды шешу.

Жайлауға тауармен шығу. (қазақтың қол өнер заттарын және азық түліктер, орыстың, қазақтың асханасынан) Малшылар өздеріне ұнаған заттардың барлығын сатып алады. Қазақ және орыс тілдерінде тілдеседі (екі тілдің элементтері)

Малшылар бірге жиналып бесбармақ жейді және шай ішеді.

Касса, азық-түліктер жинағы;

менеджерлер, сатушылар, кассирлердің арнайы киімдері; сувенирлер; чектер, сөмкелер, әмияндар, ақшалар; ұсақ ойыншықтар жинағы; журналдар, газеттер; киім, аяқ-киім, бас киім; тіркеудегі кітаптар, бағалар, бөлім атауларының сілтемесі.

Телефондар, рациялар, микрофондар; орау, азық-түлікке арналған арбалар

Қазақтың тұрмыстық заттары: дастархан, кесе, шыныаяқ, шайнек, ұлттық киімдер, қазақтың және орыстың асханасынан азық-түліктер

Дүкеннің директорының рөлін ойнау: дүкенге тауар жинайды (азық-түлік және өнеркәсіптік).

Дүкендердің жайлауға тасымалдауын ұйымдастыру. Қажетті тауарлады іріктеп қояды, тауарды артқанда жұмысшыларға тауардың сақталуы жөнінде ескертеді.

Жүргізуші көлік жүргізеді, тауаршыдан тауар алады, түсірілген жүкті артады. Тапсырыс берілген тауарды алады, меңгеруші оны жөнелпе құжатқа жазады.

Сатушылар тауар алып, сөрелерге көрмеге жайып, сатып алушыларға қызмет жасайды. (ақшаларды алып, қайтарып, тауарға чек береді).

Менеджер ұсынылған тауардың сапасы жөнінде айтып, оларды сатып алуға кеңес беріп жарнамалайды. Әр бөлімнің сатушыларына тауарға телефонмен тапсырыс беріп, жөнелпе құжат алуға көмектеседі, еңбекақы алады. Сатып алушылар өзіне қажетті тауарларды сатып алады, сатып алынған заттарды сөмкеге салып қояды.

«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастырылған жұмыс:

Көркем шығарма оқу

- Я. Тайц «Мереке»;

- Т. Мұратова «Наурыз мерекесі»;

- З. Александрова «Мамыр мерекесі»;

- Н. Жанаева Туған ауыл».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- «ауыл» макетін әзірлеу;

- мереке туралы суреттерді іріктеу.

Балалармен әңгімелесу

- «Наурыз қандай мереке?», «Неге оны тойлайды?», «Мерекеге кім келеді?»;

- «Той», мереке туралы айту. «Неге тойлайды?», «Калай тойлайды?», «Қандай сыяпат көрсетеді?», «Не киеді?»;

- «Той бастар» бейнеролик бойынша әңгіме.

- А. Ғалымбаеваның «Тәтті шәй», «Дастархан», Ә. Кастеевтің «Киіз үйді өрнектеу» суреттерін қарау.

Дидактикалық ойындар

- «Кім не істейді?», «Отбасы», «Үй», «Ателье»;

- «Тобыл» өзеніне саяхат;

- «Қостанайға саяхат».

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті

- тіл дамыту - «Наурыз» мерекесі туралы әңгіме құрау;

- сурет «Мерекеге безендірілген үй»;

- тұзды қамырдан мүсіндеу «Казақтың ұлттық зергерлері»;

- айналамен таныстыру «Қазақстан картасына саяхат».

Ата-аналармен жұмыс

- «Наурыз мерекесін дәстүр бойынша тойлау» ата-аналарға кеңес ;

- отбасылық газет дайындау «Наурыз мерекесі біздің отбасымызда».