- •Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
- •Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
- •«Банк» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Банк» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Ұшқыштар» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Ұшқыштар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы
- •«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сауленің тойы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық қартасы
- •«Экологтар. Бағбан» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Құрылысшылар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-ролді ойыны
- •«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Телевизия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Телевизия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жүргізушілер. Гараж. Жол полициясы» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Жүргізушілер. Гараж. Жол полициясы» сюжетті рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Ателье. Сән үйі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Мектеп» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Мектеп» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Цирк» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Цирк» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Театр» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Театр» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Зерттеушілер» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Пошта» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Пошта» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Редакция» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Редакция» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Билайн» Корпорациясы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Зообақ» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Зообақ» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Кітапхана» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Кітапхана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжеті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
- •«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Олимпиада» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Олимпиада» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Мұражай» сюжетті-рөлді ойыны
- •«Мұражай» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •«Шаштараз» сюжетті-рөлдік ойыны
- •«Шаштараз» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы
- •Әдебиет
«Банк» сюжетті-рөлдік ойыны
Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Л. Кларина «Гном-экономның және перизат Экономиканың сабақтары»;
- Лада И. «Жаңа үй»;
- Бомент А. «Біз тұратын үй»;
- Габе Д. «Жұмыс»;
- Липсиц И. «Экономика еліндегі ғажайып оқиғалар»;
- Корчак Я. «Кішкентай бизнесмен»;
- Кнышов Л. «Сәбилерге арналған экономика немесе Миша қалай бизнесмен болды», «Экономикстің және достарының ертегілік саяхаты».
Өнімді іс-әрекет түрлері
- банкнот және банк карточкаларын әзірлеу;
- өз тобының ақшаларының суретін салу.
Балалармен әңгімелесу
- «Баға, кредит, ипотека деген не?»;
- «Сатып алудың перспективасы».
Дидактикалық ойындар
- «Сатып ал»;
- «Бір тауардың базары»;
- «Экономикалық сөздердің тізбегі».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- «Тиынның» суретін салу;
- айналамен таныстыру «Ақша. Ақша қандай болады? Адамдарға ақша не үшін қажет?»
«Дүкенге» саяхат.
Ата-аналармен жұмыс
- балалар мен ата-аналардың банкке саяхаты.
«Банк» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
Мақсаты: Рөлді таңдап, рөлге сәйкес әрекет ету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру. Ойында әлеуметтік ақиқат оқиғаларын көрсету, балалардың бақылаудың, саяхаттың және ересектер мен қарым-қатынастарының барысында көргендерін ойында ауыстыру. Қоғамдық жерлерде жүріс-тұрыстарын бекіту, сөз сөйлеу этикет дағдыларын қалыптастыру.
Жағдаят |
Атрибуттар |
Тәрбиешінің әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Банкке бару қажет қызметтерді таңдау. Кассаның, валюта айырбастау пункттің қызметі. Құжаттарды рәсімдеу, коммуналдық төлемдерді қабылдау. Пластикалық карточкалармен жұмыс. Банк директорынан кеңес алу. Кредит рәсімдеу. Инкассаторлардың келуі.
|
Бланктер; касса, жинақ кітапшасы, компьютер, пластикалық карточкалар, әр түрлі елдердегі ақша, пластикалық карточкалармен жұмыс істеу үшін аппарат. |
Директор рөлінде банк қызметін ұйымдастырады, кадрларды тағайындайды, персоналды бақылап отырады, жұмысты дұрыс атқару үшін бағыт береді; Келген адамдарға кеңес береді, шиеленістерді жояды, қажетті жабдықтарға тапсырыс береді.
|
Келушілер: қажет қызметтерді таңдайды, банк директорынан кеңес алады; карта бойынша немесе қолда бар ақшамен төлем жасайды, валюта айырбастайды, кредит рәсімдейді. Кассир: клиенттің жинақ кітапшасын алып, оған беру керек ақшасын санайды, ақшаны береді, инкассаторлардан ақша қабылдайды. Менеджер: дүкендегі тауарларды сатып алу үшін банктен ақшаны қарызға алуды ұсынады. Оператор: дүкендегі тауарларды сатып алуға, туристтік саяхаттарға кредит рәсімдейді. Инкассаторлар: дүкеннен, шаштараздан және т.с.с., ақшаны алады, санайды, банкке әкеледі. |
«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлдік ойыны
Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- «Фосфорлық аулау» Н.Рыжих кітабынан үзінді;
- Н. Сахарнов «Екі радист»;
- Б. Житков «Теңіздегі өрт»;
- С. Сахарнов «Ең жақсы пароход»;
- З. Петров «Капитандар»;
М. Садовский «Бәріміз - теңізшілерміз».
Өнімді іс-әрекеттер түрлері
- теңізшілер туралы альбом әзірлеу;
- әр түрлі балықтардың суреттерін салу;
- кеме құрылысы.
Балалармен әңгімелесу
- теңізшілердің қызметі туралы әңгімелейтін иллюстрациялар бойынша;
- теңізшілер болып қалай ойнау керек, қай заттарды өздері әзірлей алатынын, қандай рөлдер ұнайды.
Дидактикалық ойындар
- «Жұмыс істеу үшін не қажет екенін?»;
- «Лабиринт».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Тіл дамыту «Сурет бойынша әңгіме құру»;
- Құрастыру «Біздің кеме»;
- Сурет салу «Теңіздегі кеме».
Ата-аналармен жұмыс
- балалармен бірге теңізшілер туралы иллюстрациялар жинау;
- теңізшілердің қызметі туралы әңгімелеп беру;
- телехабар көру.
